Қорқыныш бұрын дәрігерге барған кезден алған әсерлер-
ден қалыптасуы мүмкін. Балаңыз ондағы көріністен, ақ халат
киген адамдардан, медициналық шаралар келтіретін ауырту
сезімінен, басқа балалардың жылағанынан және т.б. қорқып
қалуы мүмкін. Әрине, ол бұрын өзі жайсыз сезінген жерге қайта
барғысы келмейді. Әдетте, ұл балалар қыз балаларға қарағанда
дәрігерлерден, ауыртудан, қаннан көбірек қорқады. Жалғыз
қалу қорқынышы туыла сала қорғаныш ретінде қалыптасады.
Балаға ата-анасының жанында болу қажет – бұл табиғи қажет-
тілік (түйсік деңгейінде өзін-өзі сақтау сезімі).
НЕ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ?
Дәрігерге барарадың алдында баламен қайда бара-
тындарыңызды, онда оған не істелетіні туралы сөйлесу
қажет. Егер қандай да бір медициналық шаралар жа-
салатын болса, сіз дәрігерден немесе медицина қыз-
меткерлерінен балаңызға сол шаралар өтетін орынды
көрсетуін сұрауыңызға болады.
Баламен жасалатын медициналық шараны қойылым
түрінде ойнау, оның қорқыныштарын талқылау дұрыс
болады. Әртүрлі кейіпкерлерді қолданып, жұмсақ ойын-
шықтарды, қуыршақтарды қатыстырып ойнауға болады.
Ойынды бірнеше рет ойнау керек, әрі міндетті түрде
рөлдерді ауыстырып отыру қажет (кезек-кезек). Ойын
барысында баланың мінез-құлқында орын алған оң
өзгерістерді қалт жібермеңіз. Оны мақтаңыз.
Міндетті түрде қорқыныш сезімі ілесе жүретін баланың
мінез-құлқы бейнеленген сурет (немесе бірнеше сурет)
салыңыз. Бұл суреттерді арнайы бумаға салып қоюға
немесе ересектердің біріне беріп қоюға болады. Одан
соң, медициналық шара барысында баланың өзін қалай
ұстауы қажет екенін көрсететін сурет салу керек. Осын-
дай суреттерді көрінетін жерге – қажетті мінез-құлық
үлгісі ретінде іліп қойыңыз.
91
БІЗ ДӘРІГЕРГЕ БАРАМЫЗ
15
Міндетті түрде қажетті мінез-құлықты нығайтатын ынталанды-
ру шараларын қолданыңыз (мақтау, сүйікті мультфильм көру,
серуендеу және т.б.)
Танымал кейіпкерлерді, ертегі кейіпкерлерін мысалға алып,
оқиға желісі бойынша қорқыныш сезімі жеңілетін ертегі айтып
беріңіз немесе оны баламен бірге құрастырыңыз.
Мысалы, балаңыз дәрігерге баруға қорқатын болса, оған Айбо-
лит дәрігерге екпе салдыруға баруға қорыққан көжек (себебі,
басқа кішкентай жануарларға екпе салынып қойған) туралы ай-
тып беріңіз. Бірнеше күн өтті, көжектің іші қатты ауыра бастады,
дене қызуы көтерілді. Ата-анасы оны шұғыл түрде дәрігерге
жеткізді.
Айболит дәрігер оған қызуөлшегіш қойып, ащы дәрі ішкізді,
ине салды және көжекке басқа жануарлармен далаға серуен-
ге шығуға, мультфильм көруге және сүйікті балмұздақ жеуге
тыйым салды. Бір апта бойы көжек үйде жатты, оған өзі мүлдем
ұнатпайтын ащы дәрілер ішуге тура келді. Екпе салдырған
басқа жануарлар аулада ойнауды жалғастырды, киноға барды,
әткеншек тепті, әрі, әлбетте, балмұздақ жеді. Көжек жазылып,
Айболит дәрігерге барды. Келесі жолы басқа жануарлар сияқты
міндетті түрде екпе жасатынына уәде берді.
Бір рет талпыныс жасау жет-
кіліксіз болуы мүмкін. Тағы бір
рет қайталап көріңіз, сізге және
балаңызға көмектесе алатын
маман табыңыз.
92
БІЗ ДӘРІГЕРГЕ БАРАМЫЗ
15
БАЛАҢЫЗ
БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16
93
Балалар психологтары жа-
зып жүргендей, жеңіл бейім-
делген баланың мінез-құлқы
бір ай ішінде қалыпқа келеді,
тәбеті алғашқы аптаның
аяғында әдеттегі дәрежеге
жетеді, ал ұйқысы 1–2 апта
ішінде реттеледі, өткір сы-
рқаттар туындамайды.
Қинала бейімделетін бала-
ның көңіл-күйі бүтіндей бір
ай ішінде тұрақсыз болуы
мүмкін, ал ұйқысы мен тәбеті
20–40 күннен кейін қалпына
келеді.
ЕГЕР «БАЛАБАҚШАДАҒЫ КҮЙЗЕЛІС» КЕЗІНДЕ БАЛАҚАЙ
ҰЗАҚ, ӘРІ АУЫР СЫРҚАТТАНА БАСТАСА, МІНДЕТТІ ТҮР-
ДЕ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГЫМЕН, ПСИХИАТРМЕН НЕМЕСЕ
НЕВРОЛОГПЕН КЕҢЕСУ КЕРЕК.
Б
алалардың басым көпшілігі балабақшаға үйренеді,
өзіне дос табады және сабақ барысында жаңа дағды-
ларды қуана үйренеді. Бірақ, өзгеріске түскен жағдайға
әр балақайға бейімделу үшін уақыт қажет. Ата-аналар
осы бейімделу кезеңі әр балада әртүрлі болатынын
және бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы
мүмкін екенін білуі қажет. Бала неғұрлым анасына
тәуелді болса, күнделікті өмірдегі өзгерістерге неғұрлым
сезімтал болса және барлық жаңалықтарға неғұрлым
қиын үйреніссе, жүйке жүйесі неғұрлым қозғыш болса,
үйренісу және бейімделу үдерісі де соғұрлым ұзағырақ
жүреді. Әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынас
тәжірибесі бар балалар, көп балалы отбасынан шыққан
балалар және отбасында шамадан тыс қамқорлық пен
бағып-қағу нысаны болмаған балалар балабақшаға
әлдеқайда жеңіл бейімделеді.
Ауыр бейімделетін баланың ұйқысы, тәбеті және көңіл-күйі
өрескел бұзылады, оған психикасын жарақаттайтын жайттарды
көрсететін қорқынышты түстер кіруі мүмкін. Бала өзінің үйде
анасымен бірге болу қажеттілігін қорғау үшін «сырқатына
беріліп» кетуі мүмкін.
Есейген балақай балабақшаға баратын уақыт ата-ана
үшін толқу мен алаңдауға толы: бала жаңа ересектерге
қалай үйренеді, қалай өзінің алғашқы ұжымына кірігеді,
анасынан жырақта қалғаннан қорқып қалмай ма,
үйдегіден бөлек тамақты іше ме?..
94
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16
Балабақшаға баруға дайындық міндетті түрде бірқатар
сауықтыру шаралары кешенін де қамтуы тиіс.
Әдетте, балалар балабақшаға суық тигізу қа-
уіп-қатерін мейлінше азайту үшін жылдың
жылы мезгілінде барады. Оған қоса, бұл
кезеңде балақайға дәрумендермен демеу
көрсету үшін жаңа піскен, әрі пайдалы
жемістер мен көкөністер көп.
Берік иммунитет қалыптастыру мақсатында суықтың
әсерін қолдануда әртүрлі тәсілдер пайдаланылады,
оларды қолдану көбінесе ата-ананың батылдығына
байланысты болады. Төменде біз барлығына бірдей
қолдануға болатындарын келтіреміз.
ДӘРУМЕНДЕРМЕН ЕМДЕУ
ШЫНЫҚТЫРУ
Балабақшаға үйрену жылдам және қиналыссыз өтуі
үшін ең алдымен баланың қызығушылығын ояту қажет.
Балабақша туралы үнемі тек жағымды әсер сыйлайтын
сөздер ғана айту керек. «Сен онда басқа балалармен
бірге ойнайсың! Ол жерде ойыншықтар қандай көп!
Балабақшада көңілді және қызықты! Мен кішкентай
кезімде балабақшаға барғанда...», - әрі қарай өзіңіздің
«балабақшадағы балалық шағыңыз» туралы қызықты
және көңілді әңгіме айтылады.
Бала «қоғамға ену» үшін өсіп жетілуі тиіс – өз бетінше
тамақтануға, киінуге, дәретханаға барғысы келетінін ай-
тып жеткізуге және түбекті пайдалануға, қолын жууға, қол
орамалды пайдалануға, өз қажеттіліктерін айтып жеткізе
алуға үйренуі тиіс. Балаңыздың өз бетінше жасай алатын
әрекеттер аясы барынша ауқымды болғаны дұрыс.
95
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16
Достарыңызбен бөлісу: |