247
болуымен құнды десек, адамзаттың рухани әлемнің байлығы – әртүрлі ұлт мәдениеті мен ұлт
тілдерінің гармониялы дамуымен де ерекше».
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы
– қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.
Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше
ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен
араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.
Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу
біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.
Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің
өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз.
Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен,
саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі
салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің ерекшелігі де осы.
Сондықтан жастарды тілге баулу, еркін сөйлеуге машықтандыру балабақшада, мектеп
қабырғасында, оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асылуы қажет.
Мұндай қоғамды қалыптастыруда білім жеру жүйесінің алатын орны ерекше.
Білім беру жүйесі 4 деңгейден тұрады. Ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
заңымен бекітілген.
Бірінші деңгейі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. Оның келесі білім сатыларында
алатын орны ерекше.
Ж
ас
ы
17
-18
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім
4
Б
ілі
м
де
ңге
йле
рі
Докторантура
Университеттер, академиялар, ҒЗИ – 3жыл
Аспирантура
Университеттер, академиялар, ҒЗИ – 2 -3 жыл
Жоғары білім
3
Жоғары ғылыми-педагогикалық
(Магистр)
Университеттер, академиялар – 1-2жыл
Арнаулы жоғары
(Дипломды маман)
Университеттер, академиялар,
институттар – 4-5 жыл
Базалық жоғары
(Бакалавр)
Университет, академия
– 4жыл
17
-18
15
-16
Орта білім
2
Жалпы
Кәсіптік
Жалпы білім беретін
мектептер,
гимназиялар,
лицейлер,
10,11(12)
сыныптар
Бастауыш
кәсіптік
Орта кәсіптік
Кәсіптік
мектептер,
лицейлер – 2-
3(4)жыл
Колледждер
– 3-4жыл
15
-16
Негізгі жалпы
248
10
-11
Жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, негізгі мектептер
– 5-9 сыныптар
10
-11
6-
7
Бастауыш жалпы
Жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, негізгі мектептер
– 1-4 сыныптар
5-
6
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
1
Мектепалды даярлық
Отбасы, балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер
Мектепке дейіңгі тәрбие
Отбасы, балабақшалар, бүлдіршіндер бақшасы
Байқап отырсақ, білімнің негізі отбасы, саябақтар мен балабақшадан бастау алады. Бала
«Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, алғашқы сөздерді қай тілде меңгеріп,
үйренсе, сол тілге жақын тұрады. Мектепке дейінгі бала сөздік қорын толықтырады, білімін
жүйелейді, жаңа ілім-білімге ұмтылады. Қазақ тілін және орыс тілін меңгеріп келген бала,
білімін ары қарай басқа тілде жалғастыруды қалайды. Яғни, баланы, балабақша жасынан
бастап ағылшын тілінде сөйлеуге бағыттау керек. Осы арқылы біз мектеп жасына дейінгі
баланы көптілді меңгерген - көп ұлтты азаматтын тәрбиелейміз.
Қазіргі жас ұрпақ – еліміздің келешегі. Бүгінгі бала- ертеңгі еңбек етуші, тұтынушы,
инновациялық технологиялар мен менежметтік басқарудың алып барушысы. Балабақшадағы
оқу-тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі – бала тілін ұстартып, жақсы сөйлей
білуге үйрете отырып, оның ой-өрісін дамыту. Бала тілді ертерек меңгере бастаса, оның
келешегі жеңілірек болатыны мәлім.
ҚР мемлекетік жалпыға білім беру стандартының «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»
«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары алуан түрлі мәдениет
шеңберіндегі құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.
«Қатынас» білім беру саласы - ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген,
мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени- әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы
ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп
жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу көзделген. Стандарт бойынша алты жастағы
балаланың тілдік құзыреттілігі балаланың жас ерекшеліктеріне сай тілдің грамматикалық
құрылымы және тілдің дыбыстық мәдениеті даму деңгейі талаптар шеңберіннде ана тілінде
сөйлеу, басқа тіл негізінде қарастырылған.
Қазіргі кезде алдында тұрған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген
шығармашылық тұлға қалыптастыру. Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте
жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне
сай тілді менгертіп, басқа халықтын мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға
мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі
жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері
анық.Балабақшада берілген білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі
негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты
ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына
айрықша көңіл бөлеміз, тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру
қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада
белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына
көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз керек.
Балқаш қаласының «Күншуақ» балабақшасы 2012-2013 оқу жылынан бастап «Мектепке
дейінгі балаларды билингвалдық білім үдірісінде көп ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу»