Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет119/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   363

245 

 

2 кезең (4-5 жас) «Таңғажайыптар жанымда». 



Ортаңғы топ балалары заттар мен материалдардың қасиеті мен сапасына қарай (мөлдір-

күңгірт,  жұмсақ-қатты  және  т.б.)  танысуды  жалғастырады,  өлі  табиғаттың  құбылыстарын 

анықтауды  үйренеді  (судың  мұзға  айналуы,  қыраудың  пайда  болуы).  Өсімдіктерді  өсіру 

тәсілдерімен танысады (тұқым арқылы, өсімдіктің бір бөлігі арқылы), жер бетіндегі тіршілік 

үшін судың, жарық пен жылудың маңыздылығы туралы түсініктері қалыптасады. Тәжірибенің 

бір бөлігі ойын-эксперимент түрінде жүргізіледі. 

Ортаңғы  топта  алғаш  рет  жеке  құбылыстардың  себептерін  анықтау  бойынша 

эксперимент жүргізіле бастайды, мысалы: «Неге су көлеңкеге қарағанда, күннің көзінде тез 

буланады?». Тағы да басқа жаңашыл сұрақтар арқылы балалар ең бастысын анықтауды, екі 

нысанның  жағдайын  ажырату  мен  салыстыруды,  олардың  арасындағы  айырмашылықты 

табуды  үйренеді,  мысалы:  мұз  бен  су,  су  мен  бу.  Аталған  жастағы  балалармен  ұзақ  уақыт 

бақылау жүргізуге, нәтижелерін бақылау күнделігіне жазуып қоюға болады. 

3 кезең (5-6 жас) «Білсем, көрсем». 

Ересек жаста балалардың сұрақ қою және өз бетінше оларға жауап беру сияқты тұрақты 

әдеттері  қалыптасады,  эксперимент  жасау  туралы  бастаманы  балалар  өз  қолдарына 

алады.Ересек мектеп жасына дейінгі балалар заттардың физикалық қасиеті туралы білімдерін 

бекітеді,  оларға  қоршаған  ортаның  кейбір  факторлары  туралы  ұғым  беріледі.  (Күн,  күн 

энергиясы, ауа, ауаның қысымы, топырақ, топырақтың құрамы, Жер бетіндегілердің өмірінің 

осы  факторларға  тәуелді  болуы).  Ересек  балаларға  өткізілетін  сабақтар  танымдық  сипатта, 

онда  балалар  жанартау,  таулардың  түзілуі,  аралдар  және  т.б.  туралы  көптеген  құбылыстар 

туралы біледі. Сосын балалар осы ғажайып құбылыстарды эксперимент барысында жасайды, 

мысалы,  аралдар  макетін    жасап,  жанартаудың  «атылуын»  іске  асырады.  Білімпаз  ата, 

Дымбілмес  сияқты  керемет  кейіпкерлер  балаларға  осы  бір  таңқаларлық  жағдайларды  іске 

асыруға көмектеседі.  

Біз тәжірибелік-эксперименталдік іс-әрекеттерді бағыттар бойынша бөліп тастадық: өлі 

табиғат, тірі табиғат, қолдан жасалған әлеммен танысу.  



1.Өлі табиғат: ауа, топырақ, су, магниттер, дыбыс, жарық. Өлі табиғаттың нысандарын 

бақылай  отырып,  ауаның  қасиеттерімен,  желдің  адам  өмірі  мен  табиғаттағы  рөлімен, 

ластанған  ауаның  барлық  тіршіліктің  денсаулығы  үшін  қатерлілігі  туралы  түсініктермен 

таныстық.  Мынадай  тәжірибелер  жасалды:  «Көзге  көрінбейтін  адамды  іздеу»,  «Банкадағы 

майшам», «Сабын талы- рапира». Экология бойынша көптеген қызықты ҰОӘ өткізілді, атап 

айтсақ «Маша мен Миша қоршаған ортаны зерттейді», «Қант мен тұз қайда жоғалып кетті», 

«Ата жұмбақтар жасырады», «Судың дәмі мен иісі жоқ», «Ауаны көруге бола ма?» және т.б. 

Магниттің қасиетін бекіте отырып, балалармен бірге «Геометрик» атты магниттік ойын 

дайындадық, сонымен қатар көбелекпен сиқыр жасалды.  

«Тұзды бұрыштан ажырат»,  «Секіргіш қағаз» атты тәжірибелер балаларды физикалық 

құбылыстармен таныстыруға мүмкіндік берді.  

2.  Тірі  табиғат:  әртүрлі  табиғи-климаттық  аймақтардың  өзіне  тән  мезгілдік 

ерекшеліктері,  тірі  ағзалардың  көпбейнелілігі  мен  олардың  қоршаған  ортаға  бейімделуі. 

Мынадай  тәжірибе  циклін  өткіздік:  «Өсімдіктің  жарықты  іздеуі»,  «Ауыр  заттың  өсімдіктің 

өсуіне әсері», «Өсімдік өзін қоректендіре алады», «Тамырдың өсуін бақылау», «Судың сіңуі». 

Балалармен бірге терезе алдындағы бақшаны безендірдік. Балалар тұқым отырғызуға белсене 

қатысты.  Табиғат  бұрышындағы  кезекшілер  тұқымның  ең  бірінші  пайда  болуын  бақылау 

күнделігіне тіркеп отырады.  

3. Қолдан жасалған әлеммен танысу. 

Балаларды  әртүрлі  металдармен  (алюминий,  болат,  жез,  қола,  күміс)  таныстырып, 

олардың қасиеттерін салыстырдық. 

Мектеп жасына дейінгілердің пластмасстың әртүрлі түрінен жасалған заттарды туралы 

білу  іскерліктерін  жаттықтырып,  олардың  өзіне  тән  ерекшеліктерін  салыстыруға  үйреттік. 

Балаларды табиғи құбылыс –жанартаумен таныстырып, оның атқылау себептерін түсіндірдік.  




246 

 

Балалардың тасқа деген қызықғушылықтарын дамыттық. Сонымен қатар мата мен қағаз 



түрлерін ерекшеліктеріне және белгісіне қарай салыстырдық. Бақылаудың нәтижесін балалар 

бақылау күнделігіне жазып отырды.  

Айына бір рет «Таңғажайып тастар», Біздің көмекшіміз-сезіну мүшелері», «Табиғаттағы 

су  айналамы»,  «Біз  ауа  туралы  не  білеміз?»,  «Судың  құпиялары»,  «Құмдағы  іздер», 

«Тұқымдар оянды», «Магнитті сынау» сияқты сабақтар өткіземіз.  

«Отбасында  балалардың  танымдық  қызығушылықтарын  дамыту»,  «баланың 

ізденушілік-зерттеушілік белсенділігін дамытудың рөлі» ата-аналарға арналған ақыл-кеңестер 

өткіздік. Сонымен қатар тәрбиешілерге «Балабақшада тәжірибелік-эксперименттің іс-әрекет 

бойынша жұмыстың мазмұны» атты ақыл-кеңес берілді.  

Осындай  тәжірибелік-эксперименттік  іс-әрекет  барысында  мынадай  нәтижеге  қол 

жеткіздік:  

1. «Бәрін білгім келеді», «Зертхана» эксперименттік бұрышын тәжірибеге қажетті құрал-

жабдықтармен безендірдік.  

2. Қартотекалар құрастырдық: 

-тәжірибелер мен эксперименттер; 

- сабақтар конспектісі; 

-«Біздің ашық хаттар» жоспары құрылды (фотоматериалдар).  

Дұрыс  ұйымдастырылған  тәжірибелік-эксперименттік  іс-әрекет  балалардың  жаңа 

білімге  және  әсерлерге  деген  қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Интеллектуалды  дамуына 

себеп болып, өзінділік пен білімге құмарлық қасиеттерін тәрбиелейді.  

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.   «Бала мен балабақша» республикалық педагогикалық журналы//№6, 2012 ж. 

2.  «Мектепке дейінгі білім» №39,40,2000ж . 

 

 

 



БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҮШТІЛДІЛІК – КӨП ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ 

 

 

Жумырова Г.О. 

Балқаш қаласының «Күншуақ» балабақшасы 

 

 



Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан халқына  Жолдауында  «Қазақстан  бүкіл  әлемге 

халқы  үш  тілді  пайдаланатын  мәдениетті  ел  ретінде  танылуға  тиіс.  Бұлар  қазақ  тілі  - 

мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай 

кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара 

ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. 

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. 135-тен астам халық бірлік пен татулықта өмір сүріп 

жатыр.  Әрбір  ұлт  өкілдері  өз  тілдерін,  салт-дәстүрін    сақтап  қалуы  үшін  барлық  жағдай 

жасалуда.  Оны  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  та  атап  өткен  болатын:  «Біз  көпұлтты  қоғамбыз. 

Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  тілін,  мәдениетін  және  салт-дәстүрін 

дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз» - деп 

айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуы керек.  

Тілдердің үйлесімде бірлесіп өмір сүруі  көпұлтты мемлекетке тән құбылыс. «Ұлттардың 

бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтамасыз 

етеді.  Дүниенің  сұлулығы,  табиғаттың  кереметі  –  ондағы  сан  алуан  түстердің  гармониясы 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау