85
Фотоэффект. Жарықтың әсері. Негізгі эксперименттік заңдылықтар және
оларды түсіндіру. Фотондар мен олардың қасиеттері. Фотондар қатынасын
процестердегі энергия мен импульстің сақталу заңдары. Комптон эффектісі.
Еріксіз сәуле шығару. Оптикалық кванттық генераторлар. Спонтанды және
еріксіз сәуле шығару. Лазердің жұмыс істеу принципі. Гелий-неонды және
рубинді лазер. Лазер сәулесінінің негізгі қасиеттері.
Аталған тарау тақырыптары бойынша меңгерілуі қажет болған білімдер
«Оптика» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенде келтірілген. Сонымен бірге
тӛмендегі тараулар мен оның тақырыптары бойынша да теориялық білімдер
және оларды тиімді меңгертудің әдістемесі оқу-әдістемелік кешенде
келтірілген, сонымен бірге оқу үдерісінде «Оптика» пәні бойынша отандық
ғалымдардың оқу құралдары қолданылды[130-131].
Біздің зерттеу жұмысымыздың барысында жоғарыда келтірілген
оптикалық құбылыстар мен заңдылықтар бойынша студенттердің бойынан
айтарлықтай кемшіліктер мен қателіктер байқалып олардың себептері
анықталды. Негізгі себептер, біріншіден, физикалық құрал-жабдықтардың
жеткіліксіздігінен немесе мүлдем жоқтығынан студенттердің физикалық
құбылыстар мен заңдылықтарды кӛз алдына елестете алмай, жай ғана
теориялық
тұрғыдан білім алуы болса, екінші жағынан негізгі білім берудің кӛзі
болған дәріс сабақтарын ұйымдастырудың тӛменділігі. Яғни, тек баяндама
түріндегі дәріс сабақтары студенттердің қызығушылығын тӛмендетіп, зейінін
басқа жаққа қарай аударуына алып келеді. Мұндай мәселелерді шешуде
ақпараттық технология мүмкіншіліктерін 1.3-те айтқан болатынбыз.
Жоғарыда аталған оптикалық құбылыстар мен заңдылықтардың қазіргі
заманғы мәселелірімен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектерін талдау
болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін қай салада кӛрсету қажеттілігін
анықтап береді, пәнге деген қызығушылығын оятады, ғылымның ашылмаған
сырларын анықтауына мүмкіндік жасайды.
Г.С.Алтыбаев, «Нелинейное поглощение света в полупроводниках типа
GaAs при возбуждении мощными короткими импульсами света» атты
кандидаттық диссертациясында, кинетикалық теңдеудің шешімі негізінде
суперлюминесценция алаңында жарықтың күшейту спекрінде «кемтік» пен
GaAs та жарықтың бейсызықты шашырау спектріндегі «выступ» арасындағы
байланысты зерттеп анықтады. А.А.Баратова, «Исследование фотофизических
процессов на поверхностях с фрактальной размерностью» атты кандидаттық
диссертациясында
фрактальды
ӛлшемді
беттерде
фотофизикалық
құбылыстарды зерттеуге баса кӛңіл аударды[121]. А.Ж. Жанботин «Кремний
коллоидтық
жүйелердің
люминесценциясы»
атты
PhD
докторлық
диссертациясында Ӛзіндік және сыртқы люминесценция табиғатын зерттеу,
жердегі сирек иондар Eu { 3+ }, Tb { 3+ } легирленген мезокеуекті кремний
бӛлшектердің электронды қоздыру энергиясын беру заңдылықтарын
зерттеді[122]. К.А.Кутербеков, «Разработка новых преобразователей энергии
спектра солнечного излучения в оранжево-красный диапазон для увеличения
КПД кремниевых фотопреобразователей» атты ғылыми зерттеуі нәтижесінде
люминесцентті таза және монодисперсті жоғары кеуекті сфералық кремний