Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет27/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48

ШЫНДЫҒЫНДА БҰЛ СИПАТТАҒЫ МӘСЕЛЕ 
ӨЗДІГІНЕН ШЕШІЛМЕЙДІ, КЕРІСІНШЕ, 
УАҚЫТ ӨТЕ КЕЛЕ ТЕК ӨРШИ ТҮСЕДІ. 
ОСЫНДАЙ «КІММЕН СӨЙЛЕСКІМ КЕЛСЕ, 
СОНЫМЕН СӨЙЛЕСЕМІН, ҚАШАН СӨЙЛЕ-
СКІМ КЕЛСЕ, СОЛ КЕЗДЕ СӨЙЛЕСЕМІН» 
ДЕГЕН ТЕРІС ӘДЕТ ОРНЫҒЫП, ЖЫЛДАР 
ӨТКЕН САЙЫН ОНЫ ЖЕҢУ ҚИЫНДАЙ 
БЕРЕТІН БОЛАДЫ.
«Өте ұялшақ балалар». Ұялшақтық көрінісінің тағы бір 
айрықша нұсқасы – бөтен адамдармен мүлдем сөйле-
спейтін «өте ұялшақ балалар». Мұндай бала дәлізде 
анасымен немесе әжесімен даусы сыңғырлап, тоқтамай 
былдырлап келе жатуы мүмкін, бірақ, психологтың 
кабинетіне кіре сала үні шықпай қалады, әрі кетсе, 
келісетінін немесе келіспейтінін білдіріп, басын изейді 
немесе шайқайды. Бала басқа балалармен байсалды 
және қуана-қуана араласуы мүмкін, бірақ ересектермен 
сөйлеспейді. Мұндай ұялшықтық кәсіби тілде «элективті 
мутизм» («таңдамалы мылқаулық») (сөйлесуден талғама-
лы түрде бас тарту) деп аталады. Бұл – айтарлықтай күр-
делі ақау, бірақ ата-аналар оған көбінесе тиісінше назар 
аудармайды: «Бірақ, ол бізбен сөйлеседі ғой!» - деп 
өз-өздерін тыныштандырады. «Ол жай ғана сізді ұнатпай 
тұр...», - деп, баласының мінез-құлқын ақтап шығады. 
Немесе, әбден жауыр болған: «Өскенде түзеледі» дейді.
Өзін-өзі төмен бағалайтын және өз-өзіне сенімсіз 
балалар. Ұялшақтық өз-өзін төмен бағалаудың және 
өз-өзіне сенімсіздігінің салдары болуы мүмкін. Егер 
бала қиын жағдайға тап болып, одан шығуда сәтсіздікке 
ұшырағанда қолдау мен үйретудің орнына үнемі теріс 
бағаға ие болса, кейін осындай жайттарға кезіккен 
сайын ол қорқыныш пен ыңғайсыздықты сезінетін бо-
лады. Ұялшақ балалардың арасында бұл – ең бала саны 
көп топ. Мұндай балалар өздерін жолдары болмаған, 
қолдарынан ештеңе келмейтін бейшара деп санайды. 
Бірақ, олардың басты мәселесі – өзге адамдармен өзара 
қарым-қатынас құру және өзара әрекеттесу дағдылары-
ның шын мәнінде жоқ болуы, сонымен қатар, осындай 
өзара әрекеттестікте сәтсіз тәжірибенің басым болуы.
109
ҰЯЛШАҚ БАЛАЛАР
17


ЭЛЕКТИВТІ МУТИЗМ СЫНДЫ «АУЫТҚУШЫЛЫҚПЕН 
ШЕКТЕС ҰЯЛШАҚТЫҚТЫҢ» СЕБЕПТЕРІ ҚАНДАЙ?
Осындай балалармен жұмыс жасайтын және осы 
мәселені зерттейтін мамандар элективті мутизм – өзінің 
«мен»-ін орнықтырудың ауытқушылық сипатына ие 
тәсілі, айналадағыларды алдап-арбаудың сәтті ор-
ныққан әдісі деген қорытындыға келді. Мұндай балалар 
тек сөйлегісі келмеуінде ғана емес, сондай-ақ, кәдімгі 
күнделікті істерде, ойындарда ерекше қыңыр және 
бірбеткей болады. Кейде олардың сөйлеу қабілетін-
де қандай да бір  жеңіл ақаулардың белгілері немесе 
өздігінен элективтік мутизмге алып келмейтін жүйке 
жүйесінің кейбір ерекшеліктері байқалады. Бір жағынан, 
мұндай балалар сынға аса сезімтал, үрейге берілгіш, 
сезімдері тұрақсыз, бірақ, менменшіл, мінез-құлқында 
қыр көрсеткіш болады, үнемі көңіл бөлуге және мақтау 
естуге мұқтаж болады. Яғни, егер элективтік мутизмді 
формула түрінде елестетсе, ол шамамен келесідей бола 
алады: қыңырлық + сынға аса сезімталдық және сынды 
көтере алмау + өзіне үнемі көңіл бөлінуін қалау = …
«ТЕҢДІК» БЕЛГІСІНЕН КЕЙІН ҮНЕМІ ЭЛЕКТИВТІ МУ-
ТИЗМ СИЯҚТЫ ӨЗІН-ӨЗІ КӨРСЕТУДІҢ ОСЫНДАЙ 
АУЫТҚУШЫЛЫҚҚА БАЛАУҒА БОЛАТЫН ТӘСІЛІ ТҰРА 
МА ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ ҮШІН АТА-АНАҒА НЕ ІСТЕУ 
КЕРЕК?
Психологтар элективті мутизмге шалдыққан балалар аса мен-
меншіл болатынын жиі айтады. Оларға біреуді аяу, біреуге жаны 
ашу көп жағдайда қиын болады. Олар өздерін «ең бақытсыз» 
немесе «ең ерекше» деп санауға бейім. Балалар өзіне және 
айналадағыларға осындай көзқараспен туылмайды. Бұған 
тәрбиелеудің айрықша мәнері себепші болады, яғни, ата-ана-
сы сөздің тура мағынасында «баласы үшін өмір сүреді», оның 
патша (патшайым) етіп тәрбиелейді, онысымен қоймай, баланың 
бойында аяу, жаны ашу, өзара түсіністік сынды адами қасиет-
терді дамытуға соншалық бас ауыртпайды. Элективті мутизмге 
шалдыққан балалаларға ата-анасы көбінесе шамадан тыс  
қамқорлық көрсетеді, осылайша, оларды қателік жасау және 
жасалған қателіктерге сәйкесінше
көзқарас қалыптастыру мүмкіндігінен
айырады.
110
ҰЯЛШАҚ БАЛАЛАР
17


Оған қоса, көбінесе ата-ана баласының мүмкіндіктері-
нен айтарлықтай асып түсетін тым көп талап қояды. 
Бала өзін ең ақылды және ең алғыр деп санап, өзі 
еңсере алмайтын қиындыққа кез болғанда сәтсіздікке 
ұшырап, жақындарының махаббатынан айырылғанша, 
ондай қиындықты мүлдем болдырмауды жөн көреді. 
Міне, сондықтан, айналадағылармен өзара әрекеттесу-
ден бас тартудың арандатушы себебі болып көбінесе 
бала орындай алмайтын немесе орындай алмаймын 
деп ойлайтын өзге ересек адамның қарапайым өтініші 
(талабы) табылады. 
Алайда, баланы қандай себептер элективті мутизмге 
алып келгеніне қарамастан, осы мәселенің нағыз се-
бептерін түсінетін ата-анаға онымен күресу әлдеқайда 
жеңіл болады.
Элективті мутизм, ауытқушылықпен шектес ұялшақтық 
сынды көптеген себептер аясын қамтиды, сондықтан, 
«асқан ұялшақтықты» жеңу үшін және сөзге сараң қыр-
сықты адамдармен сөйлесуге және өзара әрекеттесуге 
үйрету үшін көп уақыт және зор шыдамдылық қажет  
болады.
Ұялшақтық – жоғарыда айтылғандай, күрделі күй, 
әртүрлі пішінде көрініс береді және әртүрлі себеп-
тердің салдары болып табылады. Ұялшақ балаға 
көмектесу – оның осындай күйін және мінез-құлқын 
тудыратын себепті табу және оны жою. Бұл бір уақытта 
бірнеше бағытта жұмыс жасауды білдіреді, бірақ, 
есіңізде болсын, сіз баланың тұлғасын емес, сәтсіз 
мінез-құлқын өзгертесіз.
АТА-АНА БАЛАСЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ 
АЛАДЫ?
         Бірінші кезекте балаңыздың шын мәнінде қандай
      да бір қиындықтары (сөйлеу қабілетіндегі ақаулар, 
дамуының кешеуілдеуі) бар-жоғын анықтау (маман-
дардың көмегімен) қажет, егер бар болса, оларды жеңу 
бағытында жұмыс жасау қажет. Кез-келген жағдайда 
балаңыздың хабардарлығы деңгейіне көңіл бөліңіз. 
Әңгімелесу және сөйлесу үшін білудің өзі жеткілікті.
1
111
ҰЯЛШАҚ БАЛАЛАР
17


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау