Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет41/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65

 
92 
ең  әсерлі  және  нәтижелі  әдістеріне  жатады[128].  Оны  физика  ғылымындағы 
эксперименттік  зерттеу  тәсілдерінің  бейнесі  және  тікелей  «кӛшірмесі»  деп 
түсіну керек.  
Оптика  пәнін  оқытудың  мақсаттарын  орындайтындай  лабораториялық 
эксперименттің мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар [129]: 
-  демонстрациялық  тәжірибені  кӛрсеткенде  студенттер  тек  қана  пассивті 
түрде  бақылаушы  роль  атқаратын  болса,  зертханалық  экспериментке  олардың 
ӛздері  белсене  қатынасады,  физикалық  құбылыстарды  ӛздері  қолымен  істеп 
кӛріп,  ӛлшеулер  жүргізеді,  физикалық  шамалар  мен  тұрақтыларды 
тағайындайды. 
-  лабораториялық  жұмыстарды  орындағанда  студенттер  физикалық 
приборлармен,  аспаптармен  жұмыс  істеуге  үйреніп,  политехникалық 
ебдейліктері  мен    дағдыларын  дамытады,  практикалық  маңызын  түсініп, 
олардың  табиғат  құбылыстарын  біліп-тануға  қажетті  құрал  екендігіне  кӛз 
жеткізеді. 
-  лабораториялық  эксперимент  жасау  үстінде  студенттер  бізді  қоршаған  
табиғат  құбылыстары  туралы  ӛзінше    қорытынды  жасауға    үйренеді,  физика 
заңдарының  практикалық маңызына  түсінеді, физика ғылымының техникамен 
және  ӛмірмен    байланыстылығына  сенетін  болады  (найзағайдың  табиғаты,  
электр  станциясы  -  ұғымдары).  Бұл  физиканы  оқытудағы  формализмді  жоюға 
жәрдемдеседі. 
-  зертханалық  сабақтарда  студенттер  ғылыми-зерттеу  жұмыстарды 
жүргізуге  дағдыланады,  физика  ғылымының  танымдық  күшіне  сеніп,  оқуға 
деген олардың ынта-жігері артады. 
Болашақ 
физика 
мұғалімдерінің 
креативтілігін 
қалыптастыруда 
лабораториялық  сабақтардың  ерекшелігін  талдай  келе  біз  оның  тиімділігін 
ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  қолдану  арқылы  арттырдық. 
Оптика  пәні  бойынша  лабораториялық  жұмыстарды  орындауда  «Открытая 
физика 1.1» оқу бағдарламасы қолданылды.    
Педагогикалық  практиканың  мақсаты:  болашақ  физика  мұғалімін 
кәсіби қалыптастыру, креативтілігін қалыптастыру. 
Педагогикалық  практика  болашақ  педагогтің  кәсіби  қалшыптасуы 
траекториясындағы аса маңызды кезең екенін айқындай отырып, оның жоғары 
деңгейде ӛткізілуі аса маңызды  жұмыс екенін баса кӛрсету ӛмір талабы[22]. 
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:  
-  оқытудың  түрлі  әдістері  мен  тәсілдерін  пайдалана  білуге,  сабақтың 
жоғары нәтижелілігіне жету үшін оларды тиімді үйлестіре білуге үйрету;  
-    теориялық  білімдерді  ӛмірмен  байланыстырудың  жолдарын  зерттеп 
білу; 
-  пәнаралық байланысты тағайындау және пайдалану; 
-  креативтілігін  қалыптастыру. 
Болашақ  физика  мұғалімдеріне  педагогикалық  практика  2  курстан  бастап 
жүргізіледі.  Әр  бір  студент  ӛз  бетінше  практика  жетекшісінің  бақылауымен 
оқушылар  алдында  физика  курсының  қайсыбір  тақырыбын    немесе 
тақырыпшасын  талдайды,  АКТ-ны  қолдану  арқылы  түсіндіреді,  ӛз     


 
93 
сыныбында  физикадан  сыныптан  тыс  жұмысты    және  сынып  жетекшісінің 
жұмысын 
жүргізеді. 
Бұл 
жұмыстар 
студенттердің 
креативтілінің 
қалыптасуында ерекше мәнге ие. 
Студенттің  ӛзіндік  жҧмысының  (СӚЖ)  мақсаты:  Аудиториялық 
сабақтарда  алған  болашақ  физика  мұғалімдерінің  оптика  пәні  бойынша 
білімдерін  қорытындылау,  тереңдету,  кеңейту,  жаңа  оқу  материалдарымен  ӛз 
бетінше жұмыс істеуді меңгеру, кәсіби қабілеттіліктерін қалыптастыру, ӛзіндік 
ойлау қабілетін арттыру, креативтілігін қалыптастыру.  
Студенттің  оқытушымен  ӛзіндік  (СОӚЖ)  жұмысының  мақсаты: 
Аудиториялық  сабақтарда  алған  болашақ  физика  мұғалімдерінің  оптика  пәні 
бойынша  білімдерін  қорытындылау,  тереңдету,  кеңейту,  жаңа  оқу 
материалдарымен  ӛз  бетінше  жұмыс  істеуді  меңгеру,  кәсіби  қабілеттіліктерін 
қалыптастыру, ӛзіндік ойлау қабілетін арттыру, креативтілігін қалыптастыруға 
бағытталған жұмыстар оқытушының бақылауымен жүргізу. 
Конференция – білімді жетілдіру, қорытындылау, кеңейтуге бағытталған 
оқыту  формасы.  Оқытудың  бұл  ұйымдастырушылық  формасы  –  студенттің 
оқытушы  бақылауымен  ӛзіндік  жұмыс  істеу  қабілеттіліктерін  арттыруға 
мүмкіндік береді. Конференццияға дайындалу оптика пәні бойынша белгілі бір 
тақырыпты  анықтаумен  басталады.  Конференция  тақырыбына  байланысты 
сұрақтар  талқыланады,  сол  арқылы  таңдап  алынған  тақырыпты  толығымен 
ашады.    
Қҧралдары:  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар,  авторлық 
электрондық  оқулықтар,  авторлық  оқу  құралдары  мен  оқу-әдістемелік 
нұсқаулықтар,  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар,  проблемалық 
сипаттағы сұрақтар, оптикалық проблемалық эксперименттер, т.б   
Бақылау тәсілдері:  ағымдық, блок, емтихан, ӛзіндік жұмыстарды қорғау, 
ӛзіндік бақылау, деңгейлік тапсырмалар, креативтілікті қалыптастыру бойынша 
нәтижелерін арнайы тесттермен талқылау. 
Ағымдық  бақылаулар  оптика  пәні  бойынша  авторлық  «Оптика  пәні 
бойынша  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар»  атты  оқу-әдістемелік 
құралдағы  тапсырмалар  бойынша  бақыланып  отырды.  Бұл  оқу-әдістемелік 
құралдағы тапсырмалардың түрлері: Крассворд, 3 сатылы тест, қателерді табу, 
деңгейлік бақылау сұрақтары, деңгейлік есептер, проблемалық сұрақтар т.б. 
Блоктар мен емтиханды арнайы компьютерлік бағдарламамен «QuizMaker»  
жасалынған  әр  түрлі  сипаттағы  тесттер,  қолданылды.  Оқу  жетістіктерін 
критериалды  бағалау  әдісін  қолдандық.  Бұл  әдіс  алты  сатыдан  тұратын  Блум 
таксаномиясы деп аталады: білу, түсіну, қолдану, талдау, біріктіру, бағалау. Бұл 
сатыларға тән негізгі когнетивтік сұрақтар мыналар:  
- Білу: анықта, қайтала, белгіле, түгенде, еске түсір, есте сақта.   
- Түсіну: аудар, қайта тұжырымда, қайта таны, түсіндір, түйінде. 
- Қолдану: қолдан, пайдалан, кӛрсетіп бер, тәжірибе жаса, бӛлекте. 
- Талдау: қорыт, талда, бағала, есепте, сына, пікір айт. 
- Біріктіру: құрастыр, жоспарла, ұсыныс жаса, орнына қой, құрамда. 
- Бағалау: талқыла, салмақта, рейтинг жүргіз, салыстыр. 
Аталған Блум таксаномиясына біз Дамыту деген сатына қостық.  


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау