71
көретін телебағдарламалар көсетпеу, ұйқы алдында гиперэмоционалды
ертегілер айтпау қажет.
Тұтықпасы бар балалармен жүргізелетін негізгі түзету жұмыстары:
Ең алдымен дұрыс сөйлеуге тәрбиелеуде сөйлеу кезінде дұрыс тыныс
алуды қалыптастыру маңызды.
* Стрельникованың пародаксальдік тыныс алу жаттығуы арқылы жасаймыз.
* Мұрыннан шулы тыныс алып, жылдам дем алу
*
Насос
* Серіппе
* Өз-өзіңді құшақта
* Мысық
* «Цигун» қытай жаттығуын да жасаймыз.
*
Босаңсып, терең тыныс алып, ұзақ тыныс шығару. Ішпен тыныс алып, дем
шығарғанда, ішті ішке тарту.
*
Терең тыныс алып, тілді жоғары көтеріп, дем шығарғанда тілді төмен түсіру
керек.
-
Логопедтің тұтықпасы бар баламен жұмысы барысында жеңілдетілген деп
саналатын сөйлеу формаларын (сыбыр, нақты сұраққа жауап, өлең оқу, ән
айту, жеке дыбыстармен буындарды оқу) қолданады.
-
Баланың қорғанғыштық режимін қалыптастыру үшін, бала айна
алдында өзін еркін ұстау, психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Артикуляцияға және мимикалық бұлщық еттерге арналған
релаксациялық жаттығулар жасау:
А) басты сәл ғана артқа шалқайтып, 10 секунд ұстаймыз.
Ә) 15 секунд қолымызды жоғары көтереміз.
Б) 5 секундқа қабақты түйеміз.
В) 5секундқа тістенеміз.
Г) 5 секундқа тісімізді көтереміз.
Артикуляциялық жаттығулармен бұлшық етті дамыту жұмыстарын бала
қимылмен орындайды.
*
Тісімізді көрсете отырып, барынша күлеміз. Зейінді беттегі қысымға
аударамыз.
* Түтікше – езу тарту.
* Ерінді алға шығарып 10 сек үрлеу.
*
Тілді алдыңғы тіске тірейміз, назарымызды тілдегі қысымға аударамыз.
* Ауызды ауаға толтырып, көзімізді барынша ашу.
Дауысты дыбыстармен жұмыс
* Дем шығару арқылы дауысты дыбыстармен жұмыс жасау керек
* ааа-ооо, ммм-аааа, нннн-оооо
-
Санау жаттығуларын жасау кезінде
* бір тыныста терең тыныс алып тура және кері санау керек.
«Ән айту» да дұрыс тыныс алуды қалыптастырады.
Қосылып
сөйлеу,
қайталау,
сұрақ-жауап
түрі,
мазмұндау,
артикуляциялық жаттығулар, үндемеу тәртібі
Буын, сөз, жай фраза, жайылма фраза
72
Дыбыстар жаттығуы, сыбырлап сөйлеу, ақырын сөйлеу, қатты дауыстап
сөйлеу, қалыпты дауыспен сөйлеу
Нәтижеге келетін болсақ жыл сайын үш баладан тұтықпа диагнозы бар
балалардан шағын топ жасап, солармен жыл бойы арнайы түзету
бағдарламасымен жұмыс жасаймыз.Негізінен қазақ тілді түзетудің
комплексті жұмыстарының бағдарламасы, нұсқаулығы болмағандықтан тек
орыс тілді басылымдарды негізге аламын. Тұтықпадан толық айықпаса да
сөйлеу кезінде тыныс алуды, артикуляцияны меңгеріп сөйлей алудың өзі
үлкен жетістік болып табылады.Қорыта келгенде, тұтықпамен түзету
жұмысының нәтижелілігі ата-аналар мен логопедтің, дәрігер маманның
тығыз қарым – қатынаста болып жұмыс жасауына тікелей байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Ерғалиева Г.Б. «Тұтықпаны түзету жолдары» Тілашар-Логопед журналы
2017-
208жж.
2.
Г.А. Волкова «Устранения заикания школьников»
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЛЕЛЕРІНІҢ
БІРІ ЗИЯТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗУЫНДА
КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛЕРДІ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАРАСТЫРУ
ЖӘНЕ АНЫҚТАУ
Кадирова Камшат Турмахановна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
№5 Құрманғазы ауданының психологиялық педагогикалық түзету
кабинетінің ӀI-санатты дефектологы
Зерттеу тілінің бұзылуын және жазудың бұзылуын ғалым Куссмауль
1877 жылы атап көрсеткен. Дисграфия, жазу қабілетінің бұзылуы.
Грамматикалық ережелерді білгенімен сөздерді, сөйлемді қате жазады.
Көбінесе ауызекі бұзылғанда (алалия, афазия, дизартрия, дислалия, нашар
есту) пайда болады, олигофренияда байқалады немесе өзінен-өзі де болуы
мүмкін.
XIX
ғасырдың 30 жылдарынан бастап дефектологтар зерттей келе
дисграфияның бірнеше түрлерін атап көрсетті. Орыс тілінде Садовникова
мен Ефименконың, Воронкованың қате түрлері туралы еңбектері
дисграфияны жан-жақты талдаған. Ал қазақ тілінде кездесетін қателерді
жан-жақты қарастыру, талдау бағытында еңбектер жоқтың қасы. Кейінгі
онжылдықта қазақ тілінде Аязбаеваның, Өмірбекованың зияты бұзылған
көмекші мектеп оқушыларының жазуындағы қателер туралы жалпылама
жазылған. Сондықтан менің жұмысым /2-3-4-5-6-7/ зияты бұзылған
балалардың жазуында кездесетін орфографикалық қате түрлерін
практикалық тұрғыда талдауға арналған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Зияты бұзылған балалардың жазуында
кездесетін орфаграфикалық қате түрлерін анықтауға бағытталған.
Міндеті:
1.
Берілген тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жүргізу.
73
2.
Көмекші мектеп оқушыларының жазуында кездесетін қателердің таралу
деңгейін анықтау.
3.
Жазу қателерінің жазу түрлеріне байланысты өзгеруін анықтау.
Левина, Садовникова, Спирова, Ястребова, Корнев т.б. авторлардың
ғылыми жұмыстарында дисграфияның себептерін, сипатын көрсете отырып,
қателерді бірнеше топқа бөлді.
1.Дыбыстың құрамындағы қателер;
2.
Сөздің лексико-грамматикалық жағындағы қателер;
3.Графикалық қателер;
4.
Орфографиялық қателер яғни,емлелік және тыныс белгілеріндегі қателер.
1)
Дыбыстарды дұрыс естіп айыра алмауынан ұқсас дыбыстарды қате
жазу. Оған негізінен ысқырық дыбыстар, айтылуы ұқсас дыбыстар.
2)
Лексико грамматикалық қате түріне сөздерді алмастыру, сөзді тастап
кету, сөз қосу, сөздердің орнын ауыстырып жазу жатады.
3)
Графикалық қателерге оптикалық ұқсастығы бар дыбыстарды
кинестетикалық ұқсастығы бар дыбыстарды алмастыру, бала әріптің
бірінші элементін жазып әрі қарай қолын ойнап икемдей алмай келесі әріптің
емлесін не тіпті басқа әріпті жазуын айтамыз.
Ең алдымен зияты зақымдалған балалар жазбаша жұмыстарды
қатесіз жазуды қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін мен үш кезеңнен
тұратын педагогикалық тәжірибені өткіздім.
1. Мәтінді көшіру.
2. Диктант.
3.
Есте сақтап көшіру.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде арнайы педагог маманына келетін
балалар қамтылды. Балаларда жиі кездесетін қателер дыбыстың
құрамындағы қателер. Оның ішінде айтылу бойынша дыбыстың алмасуы.
Мыс: жапырақ– жабырақ, қобыз – қобыс, апай – абай т.с.с. Бұндай қателердің
көп мөлшерде кездесуі көмекші мектептің оқушыларының қатаң, ұяң
дауыссыз дыбыстарды және жуан, жіңішке дауыстыларды ажырату
ережелерін дұрыс меңгере алмауынан.
Лексикалық, грамматикалық қателердің ішіндегі жиі кездескен қателер
сөзді бөлмей бірге қосып жазу. Мысалы: онбес, ақжауын задамензере т.с.с.
Бұндай қателер балалардың жұрнақ, жалғау қосымшалардың жазу емлесін
толық игермеу салдарынан деп есептеймін.
4. Емлелік және тыныс белгілеріндегі қателерге тоқталсақ зада-зада, Ақан,
Абай әндерін ақан-абай әндерін т.б. балалардың жалқы есімдерді жазу
ережесін дұрыс игермегендігінен және қос сөздерді ажырата
алмағандықтан осындай қателер жиі кездеседі.
Графикалық қателер ішіндегі кинестетикалық ұқсастығы бойынша
қателер де жиі кездеседі.Сонымен диктант жазуда сөздің дыбыстық
құрамындағы қателер ішіндегі айтылуы бойынша дыбыстардың алмасуы
жиі кездеседі.
Көшіріп жазудағы қателер негізінен дыбыстық құрамындағы қателер
т.б. оның ішінде дауыссыз әріптің түсіп қалуы /жаппас-жапас, ұстау-ұсау/
қатар келген дауыссыздардың бірін тастап кетуі мыс: аспабы-асбабы,
Достарыңызбен бөлісу: |