Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет118/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   363

243 

 

Қ.Жанпейісованың модульдік оқыту, Оразақынованың сатылай кешенді талдау, 



СТО  арқылы  оқыту,  мәселелік  оқ ыту,  оқытудың  белсенді  әдісі,т.б.  [4]  қазірде 

кеңінен  қолданылуда.  Ал    оқытудың  модульдік  технологиясы  мен  В.М. 

Монаховтың,  Дьяченконың  оқытудың  ұжымдық  тәсілі,  сондай -ақ,  профессор 

Ж.Қараевтың  оқытуды  дербестендіру  мен  ізгілендіру  ұстанымдарына 

негізделген  жаңа  педагогикалық  компьютерлік    технологиясы  да  жиі 

қолданылып  отыр.[4]  Егер  осы  жұмыстарда  қарастырылған  оқытудың 

педагогикалық  технологиясын  оқу-  тәрбие  үрдісіне  оқытудың  жаңартылған 

жүйесінің  жобасы  ретінде  енгізетін болсақ, онда білімді демократияла ндыруға 

және  ізгілендіруге  оқыту  сапасын  арттыруға;  басқару  сапасын  жетілдіруге;  

оқушылардың  дамуына  бақылау  жасауға;  соған  сәйкес  бағалауға  болатыны 

ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.   

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жа н-жақты 

дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша 

әдістемелік  жүйенің  басты  бөлігі  оқыту  мақсаты  болып  қалады.  Сондықтан 

танымдылық    іс-әрекеті    белгілі  бір  дәрежеде  белсендірілуі  қажет.  Бұл 

әдістемелік  жүйенің    басқа  бөліктерінің  де  (мазмұн,  әдіс,  оқыту  түрі  мен 

құралдарының)  өзара  байланысы  қалпында    өзгертілуін    талап  етеді.  Мұны 

орындау үшін мына ұстанымдар  жүзеге асуы тиіс. Оқушылардың өзіндік іздену 

іс-  әрекетінің  әдістерін  меңгеру  талап  етіледі.    Өйткені  бұл  әдістердің 

күнделікті  пайдаланып  жүрген  оқыту  әдістерінен  айырмашылығы  бар.  Яғни, 

жаңа  жағдайдағы  «оқыту  әдістемесі»  деп  отырғанымыз:  «оқушы -  мұғалім» 

ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы 

тұрады  және  оның  өз  бетімен  білім  алудағы  бе лсенділігіне  баса  назар 

аударылады. 

Жаңаша  оқытудың  негізгі  түрлері:  оқытудың  дербес  және  топтық  түрлері 

болып  табылады.  Бұл  жерде  алға  қойылатын  басты  мақсат  –  оқушыға  деген 

сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі  мен қадір - қасиет 

сезімін  дамыту.  Ал  оқытудың  фронталды  түрі,  көбінесе,  бағыт  беру,  талқылау 

және  түзету  енгізуде  ғана  пайдаланылады.Жаңа  технологияның  мақсаты 

бойынша  «оқытуды  ізгілендіру»  қажет.  Ендеше  оқушылардың  білім,  білік, 

дағдыларын  жетілдіру  үшін  оқытудың  жаңа  технол огиясы  негізінде 

дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес  

өткізілетін    әр  түрлі  сабаққа  арналған  жаңа  тұрпаттағы  оқулықтар  мен  оқу 

құралдары қажет -ақ.  

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.    «ҚР 2015 ж дейін гі  білі м б ер уд і дамыт у тұжыр ымдамасы » 

2.  М.М.  Жанп ейісова  «М од ул ьдік  оқыт у  технологиясы  бал ан ы  д амыт у  құралы 

ретінде.» 

3.  «Д а уыс & Көріні с » Оқ у мен жаз у арқыл ы сыни тұрғыдан ой ла у т урал ы ұлтт ық 

журнал 

4.  Қ.М.Нағымжанова  «Инновациял ы -к реат ивті т ехнологиялар»  



5.  К.С.Құдайб ергенова  «Қ ұзырлыл ық т аб и ғаты -  тұлған ың өз дік д ам уынд а  »    

6.  ҚР Президенті Н.Ә.Наз арб аевт ың Қ азақ стан  халқын а жолдауы.2014ж.  

 

 

 



БАЛАБАҚШАДА ЭКОЛОГИЯ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-

ЭКСПЕРИМЕНТАЛДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 


244 

 

 

Жумадилова А.О. 

№108 «Арман» балабақшасы КМҚК 

 

 

Біздің заманымызда экологиялық тәрбие бірінші орында және ол жалпы адамзат үшін 



өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті осы мәселеге өте көп көңіл бөлінеді. Неге бұл мәселелер 

өзекті  болды?  Себебі  –экологиялық  тепе-теңдікті  бұзуға  әкелетін  экологиялық  тұрғыдан 

адамның табиғатқа қатысты сауатсыз әрі кері іс-әрекеттері болып отыр. 

Табиғатқа  қатер  әкелген  және  әкелетіндер  де  кезінде  бала  болған.  Міне,  сондықтан 

екінші  кіші  жастан  бастап  балаларды  экологиялық  тәрбиелеуде  мектепке  дейінгі  ұйымның 

рөлі өте үлкен. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісі тұтастай және 

экологиялық  тәрбие  туралы  білім  жүйесіне  сүйенулері  керек,  ол  тірі  және  өлі  табиғаттың 

қарапайым  мәліметтерін  өзіне  қосады.  Бұл  жүйеде  ерекше  орын  алатын  табиғаттың  бір 

бөлшегі сияқты адам туралы, ең ақылды, саналы тіршілік иесі ретінде білімнің  болуы және де 

Жер шарының болашақ өмірі осы адамның қолында екендігі. 

Ғасырлар бойы адамдар табиғатқа қатысты оны қолданылушылар болды: осында тұрды, 

оның  берген  сыйын  ақырын  ойламай  ала  берді.    Сондықтан  адамдардың  табиғатқа  деген 

қамқорлық  сезімдерін  тәрбиелеу  керек.  Дәл  мектепке  дейінгі  жаста  экологиялық  білімді 

меңгерген    дұрыс,  себебі  бала  табиғатты  эмоционалды  қабылдайды,  оған  тірі  зат  ретінде 

қарайды. 

Экологиялық  тәрбиенің  басты  мақсаты  –  ең  негізгі  экологиялық  мәдениеттін,  яғни 

баланың  табиғатқа  деген      дұрыс  көзқарасы,  қатынасы,  өзіне  және  адамдарға,  табиғи 

өнімдерден  жасалған  заттар  мен  материалдарға  табиғаттың  бір  бөлшегі  ретінде  қарауын 

қалыптастыру.    Мұндай  қарым-қатынас  қарапайым  экологиялық  білім  негізінде  құрылады, 

оның ішінде зерттеушілік іс-әрекет барысында жүзеге асырылады.                      

Зерттеушілік  іс-әрекет  баланың  табиғатқа  деген  қызығушылығын  туғызады,  өзінің 

ашқан шағын жаңалықтарын өз бетінше жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан ол экологиялық 

мәдентиетті қалыптастыру жүйесінде маңызды орын алады. 

Қоршаған ортаның заңдылықтары мен құбылыстарын танудың тиімді әдістерінің бірі – 

эксперименталдік  әдіс.  Балалар  эксеперимент  жасағанды  өте  жақсы  көреді.  Олар  үшін 

көрнекілік-әрекеттік  және  көрнекілік-бейнелілік  ойлау  тән,  және  де  эксперимент  жасау 

олардың  жас  ерекшелігіне  сәйкес  келеді.  Эксперимент  жасау  барысында  мектеп  жасына 

дейінгі  балалар  өзінің  білімге  құмарлығын  қанағаттандыра  алады,  өзін  ғалым,  зерттеуші, 

жаңалық ашушы адам ретінде сезінуге мүмкіндік береді.  

Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгілердің экологиялық мәдениетінің бастамасын 

қалыптастыру  бойынша  үлкен  жұмыстар  жүргізіледі.  Жұмыстың  негізгі  мазмұны  мектеп 

жасына дейінгілерді эксперимент жасау арқылы  тірі және өлі табиғатпен таныстыру болып 

табылады. Балалардың жас ерекшелігіне қарай, жұмыс бірнеше кезеңдерге бөлінеді. 

1 кезең (3-4 жас) «Ойнай отырып, танимыз». 

Кіші жаста балаларды қызықтыру үшін қарапайым тәжірибелер ойын түрінде өткізіледі. 

Балалар  табиғатының  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  екінші  кіші  топ  балалары  бір 

нысанға ұзақ зейін қойып отыра алмайды, сондықтан тәжірибе ұзақ уақытты талап етпейді. 

Балаларға  ерекше  белгілері  мен  қасиеттері  туралы  жалпылама  ұғым  беріледі:  құм  құрғақ 

(дымқыл, су), шашылады (иленеді); қар ақ (жұмсақ, суық), ериді, иленді және т.б. Үлкендердің 

көрсетуімен балалар көру-сезіну әрекеті арқылы нысандарды зерттеп, осының негізінде әрбір 

құбылыстың өзіне тән белгілері мен қасиеттерін анықтайды. 

Осылайша,  тірі  және  өлі  табиғат  нысандары  туралы  ұғым  ойын-эксперимент  арқылы 

беріледі.Осындай  ойындардың  ойын-сауықтардан  айырмашылығы  жоқ.    Осындай  үлгідегі 

ойындарда  көркем  әдебиет  пен  кейіпкерлерді  қолданудың  айтарлықтай  маңызы  бар.  Олар 

балаларға табиғат туралы жаңа білімді жақсы меңгеруге көмектеседі. 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау