Smith 2004
Қарастырылған төрт қалыпты формадан өзге, негізінен теориялық
сипаттамасы бар әрі практикалық маңызы жоқ басқа да формалар болады.
Бұлар біріккен тәуелділіктері болмайтын бесінші қалыпты форма мен
облыс/кілт қалыпты формасы.
Бесінші қалыпты формада біріккен тәуелділіктер болмайды. Мысал
қарастырайық.
Kod Office Project
1001 02 010
1001 05 010
1003 01 008
1004 03 008
1004 03 007
Берілген кестеде бірнеше бөлімдерде жұмыс істейтін және бірнеше
жобаларды орындайтын қызметкерді алып тастау немесе жобаның нөмірін
өзгерту, кестеде атрибуттардың біріккен тәуелділіктері болғандықтан қиын
болады. Сондықтан берілген кестені төмендегідей үш кесте түрінде ұсыну
қажет.
Kod Office
Kod
Project
Office Project
1001 02
1001 010 02 010
1001 05
1003 008 05 010
1003 01 1004 008 01 008
1004 03
1004 007 03 008
Реляциялық кесте, егер кез келген шектеу шарты бар болу (доменнің)
облысының анықтамасы мен кілттерден шығатын болса облыс/кілт қалыпты
формасына ие болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Иерархиялық және желілік мәліметтер қорының тұтастығы нені
білдіреді?
2. Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?
3. Мәліметтер қорының желілік моделі дегеніміз нені білдіреді?
4. Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не?
5. Қандай мәліметтер қорларында мәліметтерді байланыстыру үшін
физикалық көрсеткіштер қолданылады?
6. Нысанның бір элементі үшін өрістер мәндерінің жиынтығы не болып
табылады?
7. Мәліметтер қорында өріс деп нені айтамыз?
8. Кортеж дегеніміз не?
9. Мәліметтер қорының құрылымы мәліметтердің берілуінің қай
деңгейінде сипатталады?
10. Мәліметтердің берілуінің қандай деңгейі тасымалдағыштағы
мәліметтердің орналасу тәсіліне сәйкес?
11. МҚ берілуінің қанша деңгейі бар?
12. Пайдаланушы деңгейінде мәліметтер қоры қандай түрге ие
болады?
13. Атрибут дегеніміз не?
14. Э.Коддтың жұмыстары мәліметтер қорының қандай моделінен
негізделген?
15. Мәліметтер қорының дамуында болашақта қандай бағыттары бар?
16. Реляциялық кестеде қанша алғашқы (түйінді) кілт болуы мүмкін?
17. Реляциялық кестеде қанша сыртқы кілт болуы мүмкін?
18. Реляциялық кестеде алғашқы және сыртқы кілттерінің болуы
міндетті ме?
19. Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестелердің
екеуінен, бастапқы кестелердің жазбалары тек бір рет кездесетін жаңа кесте
құрайды?
20. Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестелердің
екеуінен жалпы жазбаларды бөліп алады?
21. Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші бастапқы кестеден
екінші бастапқы кестеде жоқ жазбаларды бөліп алады?
22. Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші бастапқы кестенің
әрбір жазбасына екінші бастапқы кестенің әрбір жазбасын біріктіреді?
23. Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестеден, берілген
шарттарды қанағаттандыратын жазбаларымен жаңа кесте құрайды?
24. Реляциялық алгебраның қандай амалына SELECT
(<кесте>:<шарт>) командасы сәйкес келеді?
25. Реляциялық алгебраның қандай амалы берілген бағандарды таңдау
жолымен бастапқы кестеден жаңа кесте құрайды?
26. Реляциялық алгебраның қандай амалы <кесте аты>. [1 баған, 2
баған,...,N баған] командасына сәйкес келеді?
27. Реляциялық алгебраның қандай амалы JOIN (1 кесте, 2 кесте)
командасына сәйкес келеді?
28. Реляциялық алгебраның қандай амалында проекцияны көбейту,
құру және таңдауды орындалады?
29. Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші кестенің жолдары,
екінші кестенің әрбір жолына сәйкес жолын таңдау арқылы жаңа кестені
құрайды?
30. Реляциялық есептеулерде сұраныс қандай түрге ие болады?
31. Реляциялық алгебраның қандай амалы кестенің атауын береді?
32. Реляциялық алгебраның қандай амалы үшін, бастапқы кестенің
құрылымы бағандардың саны бойынша, және типі бойынша да сәйкес болуы
қажет?
33. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші қалыпты формалар нені
қажет етеді?
34. Егер реляциялық кесте 2-ші, 3-ші немесе 4-ші қалыпты формада
болмаса, онда нені орындау қажет?
35. Реляциялық алгебра және реляциялық есептеулер бойынша
жұмыстар кімге байланысты?
36. Реляциялық кестені сипаттау барысында атауы және типі нені
білдіреді?
37. Реляциялық мәліметтер қорында логикалық байланыс ненің
көмегімен орнатылады?
38. МҚ құрылымы деген не және мәліметтер қорының құрылымы
қайда сақталады?
39. Мәліметтер қорының моделі дегеніміз не?
40. Реляциялық алгебраның командасы бір рет жүгінуде нені өңдеуге
мүмкіндік береді?
41. МҚ қандай моделінде мәліметтер арасындағы байланыс
бағытталған граф түрінде болады?
42. МҚ қандай моделінде мәліметтер арасындағы байланыс еркін
граф түрінде болады?
43. Реляциялық есептеулер сұранысында мақсаттық тізім нені
анықтайды?
44. Қандай жағдай да реляциялық кесте екінші қалыпты формада
болмауы мүмкін?
45. Реляциялық кесте қандай жағдайда үшінші қалыпты формада бола
алмайды?
46. Қандай МҚ-да өрістердің көпмәнді мәндері жеке кестелер болып
саналады?
47. Қандай МҚ-да бірінші қалыпты форма қоятын, шектеулер алып
тасталған?
Әдебиеттер:
1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры
және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.
2. Золотова С.И. Практикум по Access. Финансы и статистика, Москва,
2000.
3. Джулия Келли. Самоучитель Access 97. Питер. Санкт-Петербург,
2000.
4. Робинсон С. Access 2000. Учебный курс.
5-ДӘРІС. Мәліметтер қорының басқа модельдері
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Постреляциялық модель.
2. Көпөлшемді модель.
3. Нысанды-бағытталған модель.
Мәліметтер қорының басқа модельдері.
Достарыңызбен бөлісу: |