Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет115/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   363

237 

 

қатынасса  емдеу  әсерлі  болады.  Ойын  баланың  психологиялық  ахуалын  сақтауға,  оның 



қоғаммен  қарым-қатынасын  анықтауға,  ересек  өмірге  дайындайды.  Ойын  балаларға  белгілі 

дағдыларды  меңгеру  үшін,  сонымен  қатар  қарым-қатынасты,  өмірге  деген  құлшыныстарын 

арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық 

күйзелістен  шығу  үшін  емдеудің  бір  тәсілі  ретінде  қолданылады.  Бала  ойынға  өз  еркімен 

қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек.  

Құм терапиясы (Sand play)-адамға өзінің жан дүниесіндегі  өз  «Менін», өзін танытуға, 

өзіне  өте  маңызды,жан  тебірентерлік  және  құпиясының  ашылуына  көмектеседі.  Құм 

терапиясы – емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп 

түрлері  оған  қауіпсіз  түрдегі  рөлдік  қимыл-әрекеттің  түрі,  бейнелеме  (символика)  әлемге 

жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді. Құм терапиясының маңызы: Бала өзін 

жайлы,  қорғалған  күйде  сезініп,  шығармашылық  белсенділік  танытатын  табиғи  стимулдық 

орта  қалыптастырады  және  танымдық,  психикалық  процестерді  дамытады  ол  түйсік 

(форманы,  түсті,  тұтас  түйсік),  есті,  зейінді,  қиялды,  кеңістік  түсінікті,  тактильді-

кинестетикалық  сезімділік  пен  қолдардың  ұсақ  моторикасын  дамиды.  Құм  терапиясының 

мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық 

ойлауды,  көрнекі  іс-әрекеттік  ойлауды,  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамыту.    

Қорыта айтқанда, қазіргі заман ағымына қарай баланы мектепке дайындау өз деңгейінде 

болуы  керек.  Мектеп  жасына  дейінгі  бала,  мектепке  дейінгі  ұйым  бағдарламасы  бойынша 

қарапайым түсініктерін меңгеруде өзін қоршаған орта жайында белгілі деңгейде білімі бар, 

қарапайым әдет-дағдыларды меңгеруі керек. Баланың өз бойына сіңірген іс-әрекеттер арқылы 

жоғары жетістіктерге жетуге болады. Оған қоса жалпы терапияларды қолдану арқылы белгілі-

бір  ұлтқа  тән  ерекшеліктердің  айырмашылығын  анықтауға  болады.  Енді  ғана  дамып  келе 

жатқан сала екендігіне қарамастан осы саланы дамытудың маңызы зор болмақ. Келешекте осы 

салада  кызмет  етіп  еліміздегі  мектепке  дейінгі  ұйымда  жалпы  терапияларды  дамытуға  өз 

үлесімді қосқым келеді. 

Арт-терапия  сиқырлы    бейнелеу  әлемнің  бір  бөлшегі.  Әр  адам  сиқырлы  әлемге  сену 

керек  екенін  түсініп  және  арт-терапия  арқылы  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қиялын 

қалыптастырып,  шығармашылығын дамытатын тиімді әдістердің бірі екендігі білген аян. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. Рудестам К. Групповая психотерапия. СПб, 1998г.-372с. 

2. Психотерапевтическая энциклопедия. Под ред. Б.Д.Карвасарского .СПб, 2000г.-708с. 

3. Брусиловський Л.С. Музыкотерапия: руководство по психотерапии / Брусиловський Л.С. – 

М., 1985. 

4. Ирвин Я. Теория и практика групповой психатрии. СПб, 2000г.-515с.  

5. .А Жалмағанбетова «Фауна және жануарлар терапиясы» http://www.aktobegazeti.kz/ 

6.  Ткач Р.М. Сказкотерапия детских проблем. – СПб.: Речь; М.: Сфера, 2008.-118 с. 

 

 

 



ОЙЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ 

ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

 



Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің оқытушылары: 

Жексенова Б.О., Казангапова С.О., Мусина Г.Г. 

 

 



238 

 

«Бала ойын ойнағанда  өзін қалай көрсетсе, өсе келе еңбекте  де  өзін солай көрсетеді. 



Сондықтан  да  болашақ  қайраткерді  тәрбиелеудің  бірден  бір  жолы,  ол  –ойын»  деген    А.С. 

Макаренко. Қазіргі қоғамның талабына сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жан-жақты 

дамыту  –  қоғам  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі.  Осыған  байланысты  ең  алдымен, 

оқушының жалпы психологиялық  дамуына, соның ішінде ақыл-ойының дамуына әсер ететін 

жаңашыл технологиялар мен  бағдарламаларға деген қызығушылық артуда. Бұл әдістер мен 

жүйелер психология мен педагогика ғылымдарының жетістігіне негізделеді.  

Адамның бүкіл өмірлік жолында  бір-бірінің орнын басып тұратын үш түрлі генетикалық 

іс-әрекет бар: олар ойын, оқу, еңбек.  Ойын – үлкендердің балаларды тәрбиелеудегі іс-әрекеті. 

Ойынның теориялық түсінігі педагогика мен психологияда көп зерттелген. 

Дүние – дүние болып адам баласы жаралғалы бері, тамақ тауып күн көруден басқа, сан 

алуан ойын түрлері де пайда болған. Ойынды үлкен де, кіші де ойнайды. Бала кездегі ойын 

түрлері бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытады, өсіреді. Ойын түрлері көп-ақ. Балабақшадағы 

жас  жеткіншектер  дайын  бөлшектерден  үй  құрастырып,  ермексаздан  түрлі-түрлі  мүсіндер 

жасаса, бірте-бірте виртуалды ойындарды ойнауға көшеді. 

Ойынның  басты-басты  үш  түрі  бар  деп  білеміз.  Олар:  кәсіптік  ойындар,  әуестену 

ойындары және жаттығу ойындары. Ойын оқыту барысында оқытудың бір формасы және әдіс-

тәсілі  есебінде  дидактикалық  категория  болады.  Осыған  орай,  ойынды  оқытушылар  мен 

студенттердің,  ұстаздар  мен  шәкірттердің,  мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіндер  мен 

тәрбиешілердің  қоғамдасқан  оқу  мен  тәрбие  ісіндегі  бір-бірімен  тығыз  байланысты 

технологиясы  ретінде  де  қолдануға  болады.  Кішкентайлар  ойыны  да,  ересектер  ойыны  да 

белгілі бір тұлғаның мағыналы іс-әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің де, өзгенің де 

ойынын талдап, таразылай отырып, оны өзінің өмір  тәжірибесінде қолдануға дағдыланады. 

Педагогтардың іс-тәжірибесінде ойынға орай бір қатар ұғымын, түсініктері қалыптасқан. Атап 

айтар болсақ, ол: ұжымдық ойын, рөлдік ойын және т.б.  

Ойын  теориясы  мен  практикасын  отандық  және  шетелдік  педагогтар,  психологтар, 

әлеуметтанушылар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б.Элькониннің 

«Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. 

Ойын  теориясын  зерттеуші  Ресей  ғалымдары:  А.В.Вербицкий,  Т.В.Кудрявцев, 

И.П.Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С. Хайдаров, Г. М. Қасымова т.б. 

Балалар  ойындарындағы  ұстаздардың  рөлі  өте  зор.  Ұстаз  –  көбіне-көп  сол  ойынды 

ұйымдастырушы.  Ойынның  мән-маңызын  түсіндіріп,  ақыл-кеңес  береді.  Шәкірттердің  дау-

дамайлы мәселелеріне әділ қазы да бола біледі. 

Ұстаз  балалардың  ойын  кезінде  де  қилы  сезімдерде  болып,  көңіл  күйінің  мың 

құбылатынын (мақтану, қуану, ренжу, қызғану, өкіну) білуі тиіс. Мұндай көңіл күйдің ұтысқа, 

не болмаса ұтылысқа байланысты болатыны бесенеден белгілі. Көп жағдайда, ойын үстінде 

топ мүшелері жұмылған жұдырықтай, тату-тәтті қарым-қатынаста болады. Кей кездердегідей 

талас-тартыс, ашу-реніш дегендер атымен ұмытылады. Ұжым бір адамның баласындай ортақ 

бір  мүдде  үшін  күреседі.  Алайда,  ойын  барысында  жағымсыз  жағдаяттардың  да  туындауы 

мүмкін  нәрсе.  Шәкірттердің  бәсекелес  қарсы  топты  дұшпан  көріп,  келеңсіз  іс-әрекеттерге 

баруы ғажап емес. Мәселен, қарсы ойыншылар ұтып кеткенде, намыстанып, қызғанып, жеңіс 

жалауын  қолдан  бермеуге  тырысып,  жеңіске  жетудің  қитұрқы  жолдарын  жасауы  мүмкін. 

Мұндайда ұстаз әділ төрелігін айтып, екі жақты да ренжітпеуі тиіс. 

Балалардың  еңбегінде,  қарым-қатынасында,  танымдық  үдерісінде  және  тұлға  болып 

қалыптасуында  ойынның  алатын  орны  үлкен.  Тәрбиенің  теориясы  мен  практикасындағы 

балалардың  ойын  әрекетін  күшейту  туралы  мәселенің  қойылуы  тұлғаның  қалыптасуы  мен 

ойын  әрекетінің  көптеген  мүмкіндігіне  және  осы  мақсаттардың  іске  асуына  негізделген. 

Ойынның мәні мен оның тәрбиедегі маңызын екі жақты бағалауға болады. Біріншіден,  кең 

мағынада қоғамдағы адамгершілік тұрғыда адамға деген қамқорлығы мен соның ішінде, өсіп 

келе жатқан ұрпаққа деген жанашырлық. Екіншіден, нақтырақ алсақ, педагогикалық мәнде: 

білім беру мен тәрбиедегі нақты мәселелерді шешуге негізделген.  




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау