БАЛАЛАРДЫҢ
ӨТІРІК АЙТУЫ
19
121
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 4-5 ЖАСАР БАЛАЛАР ШЫН
МӘНІНДЕ БОЛМАҒАН ЖАЙТТАРДЫ КӨЗ АЛДЫ-
НА ЕЛЕСТЕТЕ АЛАДЫ, БІРАҚ ӨТІРІК АЙТҚАНДА
АДАМГЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫН БҰЗАТЫНЫН
СЕЗІНБЕЙДІ. БҰЛ ЖАСТА БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫ
ҚАРҚЫНДЫ ДАМИ БАСТАЙДЫ, ОЛАР ШЫНАЙЫ
ӨМІРДЕ НЕ БОЛҒАНЫН, «ӨТІРІКТЕН» НЕ БОЛҒА-
НЫН ШАТАСТЫРЫП АЛУЫ ҒАЖАП ЕМЕС.
Ересектер баланың қиялын өтірікке балап, алаңдай
бастайды. Бірақ бұл мүлдем басқа құбылыс. Қуыр-
шақтармен және ойыншық көліктермен шынайы өмірде
ойнағандай, бала өз әңгімесінің кейіпкеріне айналады,
өзіне әртүрлі бейнелерді шақтап көреді, мәселен, айта-
лық, ең күшті, ең өжет, ең епті болып көруге талпынады.
Осының барлығы қалыпты, толыққанды даму үшін сөзсіз
қажет. Ал жақсы қиял, тапқырлық өткір ақыл-ойдың,
кемел ой-қиялдың айғағы болып табылады. Ой-қиял –
тұлғаның құнды қасиеттерінің бірі, оны күйрету емес,
қажетті бағытқа бұру қажет. Егер балаңыз бүгін қи-
ялынан шыққан өтірік әңгімесін шабыттана айтып
отырса, оны айыптауға асықпаңыз, одан да:
«Сен керемет оқиға ойлап тауыпсың, оны жазып
алайық, сен сурет саласың, сонда біздің нағыз
кітабымыз болады» деп айтыңыз.
Ә
р ата-ананың өмірінде ерте ме, кеш пе, баласының
өтірік айтуына тап болатын кезең орын алады. «Маған
өтірік айтуға қалай дәті барды? Мен оған сеніп едім
ғой, тек жақсы әдеттерге үйреттім, ол менің сенімімді
аяқасты етті, көңілімді қалдырды…», - деп балаларының
аузынан өтірік сөз естіген ата-аналар ойлауы мүмкін.
Олардың өтірігі махаббат пен сүйіспеншілікке шүбә
келтіретін арам ниетті алдау болып көрінеді.
Өтірік айтудың алғашқы нышандары 2 жаста-ақ пайда
болса да, 4 жасқа дейін балалар мүлдем өтірік айта
алмайды. Олардың қисынды ойлау қабілеті түгелдей бір
алдап соғу амалын ойлап табатын деңгейде дамымаған,
басқа адамның көзқарасымен қарау қабілеті болмай-
ды, өмірде жоқ жайттарды ойлап табу үшін қиялы әлі
дамымаған. Олар шынайы өмірді қиялдан әрең ажыра-
тады, көңілі тез бөлінеді және не істегенін немесе не
айтқанын (және кәмпиттің қайда жоқ
болып кеткенін) тез ұмытып қалады.
Кейде балалар себеп пен салдарды
шатастырып алады. (Олар құмыра
сынып қалғандықтан, доп құлады
деп шешуі әбден мүмкін.)
122
БАЛАЛАРДЫҢ ӨТІРІК АЙТУЫ
19
Қиялы мен тілі дамыған сайын бала бейкүнә өтірігінің көме-
гімен айналадағыларды жиі алдап соғатын болады. Балалар
ересектерді жаңылыстырғанына мәз-мейрам болады, әрі
өзін әшкерелеп, шаттана сықылықтап күледі. Осылайша олар
өздерінің «есейгенін» және қандай да бір тұстарда сіздерден
«асып түсетінін» (біз ертегіге, өтірікке, қиялға сенім қалдық
қой!) көрсету ұмтылысы көрінеді.
Алайда, дәл осы кезеңде мүлдем өзге өтірік – шынайы өтірік
пайда болады. Шамамен төрт жастан асқанда бала белгілі
бір жағдайдың жай-жапсарын жақсырақ түсіне бастайды:
ол не үшін және неге бүгін жазаланды немесе мақтау естіді;
өзіне жағымды жағдайды қалай қайталауға болады. Бала
өзіне жағымды жайттардың нұсқаларын іздеп, міндетті түрде
солардың ішіндегі ең қарапайымының бірі – өтірік айту тәсілін
табады.
Шамамен 7-8 жасқа толарда балалардың көпшілігі қиялды
шындықтан нақты ажырата алады. Өтірік айту адамгершілікке
жат қылықтар санатына айналады. Балалар өтірік айту ересек-
терге ұнамағандықтан ғана теріс қылық болып саналмайты-
нын, өтірікшіге сенім артуға болмайтындықтан, оларға ешкім
сенбейтіндіктен, олармен ешкім дос болғысы келмейтіндіктен
жаман әдет болып саналатынын түсіне бастайды. Дегенмен де,
өтірік айтуға мәжбүрлейтін себептер де бар.
Балалар өз қиялына бар жан-тәнімен берілетіні соншалық, өз
қиялының шынайылығына күмәнсіз сенеді. Басқа балаларға да
осындай қиялшыл балалармен бірге ойнаған өте қызықты бо-
лады. Қиялшылдар балалар ұжымында шыншыл құрдастарынан
танымал болатыны, достары көбірек болатыны, ойынға немесе
сурет салуға кірісіп кетіп, туындаған жанжалдарды тезірек
ұмытып кететіні туралы мәліметтер бар.
Балаңыздың қиялын тыңдап отырып, сіз оның сол сәтте неге
мұқтаж екенін оп-оңай анықтай аласыз. Бала арманындағы
ойын әңгімелейді. Осындай әңгімелерден баланың болмы-
сы, мінезі, түсінігі туралы көп ақпарат алуға болады, себебі,
баланың әңгімелерінің көпшілігі оның түйсігінен, жүрегінің
түкпірінен шығады.
123
БАЛАЛАРДЫҢ ӨТІРІК АЙТУЫ
19
Балалардың өтірік айтуына шамадан тыс көп тыйым салу
түрткі болуы мүмкін. Егер ересектер үнемі «болмайды» дей
берсе, онда бала тым көп тыйымдарды және қалағанына қол
жеткізе алмағанын көтере алмай, қулыққа барады. Осылайша,
кішкентай өтірік арманындағысына қол жеткізудің тәсіліне
айналады, себебі басқа жол жоқ немесе ондай жол әзірге
түсініксіз.
Маңызды себеп болып махаббат пен мақтауға ие болу
ниеті табылады. Бала ата-анасының мақтауын есту үшін
шын мәнінде жоқ жетістіктерімен мақтана бастайды, әңгімесі-
не аздап өтірік қосып жібереді немесе жеткен жетістіктерін
әсірелеп жібереді. Көбінесе, бұл жағдайға баласына тым көп
талап қоятын ата-аналардың өзі кінәлі.
ӨТІРІК АЙТУ СЕБЕПТЕРІ
Кез-келген жаста өтірік айтудың басты себебі – қорқы-
ныш. Бала жазаланатынынан қорқып, өтірік айтады.
Жасаған қателіктері үшін жазаланбағанға дейін кішкентай
балалар өз қателіктерін тез мойындайды. Егер балақай ата-ана-
сының «Мұны істеген сенсің бе?» деген қатал сұрағына жауап
қайтара алмай, үнсіз тұрса, демек, оның жазалануда тәжіри-
бесі бар. Осы үнсіздік – шындығында, оның өміріндегі алғаш
рет айтқан өтірігі. Балақай өзін ақтап алатындай оқиғаны әлі
құрастыра алмайды, оған тек үнсіз қалу немесе жылау, немесе
ақиқатты теріске шығару ғана қалады.
Ата-ана тым қатал немесе әрекеттерінде тиянақсыз болуы мүм-
кін. Бала олардың артқан үміттеріне сай болу үшін тым шолжаң
болуы мүмкін, ал ата-ана баланы сол қалпында қабылдауға
қауқарсыз болуы мүмкін. Сонда бала өзін-өзі аман сақтау үшін
өтірік айтуға мәжбүр болуы мүмкін. Мұндай өтірік айту үрей ту-
дыруы тиіс, себебі, сіз бен балаңыз арасындағы сенім жоғалып
барады, ол сізден қорқады.
ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ӨТІРІК АЙТУ БАЛА ӨМІРІНДЕ-
ГІ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҒЫМСЫЗ ЖАЙТТЫҢ БЕР
ЕКЕНІН КӨРСЕТЕДІ. БҰЛ БАЛАНЫҢ АДАМГЕР-
ШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЕМЕС,
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ АЙҒАҒЫ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
1
2
3
124
БАЛАЛАРДЫҢ ӨТІРІК АЙТУЫ
19
Достарыңызбен бөлісу: |