3
АЛҒЫ СӨЗ
Ғалымжанова Маржан Анесқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты,
профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру
жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің
2016-
2019 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда. Мұнда білім
саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты
дамитын балалармен қатар дамуында ауытқуы бар балалардың да білім
алуына барлық жағдайды жасау керектігі айтылған.
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін
Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.
Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер
баршылық. Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011-2020, 2016-2020
жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты.
Қоғамдағы дамуында ауытқуы бар тұлғалардың жағдайы, олар бастан
өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі кездеседі. Алайда
дамуында ауытқуы бар ересек тұлғалардың өз құқықтарын іске асыруына
байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал дамуында
ауытқуы бар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл дамуында
ауытқуы бар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру
мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы
проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың
адамзаттық ар-ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүруге
құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер
болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз,
нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан
үлгермеушілер қатарына жатады.
Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру
жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуінен. Ал біз
болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіріп жатырмыз. Баланың
меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың
жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді
мектепке, мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім
берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар: дамуында ауытқуы бар
оқушыларға қатысты үміттің аздығы, жоқтығы, инклюзивті білім беруге
мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде.
Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының
бағдарламаларына енгізу,жоспарлау кезінде дамуында ауытқуы бар
балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны
алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды даярлау, ерекше білім