тапсыру; енгізілген мәндер бақыланатын қосымша салыстыру кестесін
көрсету және т.б.
МҚ-дағы ақпараттың дәйектілігін бақылауды ұйымдастырудың аса
дамыған түрі сақталынатын процедураларды жасау болып табылады.
Сақталынатын процедуралар механизмі, серверде орналасқан МҚ-ларда
қолданылады. Сақталып тұрған процедуралардың өзі алгоритмдері
мәліметтермен қандай да бір қызметтерді (оның ішінде бақыланатыны да
бар) орындауды қарастыратын программалар болып табылады. Процедуралар
мәліметтермен бірге сақталады және қажет болған жағдайда қосымшалардан
немесе МҚ-да қандай да бір оқиғалар орын алған жағдайда шақыртылады.
Қолданбалы есептегі шешу, әдетте, кестелерден бірнешеуіндегі
ақпаратты қажет етеді. Кестелердің өздері ақпаратты өңдеу ыңғайлы болу
үшін және оны қайталануын болдырмау мақсатында қандай да бір әдіспен
байланыстырылады (3.3 ішкі бөлім). Байланысқан кестелердің логикалық
тұтастығын қолдау қызметтерін МҚБЖ міндетіне алады (3.4 ішкі бөлім).
Өкінішке орай МҚБЖ-лардың барлығы бірдей бұл қызметтерді (толықтай)
жүзеге асыра бермейді, бұл жағдайда байланыстардың нақтылығына
жауапкершілік қосымша жүктеледі.
МҚБЖ-ның кестелердің тұтастығын бақылауға қатысты мүмкін болар
әрекеттерінің мысалын келтірейік. Екі кестенің арасында 1:М түріндегі
байланыс бар делік, және соған сәйкес негізгі кетенің бір жазбасына қосалқы
кестенің бірнеше жазбалары сеәйкес келуі мүмкін.
Жазбаларды қосалқы кестеге енгізген кесте жүйе негізгі кестедегі
байланыс өрісіндегі сәйкес мәндердің бар болуын бақылайды. Егер
енгізілетін мән негізгі кестеде болмаса, МҚБЖ жаңа жазбамен жұмысқа
уақытша тосқауыл қояды және мәнді өзгертуді немесе оны тұтастай алып
тастауды ұсынады.
Қосымша кестелердің жазбаларын алып тастау «ауырсынбайтындай»
орындалады, ал негізгі кестенің жазбалары туралы олай деп айтуға
болмайды. Негізгі кестенің жазбасы қосымша кестенің бірнеше
жазбаларымен байланысқан жағдайда, екі түрлі әрекет жасауға болады:
бағыныңқы жазбаның ең болмаса біреуі қалса да негізгі жазбаны алып
тастамау (жазбаларды пайдаланушы алып тастауы тиіс), немесе негізгі
жазбаны және барлық бағыныңқы жазбаларды түгелдей алып тастау
(каскадтық жою).
Көп терезелі жүйелерде (қазіргі программалардың түгелге жуығы) және
мәліметтер қорымен жұмыс істейтін үлестірілген ақпараттық жүйелерде
бірдей нысандармен (МҚ нысандарын бірлесіп пайдалану) түрлі амалдарды
орындаудың арасындағы келіспеушіліктерді шешу мәселесі туындайды.
Мысалы, жергілікті желіні пайдаланушылардың бірі МҚ-ға өзгертулер
енгізіп, ал екіншісі оның құрылымын өзгерткісі келгенде не істеу керек?
Мұндай жағдайлар үшін МҚБЖ-да келіспеушіліктерді шешу механизмдері
ескерілуі тиіс.
Әдетте желінің бірнеше пайдаланушылары бір мезгілде жұмыс істеген
кезде, сондай-ақ бір компьютерде бірнеше қосымша жұмыс істеген кезде
немесе МҚБЖ-ның бірнеше терезелерінде жұмыс істеген кезде тосқауылдар
қолданылады.
Тосқауылдар МҚ-ның әртүрлі нысандарына және нысандардың
жекелеген элементтеріне әсер ете алады. МҚ нысандарын тосқауылдаудың
нақты жағдайы бір мезгілде нысанды пайдалану және осы нысанды жасау
режиміне енуге тырысуы болып табылады. Мәліметтер қорының кестелеріне
қатысты қосымша тосқауылдар жекелеген жазбалармен немесе өрістерімен
жұмыс жүргізу кезінде пайда болуы мүмкін.
Тосқауылдар айқын және айқын емес болады. Айқын түрдегі
тосқауылдарды пайдаланушы немесе командалар көмегімен қосымша
орнатады.айқын емес тосқауылдарды орын алуы мүмкін болатын
келіспеушіліктерді болдырмас үшін жүйенің өзі құрады. Мысалы, ақпаратты
редакциялау кезінде МҚ құрылымының өзгертуге тырысқан жағдайда
мәліметтерді редакциялау аяқталғанша МҚ-ны қайта құрылымдауға тыйым
салынады.
Бақылау сұрақтары:
1. МҚБЖ дегеніміз не?
2. Қандай МҚБЖ иерархиялық деп аталады, барынша танымалдарын
атап шығыңыздар?
3. Қандай МҚБЖ реляциялық деп аталады, кең тараған түрлерін атап
шығыңыздар?
4. Мәліметтер қорының сервері болатын, танымал МҚБЖ атап
шығыңыздар?
5. МҚБЖ-ның негізгі қызметтерін атаңыздар?
6. Мәліметтер сөздігі нені қамтамасыз етеді?
7. Рұқсатсыз қол жеткізуден мәліметтерді қорғау нені қарастырады?
8. Мәліметтер деңгейінде тұтастық және қарама-қайшылықсыз
дегеніміз не?
9. Сыртқы кілттің мәндері үшін сәйкес алғашқы кілттердің мәндерінің
бар болуы нені білдіреді?
10. Мәліметтер сөздігі неден тұрады?
11. Басынан аяғына дейін мәліметтермен жүргізілетін амалдар тізбегі
қалай аталады?
12. Мәліметтермен жүргізілетін амалдарды орындау нәтижелері қандай
жағдайда МҚ-ға тасымалданады?
13. ODBC дегеніміз не?
14. Әр түрлі МҚ-да кейіптемелердің физикалық деңгейінде жалпы
жағдайда қандай форматтар болады?
15. QBE тілі нені кейіптейді?
16. QBE тілінің теориялық негіздері не болып табылады?
17. QBE тілі нені қамтамасыз етеді?
18. QBE тілі не үшін қызмет етеді?
19. CASE-құралдарына не жатады?
20. Ақпараттық жүйелерді құру және ілесе жүру үдерістерін қолдайтын
программалық құралдар қалай аталады?
21. Қорғау жүйелерін бұзудың мүмкін зардаптарын атап шығыңыздар?
22. Есептеу жүйелерінде ақпаратты кешенді қорғаудың мүмкін
деңгейлерін көрсетіңіздер?
Достарыңызбен бөлісу: |