Мәліметтер қорының жалпы теориясы, негізгі анықтамалар, мәліметтер
қорының файлдық құрылымды мәліметтерден айырмашылығы мен
артықшылықтары мәліметтер қорларын практика жүзінде қолдану кезінде
қалыптасқан мәліметтер қорының әралуан модельдері, мәліметтер қорларын
концептуальды жобалаудың принциптері мен бейнелеу деңгейлері беріледі.
Теориялық негізін реляциялық алгебра, реляциялық есептеу құрайтын,
қазіргі
уақытта ең көп тараған реляциялық модель жеке қарастырылады.
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер. Оларды
жергілікті ақпараттық жүйелер және бірнеше компьютерге таралған жүйелер
деп айырады. Қолдану салалары бойынша ақпараттық жүйелерді өндірісте,
білім беру саласында, денсаулық сақтау саласында, ғылымда, әскери істе,
әлеуметтік салада, саудада және де басқа салаларда пайдалынатын жүйелерге
бөлуге болады. Ақпараттық жүйелерді мақсаттық функция бойынша
басқарушы, ақпараттық-анықтамалық, шешім қабылдауды қолдау сияқты
негізгі категорияларға шартты түрде бөлуге болады. Файл/сервер және
клиент/сервер сәулеті (архитектурасы) ақпараттық жүйелердің ең көп тараған
сәулеттері болып табылады. Мәліметтерге қашықтан қол жеткізу моделі
(Remote Data Access – RDA)бар ақпараттық жүйелерде ақпаратты ұсыну
функциясы мен қолданбалы өңдеу логикасын жүзеге асыратын
бағдарламалар біріктірілген және компьютер-клиентте орындалады.
Мәліметтерді басқару қызметіне жүгіну SQL тілініңоператорларының
көмегімен немесе API арнайы кітапханасының функцияларын шақырып
жеткізу ортасы арқылы орындалады. Мәліметтер қорының
серверінің(DataBase Server – DBS) алдыңғы модельден айырмашылығы
компьютер-клиент функциясы ақпаратты бейнелеу функциясымен ғана
шектеледі де, ал қолданбалы функциялар компьютер-сервердегі
қосымшалармен қамтамасыз етіледі. Бұл модель RDA-модельге қарағанда
барынша технологиялық болып табылады.
Мәліметтер қорларын бағдарламалық қамтамасыз ету жалпыға
арналған қамтамасыз ету, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және
мәліметтер қорларын жобалау мен жасауды автоматтандыру құрал-
жабдықтары болып бөлінеді. Мәліметтер қорларымен жұмыс істейтін
ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету
мәліметтер қорларын басқару жүйелері дегеніміз – бұл мәліметтер қорларын
жасауға, жүргізуге, қорғауға және енгізуге арналған тілдік және
бағдарламалық құрал-жабдықтар кешені. Мәліметтер қорларын қолданбалы
бағдарламалық ету дегеніміз – бұл нақты қолданбалы есептерді шешу үшін
бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушы, немесе пайдаланушылардың
өздері жасап шығарылатын бағдарламалар мен жүйелер. Delphi, Cu, Visual
Basic және тағы басқалар қазіргі заманғы бағдарламалардың алгоритмдік
тілдерінде SQL тілін пайдаланатын мәліметтер қорларына қол жеткізу
мүмкіндігін бағдарламалау құрал-жабдықтары бар. Оған қоса, көптеген
МҚБЖ-де жүйеге қоса орнатылған бағдарламалау тілі бар. CASE-құралдары
деп аталған CASE-технологиясын жүзеге асыратын бағдарламалық-
технологиялық құралдар мәліметтер қорларын жасау мен ақпараттық
жүйелерді жобалауды автоматтандыруға арналған. CASE (Computer Aided
Software Engineering) терминін компьютер көмегімен бағдарламалық
қамтамасыз етуді жасау деп аударуға болады. CASE-құралдары дегеніміз –
бұл талаптарды талдау мен тұжырымдау, мәліметтер қорлары мен
қосымшаларын жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз
ету, конфигурацияны басқару және тағы басқалар сияқты ақпараттық
жүйелерді жасау мен ілесе жүру үдерістерін қолдайтын бағдарламалық
құралдар. Төртінші бөлімде SQL тілі қарастырылады. SQL тілі – қазіргі
заманғы көптеген реляциялық МҚБЖ-ның стандартты тілі болып табылады.
SQL дегеніміз - Structured Queries Language сөздерінің қысқартылған түрі, ол
сұраныстардың құрылымдалған тілі деп аударылады. SQL тілі реляциялық
түрдегі мәліметтер қорларымен жұмыс істеуге арналған. Ол реляциялық
МҚБЖ пайдаланушыларға ұсынатын барлық негізгі мүмкіндіктерді жүзеге
асырады. SQL тілі командалар (операторлар) жүйелерінен тұрады, олардың
ішіндегі ең маңыздылары төмендегілер:
DML (Date Manipulation Language), мәліметтерді манипуляциялау тілі.
SELECT – мәліметтерді оқуға сұраныс жасау;
INSERT – мәліметтер қорына жаңа жазба қосу;
DELETE – мәліметтер қорынан
жазбаларды жою;
UPDATE – мәліметтерді өзгерту.
DDL (Date Definition Language), мәліметтерді анықтау тілі.
CREATE TABLE – жаңа кестені жасау, оның
құрылымын сипаттау;
DROP TABLE – кестені жою;
ALTER TABLE –
кесте құрылымын өзгерту;
CREATE VIEW – бейнелеуді жасау;
DROP VIEW –
бейнелеуді жою;
CREATE INDEX – индексті жасау;
DROP INDEX –
индексті жою;
Қол жеткізуді басқару.
GRANT – пайдаланушыға артықшылықтар беру;
REVOKE – берілген артықшылықтарды алып тастау.
Транзакцияларды басқару.
COMMIT – транзакцияны аяқтайды;
ROLLBACK – транзакцияны алып тастайды.
SQL командаларын интерактивті режимде орындаумен қатар, жоғары
деңгейдегі тілдерде бағдарламалауда пайдалануға болады.
Файлдық құрылым мәліметтері.Қазіргі ақпараттық технологияларда
мәліметтер қоры үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорының пайда болуынан
бұрын файлдық құрылым мәліметтері пайда болған.
Мәліметтерді жинақтау, сақтау және өңдеудің тәсілдері, әдістері
есептеу техникасының өзгеруімен қатар өзгеріп отырды. Бірінші және екінші
буындардағы компьютерлерде мәліметтер файлдар түрінде сақталатын және
бұл файлдардағы ақпаратқа қол жеткізу біртіндеп іске асырылатын, оның
себебі жинақтағыштардың магниттік таспалар болуымен байланысты болды.
Үшінші буындағы ЭЕМ-де магниттік барабандар мен дискілердің пайда
болуымен файлдық құрылым мәліметтеріне қол жеткізу еркін іске асырылып,
қажетті ақпаратқа тікелей қол жеткізуге мүмкіндік туды. Бұл мәліметтерді
өңдеу тиімділігін едәуір арттырды. Үшінші және төртінші буындағы ЭЕМ-