1
ЖОБА
«Ересектерге арналған қосымша білім беру»
кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ересектерге арналған қосымша білім беру» кәсіптік стандарты
біліктілігін арттыру жүйесінде білім беру бағдарламаларын құруға, оның
ішінде
біліктілікті
арттыру
жүйесі
персоналдарын
оқыту
мен
сертификаттауға арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен
қысқартулар қолданылады:
2.1 Ересектерге арналған қосымша білім беру – білім стандарттарының
үздіксіз жетілдіруіне байланысты жұмысшылардың, қызметкерлердің,
мамандардың біліктілігін үздіксіз жетілдіру мақсатында тұлғаның
қажеттіліктерін неғұрлым толық қамтамасыз ету.
2.2 Біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде
мамандардың кәсіптік біліктілігін көтеруі және қайта даярлаудың оқыту
бағдарламаларын жүзеге асыратын, әдістемелік жұмыстың тиімділігін
арттыратын білім берудегі инновациялық үрдістерге қолдау көрсететін білім
беру ұйымы.
2.3 Біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа
болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер
құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы.
2.4 Біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек
міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы.
2.5 Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын
біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаты.
2.6 Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан
мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және
институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы.
2.7 Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада құпталатын біліктілік
деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы.
2.8 Сала – бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс
істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар
кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
2.9 Педагогикалық қызметкер – білім беру ұйымында/мекемесінде
мұғалім, оқытушы, тәрбиеші, кәсіптік оқыту шебері т.б. есебінде
педагогикалық қызметті жүзеге асыратын тұлға.
2.10 Кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын
міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар
және еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктердің ұқсас
жиынтығын көздейтін кәсіптік кіші топтардың жиынтығы.
2
2.11 Кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан
және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптің құрамы.
2.12 Кәсіби стандарт (КС) – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік
деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және
жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
2.13 Кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде
пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін
білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі.
2.14 Еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше
міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы.
3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар қолданылады:
3.1 ҚР – Қазақстан Республикасы.
3.2 БҰЖ – Біліктіліктің ұлттық жүйесі.
3.3 БҰШ – Біліктіліктің ұлттық шеңбері.
3.4 БСШ – Біліктіліктің салалық шеңбері.
2. Кәсіби стандарттың паспорты
4. Кәсіби стандарттың атауы: ересектерге арналған қосымша білім беру.
5. Кәсіби стандартты құрастыру мақсаты: ересектерге арналған қосымша
білім беру жүйесі қызметкерлеріне қажетті білім мен құзыретті, білік пен
дағдыны сипаттау.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: стандарт біліктілігін
арттыру жүйесі қызметкерлеріне, ересектерге арналған қосымша білім беру
жүйесіндегі педагогикалық қызметінің талаптарын қамтиды.
7. Негізгі топ: білім беру.
Кәсіби топ: ересектерге арналған қосымша білім беру.
3. Кәсіп карточкасы
8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:
педагог (мамандығы: ересектерге арналған қосымша білім беру;
лауазымы: профессор, доцент, аға оқытушы, тренер, оқытушы, лаборант) -
БСШ-ның 6-8 деңгейлері;
Кәсіп карточкасы аталмыш Кәсіби стандарттың қосымшасында берілген.
3
Қосымша
«Ересектерге арналған қосымша білім беру»
кәсіби стандартына
КӘСІПТІҢ КАРТОЧКАСЫ
«Ересектерге арналған қосымша білім беру жүйесіндегі педагог»
Коды
2310
Кәсіп атауы
ересектерге арналған қосымша білім беру жүйесіндегі
педагог
ҰБШ бойынша
біліктілік деңгейі
7
КС бойынша
біліктілік деңгейі
4
Кәсіби білім
берудегі деңгейі
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (
мамандығына сәйкес магистратура, аспирантура
докторантура)
Еңбек
функциялары:
1) білім беру жұмысы
2) әдістемелік жұмыс
1-Еңбек
функциясы
Білім беру
жұмысы
Біліктері пен дағдылары:
1. Курстың мақсатына сәйкес оқытудың мазмұны мен
формаларын анықтай алады, әдістері мен оқыту
құралдарын (дәріс, семинар, практикалық,
лабораториялық) таңдай алады, өз бетінше курс
тыңдаушыларының өзіндік жұмысын жоспарлай алады,
ұйымдастыра алады.
2. Іс-тәжірибе барысында педагогикалық концепциялар
білімін, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі және
теориясын қолдана алады.
3. Оқулықтар, дәрістер курсында, әдістемелік
нұсқаулықтар және т.б. оқыту және ғылыми-әдістемелік
жұмыстардың таныстырылымында өзіндік ойын жазбаша
және ауызша жеткізуде дұрыс және қисынды
байланыстырады.
4. Кәсіби әріптестері арасында идеяларды еркін
талдайды.
5. Тұжырымды деректендіру, өзгелерді ғылыми-
педагогикалық жұмыс барысында білім мазмұнын үнемі
жаңартып отырудың қажеттілігіне көздерін жеткізе
алады.
4
Білім (кіріктендірілген):
1. Жалпы педагогика теориясы
2. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясының
теориясы мен тәжірибесі.
3. Акмеология және аксиология теориясы.
4. Педагогикалық инноватиканың теориясы мен тәжірибесі.
5. Педагогикалық менеджмент теориясы мен технологиясы.
Ересектерді оқытудың төл әдіс-тәсілдері.
2-Еңбек
функциясы
Әдістемелік
жұмыс
Біліктері пен дағдылары:
1.Озық педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау және
тарату.
2.Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүзеге
асыру.
3.Біліктілік арттыру жүйесінде маркетингтік зерттеу
жұмыстарын атқару.
Білім:
1.Озат технологиялар бойынша тәжірибені жинақтау
және тарату әдістемесі, заманауи әдіс-тәсілдер мен оқыту
құралдарын пайдалану әдістемесі.
Жеке
құзыреттеріне
қойылатын
талаптар
1.Педагогикалық шеберлік, әріптестерімен және
тыңдаушылармен қарым-қатынас орнатуда
демократиялық стиль ұстану, педагогикалық әдеп.
2.Кәсіби қызметінің нәтижесі бойынша жауапкершілік.
3.Мемлекеттік және басқа тілдердегі іскерлік
коммуникация.
4.Өз бетінше білім алудағы жауапкершілік пен дербестік.
5. Қазақстандық білім беру жүйесі жағдайындағы
шетелдік іс-тәжірибенің бейімделуіне жауапкершілікпен
қарау.
6. Өмір бойы оқуға деген ұмтылыс.
СБШ
шеңберіндегі
басқа
кәсіптермен
байланысы
профессор,
қауымдастырылған
профессор, доцент
ғылыми
қызметкер
әдіскер
Мамандық коды 2310
1237,2429,24
(сала бойынша)
2351
КӘСІПТІҢ КАРТОЧКАСЫ:
«Педагог ( мамандық: ересектерге арналған қосымша білім беру)»
Коды:
2310
Кәсіп тізбесі:
педагог ( мамандық: ересектерге арналған қосымша білім
беру)
ҰБШ бойынша
біліктілік деңгейі
8
5
КС бойынша
біліктілік деңгейі
4
Кәсіби деңгейі
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
(мамандығына сәйкес магистратура, аспирантура,
докторантура)
Еңбек
функциялары:
1) білім беру жұмысы
2) әдістемелік жұмыс
Білім беру
жұмысы
Біліктері пен дағдылары:
1.Оқытудың озық және инновациялық технологияларды
қолдану.
2. Өз бетінше курстың мазмұнын (модулін) анықтау.
3. Курстың мақсатына сәйкес оқытудың әдістерін,
формаларын және құралдарын таңдайды.
Білім:
1.Психологиялық-педагогикалық ғылымның
методологиясы
2.Арнайы сала
2-Еңбек
функциясы
Әдістемелік
жұмыс
Жеке
құзыреттеріне
қойылатын
талаптар
Біліктері пен дағдылары:
1.Мақсатты, проблемалық курстардың мазмұнына
педагогикалық жаңалықтарды енгізуді жобалау.
2.Кадрлардың біліктілігін үздіксіз көтеру арқылы әр түрлі
деңгейлерде әдістемелік жұмысты модельдеу.
3.Оқытудың авторлық технологияларын әзірлеу және
енгізу.
Білім:
1.Оқу –бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің ресімдеу
қағидаты.
2. Пәндер бойынша жаңа және баламалы оқулықтардың
мазмұны.
3. Инновациялық-педагогикалық қызметтің әдіснамасы.
4.Әріптестері мен тыңдаушылар арасында
демократиялық стиль, педагогикалық такт, педагогикалық
шеберлік қабілеттерін көрсетеді.
5.Кәсіби қызметтің нәтижесі үшін жауап беру және
шешім қабылдай алатын қабілеттерін көрсетеді.
6.Мемлекеттік және басқа тілдерде табысты және оң
іскерлік байланыс орнату қабілетін көрсетеді.
7.Өз бетімен білім алуда ұйымдастырушылық қабілеттер,
жауапкершілік және даралық қабілеттер көрсетеді.
8.Шетелдік тәжірибені қазақстандық білім беру жүйесіне
бейімдеуде жауапкершілікпен қарау.
9. Өмір бойы білім алуға ұмтылыс
Жеке
1) Логикалық түрде өз ойларын жазбаша және ауызша түрде
6
құзыреттеріне
қойылатын
талаптар
дұрыс жеткізу, әріптестері мен тыңдаушылар арасында
демократиялық стиль, педагогикалық такт ,педагогикалық
шеберлік қабілеттерін көрсетеді.
2) Кәсіби қызметтің нәтижесі үшін жауап беру және шешім
қабылдай алатын қабілеттерін көрсетеді.
3) Мемлекеттік және басқа тілдерде табысты және оң
іскерлік байланыс орнату қабілетін көрсетеді.
4) Өз бетімен білім алуда ұйымдастырушылық қабілеттер,
жауапкершілік және даралық қабілеттер көрсетеді.
5) Шетелдік тәжірибені қазақстандық білім беру жүйесіне
бейімдеуді, тыңдаушылардың өмір бойы білім алуға
ұмтылыс қабілетін дамытуды көрсетеді.
6) Курстардың мазмұнын толығымен өз бетінше жобалайды.
СБШ
шеңберіндегі
басқа
кәсіптермен
байланысы
профессор,
қауымдастырылған
профессор, доцент,
Ғылыми
қызметкер
әдіскер
Мамандық коды
2310
1237,2429,24
(сала бойынша)
2351
3. Кәсіби стандарттың техникалық деректері
Әзірледі:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Нұсқа нөмірі
және
шығарылған
жылы:
1-нұсқа, 2014 жыл
Болжамды қайта
қарау күні
01 қыркүйек 2017ж.
Достарыңызбен бөлісу: |