ПИРОЛИТИКАЛЫҚ
ТАЗАРТУЫ БАР ЭЛЕКТР ІШІНЕ
ҚОНДЫРЫЛАТЫН ДУХОВКАСЫН
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ТОЛЫҚ
НҰСҚАУЛЫҒЫ
www.gorenje.com
www.gorenje.com
KZ
EVP3P4
Бізге сенім артқаныңыз және жаңа
аспапты сатып алғаныңыз үшін
алғысымызды білдіреміз.
Аспапты неғұрлым ыңғайлы және
қарапайым пайдалану үшін біз толық
пайдалану жөніндегі нұсқаулығын
дайындадық. Ол сізге өзіңіздің жаңа
микротолқынды пешіңізбен тезірек
танысуға көмектеседі.
Сіз аспапты ақаулықсыз алғаныңызды
тексеріңіз. Ақаулық айқындалған жағдайда
Сіз аспапты сатып алған сауда ұйымына
өтініш жасаңыз.
Жинақтау және іске қосу жөніндегі
нұсқаулық жеке беріледі.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулығын Сіз
сондай-ақ біздің мына сайттан таба аласыз:
www.gorenje.com / < http://www.gorenje.
com />
Маңызды ақпарат
Кеңес, ескертпе
3
МАЗМҰНЫ
492201
4
ҚАУІПСІЗДІК
ШАРАЛАРЫ
6
Аспапты жалғар алдында
7
ПИРОЛИТИКАЛЫҚ ТАЗАРТУЫ БАР ЭЛЕКТР ІШІНЕ ҚОНДЫРЫЛҒАН
ДУХОВКАСЫ
11
Техникалық деректері
12
Басқару панелі
14 АЛҒЫШҚЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
15 АДЫМДАР БОЙЫНША ДАЯРЛАУ (1 - 6)
15 1-Адым: ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ КҮЙГЕ КЕЛТІРУ
16 2-Адым: ҚЫЗДЫРУ РЕЖИМІН ТАҢДАУ
18 3-Адым: ПАРАМЕТРЛЕРІН БЕЛГІЛЕУ
21 4-Адым: ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАРЫ
23 5-Адым: ДАЯРЛАУДЫ ІСКЕ ҚОСУ
23 6-Адым: АСПАПТЫ СӨНДІРУ
24 ҚЫЗДЫРУ РЕЖИМДЕРІН СИПАТТАУ ЖӘНЕ ДАЯРЛАУ КЕСТЕСІ
38 ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
39 Жұмыс камерасын стандартты тазарту
40 Духовканы пиролитикалық тазалау
42 Алмалы және телескопиялық бағыттауыштарын шешіп алу және тазарту
43 Easyclean жапсырмаларын орнату
44 Духовканың есігін ағытып алу және орнату
47 Есіктің шынысын шешіп алу және орнату
48 Жарықтану лампышасын ауыстыру
49 ҚАТЕЛЕР ЖӘНЕ АҚАУЛЫҚТАР КЕСТЕСІ
50
ПАЙДАҒА АСЫРУ
КІРІСПЕ
АСПАПТЫ
ЖҰМЫСҚА
ДАЙЫНДАУ
АДЫМДАР
БОЙЫНША
ДАЯРЛАУ
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
АҚАУЛЫҚТАРЫН
ЖОЮ
4
492201
ҚАУІПСІЗДІК
ШАРАЛАРЫ
НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ ОДАН АРЫ
ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ!
Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және
психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану
үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар
адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген
болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал
қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі.
Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз! Балалар аспапты үлкендердің
қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!
ЕСКЕРТУ! Жұмыс барысында аспап және оның қол жетімді бөлшектері
қатты қызады. Аса сақ болыңыз, ыстық бөлшектерге қолыңызды тигізбеңіз.
Сегіз жасқа толмаған балалар тұрақты бақылауда болуы тиіс!
ЕСКЕРТУ! Қолжетімді бөлшектер аспап жұмысы кезінде қатты қызады.
Кішкене балалардың аспапқа жақын жерде жүрмеуін қадағалаңыз!
ЕСКЕРТУ! Қолжетімді бөлшектер аспап жұмысы кезінде қатты қызады.
Күйіп қалудың алдын алу үшін балалардың аспапқа жақын жерде жүрмеуін
қадағалаңыз!
Жұмыс кезінде аспап қатты қызады. Күйіп қалудың алдын алу үшін
духовканың қыздыру элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз.
Тек осы аспапқа ғана арналған зондты қолдануға болады.
ЕСКЕРТУ! Жарықтандыру лампаларын ауыстырмас бұрын аспаптың электр
қорек желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Электр тоғынан зақым
алу қауіпі бар!
Духовка есігінің әйнегін және пісіру бетінің әйнек қақпағын тазалау
үшін абразивтік тазалау құралдарын және өткір металл қырғыштарды
қолданбаңыз, өйткені бұл беттерді бүлдіріп, шынының жарылып кетуіне
алып келуі мүмкін.
5
492201
Аспапты тазалау үшін жоғары қысымды тазалағыштарды және бу ағынды
тазалағыштарды қолданбаңыз.
Аспап сыртқы таймерге және қашықтықтан басқару блогына жалғауға
арналмаған.
Аспап кірістірілген тұйықтайтын құрылғысы бар стационарлы электр
сымына жалғануы тиіс. Жалғау электрлік монтаждау ережелеріне сәйкес
келуі тиіс.
Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін байланыстыру кабелін ауыстыруды
авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады.
Қызып кетудің алдын алу үшін аспапты декоративтік есік артына орнатуға
тыйым салынады.
Аспап үй шаруашылығында қолдануға арналған!
Оны басқа мақсаттарда қолданбаңыз, мысалы,
бөлмені жылыту, үй жануарларын, қағаздарды,
текстильді кептіру үшін, өйткені бұл жарақат алуға
немесе өрттің туындауына алып келуі мүмкін.
Аспапты жалғауды тек сервис орталығының
маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау
және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп
болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.
Көршілес орналасқан электр аспаптардың
кабельдерін духовка есігінің қысып қалмауын
және бүлдірмеуін қадағалаңыз, өйткені бұл
қысқаша тұйықталуға алып келуі мүмкін.
Кабельдердің қауіпсіздік қашықтықта тұруын
қадағалаңыз.
Духовкаға алюминий фольга төсемеңіз,
табаларды және басқа да ыдыстарды жұмыс
камерасының түбіне қоймаңыз, өйткені бұл
ауаның циркуляциясына және тағамды тиісті түрде
дайындауға кедергі келтіреді және духовканың
эмалын бүлдіруі мүмкін.
Аспап жұмысы кезінде есік қатты қызады.
Қосымша қорғау үшін және есіктің сыртқы
әйнегінің беткі температурасын төмендету үшін,
есік үшінші әйнекпен жабдықталған (кейбір
модельдерде).
Есіктің топсасы күш түскен кезде зақымдалуы
мүмкін. Ауыр ыдысты ашық тұрған есікке
қоймаңыз. Аспапты тазалау кезінде есікке
сүйенбеңіз. Ашылып тұрған есіктің үстінен аяқпен
баспаңыз және балаларға оның үстіне отыруға
рұқсат етпеңіз.
Аспапты табаларға арналған бағыттағышпен де,
оларсыз да қолдану қауіпсіз.
Желдету саңылауларын жаппаңыз және бітемеңіз!