Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет19/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48

АШУ-ҚАҺАРДЫ
ТІЗГІНДЕУ
12
73


1.  Сүйікті әнін айғайлап айту.
2.  Нысанаға ойыншық найза ату.
3.  Ашу суретін салып, жыртып, лақтырып тастау.
4.  Үй жануарымен ойнау.
5.  Сабын көпіршіктерін шығару.
6.  Бірнеше парақ қағазды умаждап, лақтыру.
7.  Сүйікті ісімен айналысу.
8.  Пластилиннен өзін ренжіткен адамның мүсінін 
жасап, сындыру.
9.  Бокс грушасымен «айқасу».
10.  Үстел футболын (баскетбол және т.б.) ойнау.
11.  Үйді бірнеше рет айнала жүгіру.
12.  Жылы ванна, душ қабылдау.
13.  Достарға қоңырау шалу.
14.  Шай ішу.
15.  Сүйікті әуендер тыңдау.
16.  Өз сезімдері туралы өзін ренжіткен адамға айту.
17.  Өз сезімдерімен жақын адамымен бөлісу, орын 
алған жайтты сол адаммен талқылау.
K
өп ересектер, балалар былай тұрғанда, өз жүрегінде 
не болып жатқанын, неге көңілі толмайтынын айтып 
жеткізе алмайды. Ал егер адам жан-дүниесінің жай-күй-
ін таразылай алса, өзіне де, айналасындағыларға да 
жеңіл болады.
Өзін-өзі түсіну қабілетін дамыту үшін келесі тәсілдерді 
ұсынамыз (баламен бірге жасаңыз):
Балаға былай деңіз: «Өз-өзіңе құлақ сал. Егер көңіл-күй-
іңді бояуға болатын болса, оның түсі қандай болар еді? 
Көңіл-күйің қандай жануарға немесе өсімдікке ұқсай-
ды? Ал қуанышыңның, мұңыңның, қорқынышыңның түсі 
қандай?» «Көңіл-күй» күнделігін жүргізуге болады. Онда 
бала күнде (күніне бірнеше рет болсын) өз көңіл-күйінің 
суретін салады. Ол бет-аузы қисайған адамның бет-жүз-
дері, табиғат көріністері, адамдар болуы мүмкін, бала 
өзіне ұнағанын салсын.
БАЛАМЕН АШУ-ҚАҺАР ШЫҒАРУ 
ТӘСІЛДЕРІН ТАЛҚЫЛАҢЫЗ:
74
АШУ-ҚАҺАРДЫ ТІЗГІНДЕУ
12


2.  Баланы (және өзіңізді) ашу-қаһарын орынды тәсіл-
мен шығаруға үйретіңіз. Барлық жағымсыз жайттар-
ды ата-анасымен немесе достарымен міндетті түрде 
ауызша талқылау қажет екенін түсіндіріңіз. Балаға 
ашу-қаһарды, ызаны шығарудың ауызша тәсілдерін 
үйретіңіз («Менің көңілім қалды, мен ренжіп тұр-
мын»).
3.  Жағымсыз сезімдерді сыртқа шығаруға арналған 
«сиқырлы заттарды» қолдануды ұсыныңыз:
шыны (оны ішіне айғайлауға болады);
қағаз (оларды умаждауға, жыртуға, бар күшін 
жұмсап нысанаға лақтыруға болады);
пластилин (одан өзін ренжіткен адамның 
мүсінін жасап, артынша мыжып-жаншуға неме-
се басқа зат жасауға болады);
«Бобо» жастығы (оны лақтыруға, тоқпақтауға, 
тебуге болады). «Ашу шығаруға» бөлек жа-
стық арнаңыз, оған көз және ауыз тігіп қоюға 
болады; бұл мақсатта жұмсақ ойыншықтар мен 
қуыршықтарды пайдаланбаған жөн, ал бокс 
грушасы әбден жарайды.
Осы «сиқырлы заттарды» ересектер де пайдалана 
алады!!!
Ашу-қаһарды тізгіндеп үйрену үшін арнайы жаттығулар 
бар:
1.  Бірге тыйым салатын «ТОҚТА» белгісін салып, 
келісіп алыңыздар: бала қатты ашуы келгенде, сол 
белгіні шығарып, дауыстап немесе ішінен «Тоқта!» 
деп айтады. Сіз де осы белгіні өз ашу-қаһарыңызды 
тізгіндеу үшін қолдануыңызға болады. Бұл әдісті 
пайдалану дағды әбден орныққанша, бірнеше күн 
бойы жаттығуды талап етеді.
75
АШУ-ҚАҺАРДЫ ТІЗГІНДЕУ
12


Сіз сезімдерді ішке бұғу, жасыруға тырысу өте зиян екенін 
түсіндіңіз ғой? Мұндай әрекеттердің салдары – жүрек 
аурулары, жүйке сырқаттары, егде жаста қан қысымының 
көтерілуі, оған қоса, айналадағылардың түсінбеушілігі, 
тым ашушаңдық, қызбалық, қарым-қатынас құруда қиын-
дықтарға тап болу.
СЕЗІМДЕРДІ СЫРТҚА ШЫҒАРУ ДЕНСАУЛЫҚТЫ (ДЕНЕ 
ЖӘНЕ ПСИХИКА САУЛЫҒЫН) САҚТАУ ҮШІН, АЛ БАСҚА 
ТҮСКЕН ҚИЫНДЫҚТАР ТУРАЛЫ АЙТА БІЛУ АЙНА-
ЛАДАҒЫЛАРМЕН ТІЛ ТАБЫСУ, ӨЗ-ӨЗІН ТҮСІНУ ҮШІН 
ҚАЖЕТ. 
76
АШУ-ҚАҺАРДЫ ТІЗГІНДЕУ
12


ҚИҚАР
БАЛАЛАР
13
77


ҚИҚАРЛЫҚ ДЕГЕН НЕ
Б
аланың қиқарлығы – балалар тәрбиесіндегі ең эмоцио-
налдық тақырыптардың бірі. Бәлкім, балалардың қиқар-
лығынан көптеген ересектер өзінің тәрбиелеу ісіндегі 
біліктілігіне қарсы шығуды, баланың алдындағы абы-
рой-беделіне қауіп төндіруді көретін шығар. Дәл осы жайт 
ересектердің бала неге қиқарланатынының себептерін 
анықтап алмай, өз мінез-құлқында баланы қарсы шығуға 
арандататын не бар екенін түсінуге тырыспай, қиқар-
лықпен бел шеше күресу ниетін туындатады. Өз білік-
тілігін дәлелдеуге барынша тырысып бағып, өз дегеніне 
көндіруге талпынып, ересектердің өзі сол қиқарлыққа бой 
алдырады. Осылайша, шеңбер тұйықталады, бір адамның 
қиқарлығы екіншісінің қиқарлығына себепші болады. 
Табандылық пен қиқарлықты шатастырмаған жөн. 
Табандылық бала әлденені алғысы келіп, соған қол 
жеткізгенде орын алады. Қыңырлық - бала өзі соншалық 
қалағандықтан емес, өзі ересектерге айтып, енді пікірімен 
санасуын талап еткендіктен қасарысуы. Ол тіпті жағдай 
өзгеріп кетсе де, өзінің бастапқы шешімінен бас тарта 
алмайды. Қиқар бала соншалық қаламайтынын немесе 
мүлдем қаламайтынын немесе баяғыда бас тартқанын 
орындауды талар етіп, қасарысады.
Қиқарлыққа бой алдырғанда бала ағзасында көп мөл-
шерде адреналин – күйзеліс тудыратын гормон түзіледі. 
Ол жерге құлай кетеді, тепсінеді, қолдарын сермейді. 
Немесе қарлыққанша айғайлайды, содан соң, біраз де-
малып алып, бәрін қайта бастайды. Немесе қабағын түй-
іп алып, үнсіз отырады. Егер қиқарлық асқан долылыққа 
ұласса, балалар басын қабырғаға немесе еденге соққы-
лайды. Қиқар бала нашар естиді және нашар көреді, осы 
сәтте оларды қолмен ұстағанды көтере алмайды. Олар 
өздерін билей алмайды. 
Әдетте, қиқарлық бірне-
ше минутқа созылады. 
Ауыр түрлерінде бір 
сағатқа дейін созылуы 
мүмкін. Бойын қиқарлық 
билеген бала бар күш-қу-
атын жұмсап, артынша 
жаны құлазып қалады. 
78
ҚИҚАР БАЛАЛАР
13


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау