да компания қандай жұмыстар
жүргізуде?
- «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлердің өмірі
мен денсаулығына өндірістік факторлардың
зиянды әсері тиюіне жол бермеуді өз
жұмысының ең басты қағидаттарының бірі
деп санайды. Сондықтан өз қызметімізде
біз Қазақстан Республикасының нормативтік
және заңнамалық актілерін, сондай-ақ осы
саладағы
халықаралық
стандарттарды
басшылыққа аламыз.
Персоналмен жұмысқа көп көңіл бөлінеді.
Жұмысқа
қабылдау
кезінде
барлық
қызметкерлер, оның ішінде басшылар
үшін кіру нұсқамасы жүргізіледі. Одан әрі
қызметкерлер кәсіп түрлері бойынша тиісті
нұсқаманың барлық түрлерінен өтетіндігін
атап көрсеткен жөн.
Инженер-техникалық
қызметкерлердің
біліктілігін арттыру және қызметкерлерге
өндіріс қауіпсіздігінің әдістерін оқыту
жарақатты азайтудың негізгі іс-шаралары бо-
лып қала береді. Осы мақсатта біздің Оқыту-
курстық комбинатында өндірістік буындағы
мамандар, инженерлік-техникалық мамандар
даярлау мен қайта даярлаудан жүйелі негізде
өтіп отырады. Жекелеген мамандықтар бой-
ынша оқыту таяу және алыс шетелдердегі
оқу орындарында жүргізіледі. Мәселен,
2009 жылы компанияның үш мыңнан астам
қызметкерлері оқудан өтті, оның 700-і
инженерлік-техникалық мамандар. Үстіміздегі
жылдың бірінші жартыжылдығында қауіпті
объектілерге қызмет көрсететін мыңнан
астам қызметкерлер, сондай-ақ 354 басшы-
лар мен мамандар өздерінің білім деңгейін
көтерді.
ҚТО бас директорының басшылығымен еңбек
қорғаудың, өрт қауіпсіздігінің және қоршаған
ортаны қорғаудың жай-күйі мәселелері бой-
ынша филиалдармен және мұнай құбырлары
басқармаларымен ай сайын селекторлық
кеңес өткізіледі. Оларда қауіпсіздік пен еңбек
қорғау саласында белгілі бір кезең ішінде
жүргізілген жұмыстар қарастырылады, жұмыс
бағыты айқындалады, орындалуына жауап-
ты адамдарды тағайындай отырып, шешім
қабылданады.
Бұдан басқа, компания қолданыстағы
жабдықтарды тұрақты түрде жетілдіріп от-
ырады және техникалық жағынан неғұрлым
жетілдірілген жаңа технологиялар енгізеді,
бұл өндірістік процестің тиімділігін артты-
румен қатар, жұмыстың қауіпсіздігіне де оң
әсерін тигізеді. Еңбекті қорғау мен техника
қауіпсіздігі мәселесіне жан-жақты бақылау
жасау мен жіті назар аудару арқасында 2008
жылы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметі OHSAS
18001:2007 менеджмент жүйесінің стандар-
тына сәйкес келеді деп танылды.
Біз еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі
қызметін ұдайы жетілдіре беруге ұмтыламыз.
Осы мақсатпен компаниямызда еңбек
қорғауды басқару жүйесін реформалауды жо-
спарлап отырмыз, бұл өндірістегі жазатайым
жағдайлардың санын мейлінше қысқартуға,
құрылымдық
бөлімшелердің
барлық
деңгейдегі басшыларының қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелерінде
жауапкершіліктерін арттыруға қол жеткізуге
мүмкіндік береді. Компанияның болжамдалып
отырған құрылымы жобасының Қазақстанның
және ТМД елдерінің кәсіпорындарында
қолданылып жүрген еңбек қорғауды басқару
жөніндегі жалпыға ортақ жүйеден едәуір
айырмашылығы бар. Оның тиімділігі
мойындалған жағдайда қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығын сақтау бөлігіндегі
«ҚазТрансОйл» АҚ
қызметкерлердің
өмірі мен
денсаулығына
өндірістік
факторлардың зи-
янды әсері тиюіне
жол бермеуді өз
жұмысының ең ба-
сты қағидаттарының
бірі деп санайды.
