Ел деңгейінде БҰҰ
ЖИТС жөніндегі бірлескен ко-
мандасы құрылған, оның жұмысына мына агент-
тіктер қатысады: БҰҰДБ, БҰҰ БЖКБ, ЮНИСЕФ,
ЮНЕСКО, ДДҰ, БҰҰ-Әйелдер, БҰҰ ЕҚБ, ХЕҰ, БҰҰ
ҚАД, Дүниежүзілік банк, ЮНФПА және ЮНЭЙДС.
БҰҰ ЖИТС жөніндегі бірлескен командасын
Қазақстандағы ЮНЭЙДС офисінің директоры
басқарады.
Қазақстан Республикасындағы ЮНЭЙДС жұмысы
тиісті стратегияларды (АИТВ-инфекциясының ал-
дын алу бойынша ұлттық және салалық бағдар-
ламаларды) әзірлеуден бастау алды. Осылайша,
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірге
1996-2015 жылдар аралығында елде АИТВ-
инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша төрт
бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылды. Бүгінгі
таңда АИТВ/ЖИТС-пен күрес мәселелері ҚР
Үкіметінің негізгі стратегиялық құжаттарына, со-
ның ішінде 2050 жылға дейінгі Қазақстанның
даму стратегиясына, 2016-2019 жылдарға ар-
налған «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтауды да-
мытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ
АИТВ/ЖИТС ЖӨНІНДЕГІ
БІРІККЕН БАҒДАРЛАМАСЫ
БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен Бағдарламасы
(ЮНЭЙДС) Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)
шеңберінде 2030 жылға қарай оны толық жеңу
мақсатында қоғамдық денсаулық сақтауға қауіп
ретінде ЖИТС-ке қарсы іс-қимылдың халықаралық
шараларын үйлестіреді.
ЮНЭЙДС – бұл АИТВ-ге байланысты алдын алудың,
емделудің, күтінудің және қолдау табудың жалпыға
ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету ісінде әлемдік
қоғамдастықты басқаратын және рухтандыратын
Біріккен Ұлттар Ұйымының инновациялық
әріптестігі. ЮНЭЙДС бұл миссияны БҰҰ-ның 11
тең демеушісінің, азаматтық қоғамның, жеке
елдер үкіметтерінің, жеке сектордың, жаһандық
институттар мен АИТВ-мен өмір сүретін және індетке
неғұрлым қатты шалдыққан адамдардың күш-
жігерін біріктіру арқылы орындайды.
Қазақстандағы ЮНЭЙДС офисі 1996 жылы
ашылған. Содан бері ЮНЭЙДС Қазақстан
Республикасының Үкіметімен, атап айтқанда,
ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, ЖИТС-
тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
республикалық орталықпен, облыстық
және қалалық ЖИТС орталықтарымен тығыз
ынтымақтаса жұмыс істейді.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
40
Сонау 1997-98 жж. ЮНЭЙДС инъекциялық есірт-
кілерді қолданатын адамдармен жұмыс істеу
үшін «зиянды төмендету» стратегиясын ұсын-
ды. Бұл стратегияға сәйкес, есірткіні қолданатын
адамдарға есірткіні пайдалануды жалғастыруға
және олар үшін және айналасындағылар үшін
ықтимал зиянды салдарларға байланысты тәуе-
келдерді барынша азайтуға көмектесетін іс-әре-
кеттер нұсқаларын ұсыну қажет. Бұл тәсіл есірткі
пайдаланатын адамдар, олардың отбасылары
және жалпы қоғам үшін пайдалы. 1997 жылы
зиянды төмендету стратегиясы Қарағанды об-
лысының Теміртау қаласында басталған, кей-
ін осы қалада және облыста АИТВ-инфекциясы
бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсарт-
ты. Бүгінгі таңда инъекциялық есірткіні қолда-
натын адамдарға арналған «зиянды төмендету»
бағдарламаларын қаржыландыру мен іске асыру
мемлекеттік деңгейде қолдау табуда.
2000-2005 жылдары ЮНЭЙДС мемлекеттік және
ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдармен ын-
тымақтаса зиянды төмендету стратегиясын жүзе-
ге асырды және бүкіл елде АИТВ-инфекциясының
жыныстық жолмен таралуының алдын алу ша-
ралары жүргізілді. 2005 ж. ЮНЭЙДС БҰҰ-ның
басқа агенттіктерімен, атап айтқанда, ДДҰ
мен ЮНИСЕФ-пен қатар Оңтүстік Қазақстан
АИТВ-мен
өмір сүретін
адамдардың
Қазақстандық
Одағының өкілдері
«Шекарасыз Қала»
іс-шарасында,
Алматы,
Қазақстан. 2017
ж. тамыз
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
41
облысының медициналық мекемелерінің бала –
пациенттеріне АИТВ-инфекциясын аурухана ішін-
де таратудың салдарларын жоюға қатысты.
2000 жылдан бастап бүгінге дейін ЮНЭЙДС-тің
орасан зор күш-жігері елдегі ЖИТС-пен ағымдағы
жағдайды жақсырақ түсіну және деректерді
ЖИТС-тың алдын алу шараларын жетілдіруге пай-
далану үшін стратегиялық ақпаратты жинау мен
талдау бойынша инновациялық тәжірибелерді
енгізе отырып, АИТВ-инфекциясын эпидемиоло-
гиялық қадағалаудың екінші буыны мәселелері
бойынша ЖИТС қызметінің медициналық және
медициналық емес мамандарының біліктілігін
арттыруға бағытталды.
2017 жылы ЮНЭЙДС субаймақтық офиске ай-
налып, Қазақстандағы ЖИТС-сервистік үкіметтік
емес ұйымдардың, әсіресе АИТВ-мен өмір сүретін
адамдардың (АӨА) қауымдастықтарының қа-
лыптасуы мен дамуына қолдау көрсетуін жалға-
стырды. Осылай 2018 жылы ЮНЭЙДС, ЖИТС
Республикалық орталығы, АӨА Қазақстандық
одағының қатысуымен АИТВ-мен өмір сүретін
адамдарға қатысты Стигма мен кемсітуге қарсы
күрес жөніндегі ұлттық жоспар әзірленіп, оған қол
қойылды.
Қазақстандағы 25 жыл жұмысы ішінде ЮНЭЙДС
пен ұйымның әріптестері мемлекетке ЖИТС-
пен, туберкулез бен безгекпен күрес жөніндегі
Мишель Сидибе, ЮНЭЙДС Атқарушы директоры Қазақстандағы Астанаға сапары барысында
ЖИТС сервистік ұйымдарының өкілдерімен. Маусым, 2016 ж.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
42