68
6) оқыту және түзете-дамыту үдерістерін, сондай-ақ бейімдеу және
модификациялауды ұйымдастыруға арналған білім беру ресурстарын
шоғырландыру
және оқу
материалын оқушылардың білімділік
қажеттіліктеріне пайдалану;
7) оқушылардың қоғамда өмір сүруіне әлеуметтік бейімделу іс-
шараларын жүзеге асыру, еңбек және басқа өмірлік дағдыларын
қалыптастыруын қамтамасыз етуі тиіс.
Инклюзивті білім беруде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне
қойылатын талаптар:
•
Сабақ үстінде берілген тапсырманы қызықты етіп түсіндіруге;
•
Оқушылардың селқостығына назар аударуға;
•
Сабақ үстінде сыныпта тыныштықты орнату барысында қаталдық
танытпауға;
•
Жаттығулармен, соның ішінде қатемен жұмыс, оқу дәптерлерімен
жұмыс жасауға көмектесу;
•
Бағалау жүйесі бойынша мүмкіндіктерін ескеруге;
•
Оқушыларды «қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне» байланысты топқа
бөлуге;
•
Ынталандырушы әдістемесін жиі қолдануға;
Логопедтің мақсаты:
1.
Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға уақтылы көмек көрсету;
2.
Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта
құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру;
3.
Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата-аналармен
байланыста болу;
4.
Пән мұғалімдері, психолог мамандармен жиі қарым-қатынас орнату.
Міндеті:
1.
Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу
жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану;
2.
Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларды ерте түзете-дамыту
жұмыстарын уақытылы жүргізу.
Күтілетін нәтиже:
1.
Психофизиологиялық мүмкіндігі дамиды;
2.
Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алады;
3.
Әлеуметтік – адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез-құлық
қалыптасады. Өмірге құштарлығы артады.
Инклюзивті оқытудың тиімділігі:
1.
Айрықша мұқтаждықты қажет ететін балалар үшін:
•
Өз қатарларымен қарым-қатынас жасағанда тілінің дұрысталуы,
эмоцияның өзгеруі;
•
Өз қатарларын ол рольдік үлгі ретінде біледі;
•
Баланың мықты таланттылығы, қызығушылығы артады, мінезі
өзгереді.
2. Айрықша мұқтаждықты қажет етпейтін балалар үшін:
•
Айырмашылықты түсініп оған баға беру;
69
•
Жаны ашу, көңіл бөлу, көмектесу арқылы тәрбиелік құндылығының
артуы;
•
Таза достық пен бірігіп жұмыс жасау.
3. Ата-аналар үшін:
•
Басқа ата-аналардан көмек пен қолдау алу;
•
Баланың әдеттегі жағдайынан өсуі жөнінде ақпарат алуы.
Қорыта келе, инклюзивті білім беру жүйесін қолдаймын. Себебі, ерекше
оқытуды қажет ететін ерекшеліктеріне немесе ақыл-ойының баяу дамуына
қарамастан, оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық,
бейімділік болатыны заңды құбылыс. Сондықтан да инклюзивті оқыту
арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқауға ақыл-ойын дамыта
отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке қол жеткізе
білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білемін. Әйтсе де мұндай
балалармен жұмыс жасау үлкен еңбекті, табандылық пен шыдамдылықты
қажет ететіндігі белгілі.
Пайданылған әдебиеттер:
1.
Закон РК «О социальной и медико-педогогической коррекционной
поддержке детей с ограниченными возможностями», Алматы, 2002
2.
Капустин А.И. «Проблема дифиректированного и интегрированного
обучения в историй олигофренопедогогики» ж. Дефектология,1996.5
3.
Интегрированное обучения детей с нарушением слуха (методические
рекомендаций), 1999
4.
Сулейменова Р.А. «Система ранней коррекционной помощи детям с
ограниченными возможнастями в Казахстане: проблемы создания и
развития», Алматы 2001
ТҰТЫҚПА ДИАГНОЗЫ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Малиева Нурганым Жанболатовна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
№5 Құрманғазы ауданының психологиялық -педагогикалық
түзеу кабинетінің педагог -логопеді
Тұтықпа – сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан,
сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Тұтықпа негізінен
күрделі тіл кемістігі болып саналады.Онда сөйлеу функциясының
бұзылуымен қатар нерв жүйесінің, соматикалық денсаулығының, жалпы
және сөйлеу моторикасының бұзылуы және психологиялық ерекшеліктері
байқалады. Тұтығу негізінен нерв жүйесі әлсіз, балаларда пайда болады.
Тұтықпаның негізгі белгісі – ауызша сөйлеу процессінде сөйлеу
аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Тыртысу тек сөйлеу кезінде
немесе сөйлей бастағанда байқалады. Тыртысу негізгі үш түрге бөлінеді:
тоникалық және клоникалық, сонымен қатар кейде аралас түрге де бөледі.
Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің (мысалы:
еріннің, тілдің т.б.) тонусының қатаюымен сипатталады. Тұтығушы сөйлеу
70
кезінде тоқтап, бөгеліп қалады (Мысалы: т....тауық). Ауыз бұл кезде
жартылай ашық немесе еріндер қосылып тұрады. Тырысудың клоникалық
түрі сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің біркелкі қайталанып
қысқаруымен сипатталады. Көбінесе тұтықпада тыртысудың клоникалық
және тоникалық түрлері бірдей байқалады ( Мысалы: та-та-та-тауық). Аралас
Мысалы: кі...кіт-та-тап
Тұтықпа балалардың ауызша сөйлеуін ұйымдастырудағы сол жақ жарты
шардың басқарушы ролінің бұзылатындығы электрофизиологиялық
зерттеулерде анықталған.
Тұтықпаны зерттеу: психологиялық, педагогикалық, логопедиялық,
медициналық тексеруден тұрады.
Тексеру үш кезеңнен тұрады:
***Анамнестикалық мәліметтерді жинау;
***Жалпы, ұсақ, мимикалық және артикуляциялық моторикасын
тексеру;
***Тұтықпаның байқалуын тұлғалық ерекшеліктерін тексеру.
Тұтығуға комплексті әсер ету мынандай бағыттардан тұрады:
1.
Медициналық әсер ету. Ол баланың нерв системасының функциясын
қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен
логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
2. Психотерапиялық әсер ету. Барлық логопедиялық жұмыс кезінде
жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Әрдайым
әңгімелесу барысында сөйлесіп жатқан адамының жүзіне қара. Бұл сенің
бойында сенімділік пен батылдықты сездіреді. Есіңе сақта, қай жерден
болмасаң да, асықпай, баяу, сабырлы сөйле. Сөйлеп тұрғанында басынды
төмен салбыратпа, артық қимылдар жасама. Басынды жоғары көтеріп, өзіне
сенімді бол! Жауап беруге асықпа, ең алдымен іштей айтып ал.
3. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына /8-9 ай/, жүйелі түрде
жүргізілетін системалық сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты
өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі,
қиын түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру
болып табылады.
4. Логопедиялық ритмика /ырғақ/. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар
немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады.
Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының
дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере
білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады.
5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі.
Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің
үлкен маңызы бар. /балалар мекемелері мен жанұясында баланың
жақындары/. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек.
Сонда олар өздері де осылай сөйлеуге дағдыланады. Баламен бірқалыпты
қарым-қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол кезеңте
мадақтап отыру қажет. Сол сяиқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс
тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу, баланың
психикасына шамадан тыс салмақ түсірмеу керек. Мысалы: ересектер
Достарыңызбен бөлісу: |