Тұлға
118 № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК
қызметіміздің деңгейін арттыруда үлкен
қадам жасаймыз деген ойдамын.
- Өндіріс саласында қызмет ететін
компанияның даму деңгейі туралы
оның экологияға әсер ету дәрежесі
бойынша бағаланатыны мәлім.
Мұнайды тасымалдау, әсіресе
осы процесте пайда болатын
қалдықтар қоршаған ортаға үлкен
қауіп қатер тудырады. Қазіргі
таңда экологияға компанияның
өндірістік бөлімдерінің әсер етуі
жөніндегі жағдай қалай? Компа-
ния осы мәселелерге қаншалықты
көңіл бөледі?
- «ҚазТрансОйл» АҚ туған жер табиғатының
ахуалына, экологиялық таза қоршаған ортаға
деген өз жауапкершілігін жете түсінеді. Бүгінгі
таңда бизнестің экологиялық қауіпсіздігі
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның тиімді қызметі үшін
маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әрине, мұнай
тарту процесі шынында қиын технологиялық
процесс. Мұнайды ондаған және жүздеген
шақырымдық құбырлар арқылы тарту үшін
насостар үлкен қысым тудырады. Жалпы
көлемі 1 миллион текше метрден асатын алып
резервуарлық парктердің болуы резервуар-
ларды техникалық пайдалану ережелерін
және әсіресе өрт қауіпсіздігі ережелерін
сақтауды талап етеді. Насостық станциялар-
мен қатар тасымалданатын мұнайды жылы-
ту үшін жылыту пештері де осындай ауқымды
көлемде қолданылады. Сіз осындай көлемде
тасымалданатын мұнайды жылыту процесі
қаншалықты қауіпті екенін білесіз деп ой-
лаймын. Біздің нысандардағы өндірістік
қауіпсіздік қаншалықты маңызды екенін түсіну
үшін осы факторлардың өзі жеткілікті.
Осыған орай біз өзіміздің барлық
бөлімшелерімізде қауіпсіздік техникасын
қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ
мұнайды тасымалдау процесінен қоршаған
ортаға тиетін кері әсерді барынша азай-
ту мәселелеріне де баса назар аударамыз.
Жаңа технологияларды енгізу де біздің ұжым
мен құралдарға ғана емес, сонымен бірге
экологияға деген қамқорлығымызды тағы
да айғақтайды. Атап айтқанда, біздің өндіріс
жөніндегі басқарма директорымыз Алек-
сей Георгиевич Пирогов егжей-тегжейлі ай-
тып беретін SCADA жобасы барлық мұнай
құбырлары желілерін басқаруды бір тұтасқа
біріктіріп, апаттық жағдайларды азайтуға
мүмкіндік берді. Біз энергия және ресур-
старды үнемдеу, барлық технологиялық
құрылымның қызметінің тиімділігін артты-
ру саласында оң нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік беретін жаңа техника мен техно-
логия енгізуге әрқашан баса назар ауда-
рып келеміз. Атап айтқанда, өткен жылы
компанияның қаражатын барынша тиімді,
әрі орынды пайдалану үшін құрастырылған
Шығыстарды басқару бағдарламасын жүзеге
асыру аясында елсіз, аз елді технологияға
өтуді есепке ала отырып, мұнай құбырлары
және сутартқы нысандарын техникалық
қайта құралдандыруды қарастыратын ресур-
старды үнемдейтін технологиялар енгізу жо-
спарлануда. Енгізілетін жаңашылдықтар мен
құралдар электр және жылу энергиясын пай-
далануды барынша азайтуға, мұнай тасымал-
дау және су жеткізу процестерінің тиімділігін
жақсартуға, негізгі және қосалқы құралдарды
жөндеу жұмыстарына шығындарды азайтуға
мүмкіндік береді.
Яғни жоғарыда айтылғандарды қорыта кел-
генде, шаралардың бүкіл жүйесі әрбір
бөлімшенің болсын, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның
Адамдар
ҚазТрансОйлдың
әрқашан баға жет-
пес байлығы,
қазынасы бол-
ды және со-
лай болып қалды.
Біздің өндірістік
бөлімшелеріміздегі
кадрларды үздіксіз
кәсіби оқыту және
даярлаудан басқа
тәрбиелеу жүйесі
кеңінен дамыған.
119
KAZENERGY