Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет8/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

Болат Отаров,

«ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау жөніндегі 

басқарушы директор

қазтрансойл – 

тұрақты  

даМу


Тұлға

122  № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК




қазақстанның 

Мұнай құбыры 

Магистралі 

бойынша Мұнай 

айналыМы Және 

тасыМалдау 

көлеМінің 

Жыл сайынғы 

тұрақты өсіМіне, 

қолда бар 

құрылғыларды 

даМыту Мен 

Жаңартуға, 

көМірсутекті 

шикізатты 

әлеМдік 


нарыққа тиіМді 

әрі нәтиЖелі 

Жеткізетін 

Жолдарды 

табуға, сондай-

ақ, Мұнай 

тасыМалдаудың 

Жолдарын 

болашақта 

даМыту 


Жөніндегі 

белсенді 

Жоспарларды 

іске асыруға 

қаЖетті 

салалардың 

барлығы 

коМпанияның 

транспорттық 

бөліМінің Міндеті 

Мен еңбегі.

О

сының  бәріне  қалай  қол  жеткізілгені 



жайлы 

және 


тапсырылған 

міндеттерді 

орындау 

кезінде 


компа-

ния  қандай  механизмдерді  қолданатынын 

«ҚазТрансОйл»  АҚ-ның  тасымал  жөніндегі 

басқарма  директоры  Болат  Исатайұлы  Ота-

ров әңгімелейді.

– Болат Исатайұлы, компанияның 

алғаш  құрылған  күнінен  бастап 

бүгінге  дейінгі  өндірістік  даму 

жолының  нәтижесіне  қарағанда, 

компания жыл сайын, ай сайын ал-

дына  қойылған  мұнай  тасымалы 

және  тауар  айналымы  жөніндегі 

міндеттерді  өткен  жылдармен 

салыстырғанда  тұрақты  түрде 

еселей орындап отырған. Осындай 

көңіл  қуантарлық  нәтижеге  қалай 

қол жеткізесіздер?

–  Біздің  тұрақты  түрде  өндірістік  жетістікке 

жетуіміздің  негізі  еңбек  өнімділігінің  ұдайы 

ұлғайып отыруы мен қазақстандық құбыр та-

сымалы  жүйесінің  тиімділігін  арттырудан, 

сондай-ақ, компания имиджін сенімді әріптес 

ретінде  таныстырудан  туындап  отыр.  Осы 

негіз  біздің  алдыға  қойылған  міндеттерді 

және кең көлемді жоспарларды орындаудағы 

басты  фактор,  онсыз  біз  мақсатымызға 

ешқашан  жете  алмас  едік.  Мұнай  тасымалы 

– біздің компанияның өзара байланысып жа-

татын  бар  деңгейін  қамтитын  көптеген  ұсақ 

мақсаттардан құралған күрделі технологиялық 

үрдіс. Білімі жоғары мамандардың нақты әрі 

қалыпқа түскен жұмысының арқасында, оған 

МӨБ (мұнай өндіруші бекет – ред.) операто-

рынан бастап компанияның топ-менеджеріне 

дейін  кіреді,  жоспарларымыздың  сенімін 

нығайтып,  іске  қосылған  мұнай  құбырлары 

магистралінің  өткізу  мүмкіндігін  молайтып, 

қуатты жаңа құрылғылар арқылы мұнай көлігі 

жолдарын  бекітіп,  жаңа  жүк  жеткізушілердің 

қызығушылығын  оятып  және  бұрынғы 

әріптестермен арадағы ынтымақты нығайтып 

отырмыз.


Сондықтан да осындай еңбек өзінің нәтижесін 

беріп  отыр:  2009  жылы  компанияға  тиесілі 

мұнай құбыр магистралі арқылы 50 млн 885 

мың  тонна  мұнай  өткізілді,  бұл  2008  жылғы 

көрсеткіштен  3  млн  417  мың  тоннаға  артық 

нәтиже.  2010-шы  жылы  біз  мұнай  тасыма-

лын  50  млн  тоннадан  асыруды  көздеп  от-

ырмыз,  бұған  биылғы  жылдың  соңғы  алты 

айында  жеткізілген  25  млн  949  мың  тонна 

мұнай дәлел бола алады. Бұл 2009 жылдың 

алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда 

1 млн 564 мың тоннаға артық.

Екінші  өндірістік  табыстың  негізгі  көрсеткіші 

– 2009 жылы жүк тасымалы 33 млрд 513 млн 

тонна-километрге  жетті,  бұл  алдыңғы  жылғы 

1 млрд 247 млн тонна-километр көрсеткіштен 

артқан. Ал, биылғы алты айғы көрсеткіш бой-

ынша жүк тасымалы 16 млрд 628 млн тонна-

километрге жетті.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Ресей, Украина, Бело-

русь, Қытай елдерінің өнеркәсіптерімен өзара 

әріптестіктің  нығаюы  және  қазақстандық 

мұнайды  өз  аумағымен  тасымалдауының 

арқасында  мұнай  тасымалы  көлемінің  ар-

туына  үлкен  әсер  етіп  отыр.  Мысалы,  2009-

шы  жылы  Атырау-Самара  мұнай  құбыры 

аумағы  бойынша  компания  мұнайдың 

тасымалдаудың рекордын жасап, 17 млн 504 

мың  тонна  мұнайды  әріптес-мемлекеттердің 

мұнай  желілік  жүйесіне  шашау  шығармай 

жеткізіп  берді.  Соның  арқасында  2009-шы 

жылдың ақпанында, «ҚазТрансОйл» АҚ және 

«АК  «Транснефть»  ЖАҚ  басшылығы  қол 

қойған 2009-шы жылы Атырау-Самара мұнай 

құбыры  арқылы  17,5  млн  тонна  Қазақстан 

мұнайын  тасымалдау  жөніндегі  Протоколда 

көрсетілген міндеттер толығымен орындалды.

2008-ші  жылғы  көрсеткішпен  салыстырғанда 

осы  бағыт  бойынша  мұнай  тасымалдау 

мөлшері  735  мың  тоннаға  өскен.  Былтырғы 

жыл  біз  үшін  табысты  жыл  болды.  Өйткені, 

осы  аумақ  арқылы  біз  400  миллион  тонна 

мұнайды өткіздік.

Сондай-ақ,  2009-шы  жылы,  2008-шы  жыл-

мен 

салыстырғанда 



Қазақстан-Қытай 

Атасу-Алашанькоу  мұнайқұбырымен  мұнай 

тасымалының  көлемі  6  млн  113  тоннадан 

7  млн  669  мың  тоннаға  артты.  Бұл  дегеніңіз 

бір жылда 1 млн 586 мың тоннаға артық та-

сымалданды деген сөз. Ал, биылғы жылдың 

алғашқы жарты жылдығында тасымал 4 млн 

967  мың  тоннаға  жетіп,  2009-шы  жылдың 

алғашқы  жарты  жылдығындағы  тасымал-

дан  51%  артық  болды.  Біздің  мұндай  мол 

көрсеткішке  жетуімізге  2009-шы  жылы 

Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырын іске қосудың 

көп көмегі тиді. Бүгінгі күні осы бағыт бойын-

ша  негізгі  тауар  тасымалдаушылардың  бірі 

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ болып отыр.

Реті  келгенде,  біздің  компания  Атырау-

Самара  және  Атасу-Алашанькоу  мұнай 

құбырлары  арқылы  мұнай  тасымалының 

 

 123


KAZENERGY


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау