Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы « __» ________ № ___
бұйрығымен бекітілген
Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына, жұмыс істеп отырған авиациялық медициналық сарапшыларға, авиациялық медициналық сарапшы лауазымына үміткерлерге және/немесе өтінім берушіге сертификаттық тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандарға немесе консультанттарға немесе тәуелсіз сарапшыларға қолданылады.
3. Авиациялық медициналық сарапшылардың (бұдан әрі - сарапшы) қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Қағидалармен реттеледі.
Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық медициналық сарапшы – медициналық куәландыруды өткізу арқылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын, авиациялық медициналық сарапшы сертификаты бар жеке тұлға;
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификаты (бұдан әрі – сертификат) - авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру өткізуге және медициналық сертификат беруге құқық беретін белгіленген үлгідегі құжат;
3) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі - АМО) – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) өтінім беруші (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) - АМО сарапшыны тағайындауға үміткер және/немесе оның қызметін ұзартуға сарапшы;
5) жеңіл және аса жеңіл авиация (бұдан әрі – ЖжАЖА) - сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан кем болатын тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация жеңіл авиация, сондай-ақ сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация;
6) медициналық куәландыру – өтінім берушінің психикалық және физикалық жай-күйінің тиісті кластың медициналық стандарты талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында медициналық тексерулер кешені;
7) тиісті кластың медициналық стандарты – бұл медициналық куәландырудан өткізу кезінде бастапқы деп қабылданатын ағзаның органдары мен жүйелерінің физиологиялық жай-күйінің тиісті нормаларының жиынтығы;
8) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Өтінім берушіге қойылатын жалпы талаптар
5. Сарапшы болып өтініш беру сәтінде медицина саласында тәжірибеден өтуші маман тағайындалады.
6. 1-класты медициналық сертификатты беру, ұзарту және қалпына келтіруді жүзеге асыратын өтінім берушіге қойылатын талаптар:
«Емдеу ісі», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы диплом;
дәрігер-маман сертификаты («Жалпы тәжірибе дәрігері», «Терапия» немесе мамандандырылған «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандықтары бойынша);
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген бірінші мамандық бойынша төмен емес біліктілік санаты туралы сертификаты;
кәсіби даярлаудың Негізгі және Тереңдетілген курстарынан өткендігі туралы сертификаты;
АМО-ның штаттағы медициналық қызметкері болуы;
денсаулық сақтау саласындағы жұмысының жалпы өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде авиациялық медицинада үш жылдан кем емес болуы;
2,3-класты немесе ЖжАЖА медициналық сертификатты беру, ұзарту, қалпына келтіру немесе бас тартумен екі жүзден кем емес медициналық куәландырудан өткізуі;
медициналық куәландыруды Азаматтық авиация салсындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап тексеру қағидаларының талаптарына сәйкес өткізу үшін еңбек жағдайлары мен мүмкіндіктерінің болуы.
7. 2,3-класты медициналық сертификатты беру, ұзарту және қалпына келтіруді жүзеге асыратын өтінім берушіге қойылатын талаптар:
«Емдеу ісі», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы диплом;
дәрігер-маман сертификаты («Жалпы тәжірибе дәрігері», «Терапия» немесе мамандандырылған «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандықтары бойынша);
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мамандық бойынша біліктілік санаты туралы сертификаты;
кәсіби даярлаудың Негізгі курсынан өткендігі туралы сертификаты;
АМО-ның штаттағы медициналық қызметкері болуы;
денсаулық сақтау саласындағы жұмысының жалпы өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде авиациялық медицинада бір жылдан кем емес болуы;
медициналық куәландыруды Азаматтық авиация салсындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап тексеру қағидаларының талаптарына сәйкес өткізу үшін еңбек жағдайлары мен мүмкіндіктерінің болуы.
8. ЖжАЖА класты медициналық сертификатты беру, ұзарту және қалпына келтіруді жүзеге асыратын өтінім берушіге қойылатын талаптар:
«Емдеу ісі», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы диплом;
дәрігер-маман сертификаты («Жалпы тәжірибе дәрігері», «Терапия» немесе мамандандырылған «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандықтары бойынша);
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мамандық бойынша біліктілік санаты туралы сертификаты;
кәсіби даярлаудың Негізгі курсынан өткендігі туралы сертификаты;
медициналық ұйымның штаттағы медициналық қызметкері болуы;
денсаулық сақтау саласындағы жұмысының жалпы өтілі 5 жылдан кем емес болуы;
медициналық куәландыруды Азаматтық авиация салсындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап тексеру қағидаларының талаптарына сәйкес өткізу үшін еңбек жағдайлары мен мүмкіндіктерінің болуы.
Сарапшыны тағайындау, оның қызметінің мерзімін ұзарту және/немесе қалпына келтіру тәртібі
9. Сарапшыны тағайындау, оның қызметінің мерзімін ұзарту рәсімі отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі, оған мынадай кезеңдер кіреді:
1) өтінішті тіркеу;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексеру;
3) ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, өтінім берушіні сертификаттық тексеру бойынша комисссия құру туралы уәкілетті органның шешімін дайындау немесе ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 6, 7 және 8-тармағындағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мұндай тағайындаудан, мерзімін ұзартудан дәлелді бас тарту;
4) өтінім берушіге сертификаттық тексеру жүргізу;
5) өтінім берушіге (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкіліне) кейін тиісті сертификат берумен уәкілетті органның сарапшыны тағайындау, оның қызметінің мерзімін ұзарту туралы шешімін дайындау;
10. Тағайындалу және/немесе қызметінің мерзімін ұзарттыру үшін өтінім беруші (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарының 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленетін талаптар бойынша растайтын құжаттарының (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, жұмыс орнынан берілген анықтама) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
авиациялық медицина бойынша біліктілігін арттырғанын растайтын құжаттарын (сарапшы қызметінің мерзімін ұзарту үшін ғана) ұсынуға тиіс.
Бұл ретте сарапшы қызметінің мерзімін ұзарту үшін міндетті шарт – авиациялық персоналға бір жылда елуден кем емес медициналық куәландыру өткізу, сондай-ақ авиациялық медицина бойынша біліктілігін арттыру (біліктілігін арттыру курстары, авиациялық және ғарыштық медицина жөніндегі жыл сайынғы конгресстерге қатысу, ғарыштық медицина қауымдастығының жыл сайынғы ғылыми отырыстарына бару, экипаж кабинасын зерделеу, қайырмалы отырғышта, жаттығу құрылғысында жаттығу, ұшақты басқару, пилот куәліктерінің болуы) болып табылады.
11. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру жүргізу комиссиясын (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссия құрамына құзыретіне сертификат беру мәселелерін қарау жататын уәкілетті органның лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мамандар немесе консультанттар немесе тәуелсіз сарапшылар кіреді.
12. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға үш жұмыс күні қалғанда уәкілетті орган өтінім берушіге оның басталу күні туралы ақпарат қамтылған еркін нысандағы ресми хабарлама жібереді.
13. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге бес жұмыс күні ішінде тағайындаудан, оның қызметінің мерзімін ұзартудан дәлелді бас тартуды жазбаша ұсынады.
14. Сертификаттық тексеру нұсқаулық материалына сәйкес бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
15. Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда Сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды.
16. Акт қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіліп, екі данада жасалады.
17. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қойып, бір данасы өтінім берушіге тапсырылады.
18. Сертификаттық тексеру жүргізу барысында сертификаттық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, өтінім беруші актіні алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға түзету іс-қимылдары жоспарын бекітуге ұсынады.
Бұл жағдайда сарапшы сертификаты түзету іс-қимылдары жоспарында көрсетілген сәйкессіздіктер осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзімдер шеңберінде толық жойылғаннан кейін беріледі.
Сәйкессіздіктер түзету іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мезімдерде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге еркін нысанда ресми хабарлама – дәлелді бас тарту жібереді.
19. Қабылдау актісін жасап, қол қойғаннан кейін он екі жұмыс күні ішінде уәкілетті орган сарапшыны тағайындау, оның қызметінің мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган қабылдаған шешімнің негізінде өтінім берушіге (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкіліне) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда тиісті сертификат ресімделеді және беріледі, мерзімі ұзартылады, оларды беру және мерзімін ұзарту осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысандағы авиациялық медициналық сарапшылар сертификаттарын беру, мерзімін ұзарту журналында тіркеледі.
Сертификат үш жылға беріледі. Бұл ретте сертификаттың қолданылу мерзімі үш жылға дейінгі мерзімге ұзартылады.
20. Сарапшыны тағайындауға, оның қызметінің мерзімін ұзарту және/немесе қалпына келтіруге мына жағдайларда жол берілмейді:
өтінім берушінің қызметтерді және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін ұсынған құжаттары дұрыс болмаса;
өтінім беруші және (немесе) тағайындау, мерзімін ұзарту үшін ұсынылған қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер осы Қағидалардыңтиісінше 6, 7 және 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
өтінім берушіге қатысты медициналық қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
оның негізінде өтінім беруші мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айрылған өтінім берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса.
21. Тағайындаудан, оның қызметінің мерзімін ұзартудан бас тарту үшін негіз болған себеп жойылмаған жағдайда, өтінім беруші (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) осы тарауда көзделген тәртіпте өтінішті қайта бере алады.
22. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнаманың медициналық куәландыру және осы Қағидалармен белгіленген сарапшыға қойылатын талаптар бөлігіндегі талаптар бұзылған, сондай-ақ сертификат иесі (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) өтініш берген жағдайда сертификаттың қолданысын үш айдан аспайтын мерзімге тоқтатады.
Бұл жағдайда сертификаттың қолданысы Заңның 54-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіпте тоқтатылады.
23. Сертификаттың қолданысы тоқтатылған, сондай-ақ сертификат иесі (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) өтініш берген күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздіктер жойылмаса, уәкілетті орган сертификатты қайтарып алады.
Бұл жағдайда сертификат Заңның 54-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіпте қайтарып алынады.
Қайтарып алынған сертификат оны қайтарып алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
24. Сертификаттың қолданысын өтінім берушінің өтініші бойынша да толықтай немесе ішінара шектеуге болады.
25. Сертификатты қайтарып алу және/немесе оның қолданысын шектеу мақсатында, оның иесі (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) мұндай өтініш берудің нақты себебін көрсете отырып, уәкілетті органға еркін нысанда өтініш береді.
Сертификат иесі (немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) оны қайтару жөнінде өтініш берген жағдайда, мұндай сертификаттың түпнұсқасы өтінішке қоса беріледі.
Бұл жағдайда, қайтарып алынған сертификат жойылуға тиіс, бұл туралы жою тәсілін көрсете отырып, еркін нысанда жою актісі жасалады.
26. Сертификаттың қолданысын тоқтату және/немесе қайтарып алу уәкілетті органның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Сарапшы сертификаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін уәкілетті органның медициналық архивінде сақталады, содан кейін жойылуға тиіс, бұл туралы жою тәсілін көрсете отырып, еркін нысанда жою актісі жасалады.
27. Қайтарып алынғаннан кейін сертификат беру осы Қағидаларда белгіленген жалпы негіздерде жүргізіледі.
Сертификаттың қолданысын қалпына келтіру оны тоқтату себептері жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
28. Уәкілетті органның әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.
________________________________
Авиациялық медициналық сарапшыларды
тағайындау қағидаларына
1-қосымша
Уәкілетті орган төрағасына
___________________________________
___________________________________
Авиациялық медициналық сарапшының сертификатын алуға/қызметін ұзартуға
ӨТІНІМ
1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
________________________________________________________________
(ағылшын тілінде) ______________________________________________ ________________________________________________________________
туған жылы __________________________________________________,
телефон / факс ____________________________________________________,
е-mail __________________________________________________________
2. Білімі__________________________________________________________
3. Жоғары оқу орны _________________________________________ ________________________________________________________________
4. Факультеті _______________________________________________________
5. Интернатурасы _____________________________________________________
6. Мамандығы ____________________________________________________
7. Біліктілік арттыру курстары _____________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Медициналық тәжірибе авиациялық медициналық орталық базасында өткізіледі __________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия ____________________________________________________________________________________________________________________________________
Күні _________________ Қолы _________________
Авиациялық медициналық сарапшыларды
тағайындау қағидаларына
2-қосымша
ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ
CIVIL AVIATION COMMITTEE RK
№ 000/0000 АМС сертификат
АМE CERTIFICATE
Авиациялық медициналық сарапшы №
Аeromedical examiner №
________________________________
(тегі / last name)
________________________________
(аты / name)
________________________________
(әкесінің аты / first name)
Жұмыс орны (медициналық куәландыру өткізу орны):____________________
____________________________________________________________________
Авиациялық персоналды медициналық куәландыруды орындайды /
Performs medical certification of aviation personnel __________ класса / class
на базе / at the premises of _______________________________________________
Авиациялық персоналдың медициналық сертификатын беруге, әрекет ету, мерзімін ұзартуға және әсерін қайта қалпына келтіруге (керегінің асты сызылсын) құқылы / he/she has right of issue, validity and renewal of a medical certificate of pilots.
Сертификат 20 ж. «___» ___________дейін жарамды / This certificate is valid until «___» ___________ 20 г..
20 ж. «___» ___________№__________бұйрық /
Order of «____» ____________ 20 г. № ______
Төраға / Chairman М. О. (Төраға қолы /
Chairman signature)
М.О.
Авиациялық медициналық сарапшыларды
тағайындау қағидаларына
3-қосымша
Сертификаттық зерттеу актісі
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
20__ жылғы «___» ____________ № _________ бұйрығына сәйкес
құрамындағы комиссия:
Комиссия төрағасы: __________________________________________________
(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)
__________________________________________________
(Т.А.Ә. (егер бар болса), лауазымы)
_____________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.
(ұйымның атауы)
Қорытынды мәтіні:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ______________________________ ____________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
Комиссия мүшелері: ______________________________ ____________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
______________________________ ____________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы: ________________________________ ___________
(Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)
Авиациялық медициналық сарапшыларды
тағайындау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
АМС сертификаттарын беру,
оның мерзімін ұзартуды есепке алу журналы
Сертификат-тың р/с N
|
Сертифи-каттарды беру, оның мерзімін ұзарту мерзімі
|
Қолда-нылу саласы
|
Заңды тұлғаның атауы, жеке тұлға немесе заңды тұлғаның жауапты тұлғасының аты
|
Жеке тұлға немесе заңды тұлғаның жауапты тұлғасының аты
қолтаңбасы
|
Ескертпе
|
Журнал беттері нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |