Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет7/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

Органикалық ауыл 

шаруашылығы 

Техникалық ынтымақтастық жобасы аясында 

органикалық өнімдерді сертификаттау, орга-

никалық өндіріс заңнамасы мен стандарттарын 

әзірлеу бойынша конференциялар мен оқу се-

минарлары өткізілді, халықаралық тәжірибе 

негізінде техникалық көмек пен сараптамалық 

білім берілді. Жобаның мақсаты – халықтың қа-

жеттіліктерін қанағаттандыру үшін органикалық 

азық-түлік өндірісінің тұрақты жүйесін құру және 

органиканы экспорттау моделін әзірлеу. 2018 

жылы Қазақстандағы органикалық өнімдердің 

есепке алынуы мен бақылануының шынайылығы 

жүйесін енгізу бойынша техникалық қолдаудың 

тағы бір жобасы іске асырылады. Бұл жүйе елде-

гі органикалық өнімдер нарығының ашықтығын 

қамтамасыз етеді және экологиялық таза өнім-

дерді жергілікті өндірушілер мен жеткізушілерге 

деген сенімді нығайтады. 

Майлы және дәнді-

бұршақты дақылдар

Қазақстанның майлы және дәнді-бұршақты 

дақылдар секторына аналитикалық зерттеу жүр-

гізіліп, қосымша құн тізбегін дамыту және экс-

портты ілгерілету бойынша ұсынымдар әзірленді. 

Зерттеу бұл секторды дамытудағы қиындықтар 

өндірістің, сақтау мен логистика инфрақұрылы-

мының жеткіліксіз дамуында, сондай-ақ қиын-

дықтар экспорттық нарықтарға қол жеткізуді рет-

теу мен қамтамасыз етуде екендігін анықтады. 

Зерттеу сондай-ақ Қазақстандағы майлы және 

дәнді-бұршақты дақылдардың 

қосылған құн тізбегін 

басқа елдерге қа-

тысты бағалауды 

қамтиды. 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

29



Сүт секторы 

ФАО мен ЕҚДБ шағын және орта сүт өн-

дірушілердің көп қатысуы арқылы қазақстандық 

сүт өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін артты-

руға бағытталған техникалық көмек жобасы, сон-

дай-ақ шикі сүтті өндіру мен жинауды жақсар-

туға бағытталған шешімдер іске асырылды. ФАО 

сүт шаруашылығын жүргізудің алдыңғы қатарлы 

тәжірибесі бойынша шағын және орта фермерлік 

шаруашылықтарға арналған бірқатар ұсынымдар 

да әзірледі.

Табиғи ресурстарды біріктіріп 

басқару 

Жаһандық экологиялық қордың, ұлттық үкімет-

тер мен басқа донорлардың қолдауымен 2018 

жылы ФАО Орталық Азия мен Түркияның қуаң 

және тұзды ауылшаруашылық ландшафттарын-

да табиғи ресурстардың біріктіріп басқарылуын 

қамтуды кеңейту үшін Орталық Азия елдерінің 

жер ресурстарын басқару жөніндегі бастамасы-

ның екінші фазасын (ОАЕЖРББ-ІІ) іске асыруға 

кірісті. Қазақстанда жоба үкіметке тұрақтылық 

қағидаттарын ресурстарды кешенді басқарудың 

саяси, құқықтық және институционалдық тетік-

теріне біріктіруге көмектеседі. Сондай-ақ бұл 

климат ерекшеліктерін ескеретін тиімді ауылша-

руашылық тәжірибелерді кеңінен енгізуге және 

жер ресурстарын орнықты басқаруға мүмкіндік 

береді, ал, ол өз кезегінде жергілікті қауымда-

стықтарға әлеуметтік-экономикалық игіліктер бе-

реді, сонымен қатар жаһандық экологияны жақ-

сартуға ықпал етеді. Жайылымдарды басқаруға 

және олардың жай-күйін жақсартуға ерекше на-

зар аударылады.  



Жайылымдарды басқару 

және жем-шөп ресурстарын 

дамыту

ФАО қолдауымен жүзеге асырылатын арнайы 

техникалық ынтымақтастық жобасының негіз-

гі мақсаты жайылымдарды орнықты басқаруға 

арналған бизнес-модельдер жасау болып та-

былады. Осы мақсатқа жету үшін жобалық топ 

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында орналасқан 

жайылымдардың аргоэкологиялық ерекшелік-

терін ескеретін бизнес-модельдерді жүзеге асыру 

үшін тұтынушылық пен инвестициялар түрлері-

не бағалау жүргізеді. Содан соң жайылымдарды 

басқарудың нақты құралдары мен технологияла-

ры бар осы бизнес-модельдер бүкіл елде қолдану 

үшін ұсынылатын болады. Мемлекеттік және жеке 

инвестициялау үшін ұсынылатын жайылымдар-

ды тұрақты қолдану бойынша инвестициялық 

бағдарламаны әзірлеу жоба нәтижелерінің бірі 

болмақ.


БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

30


ФАО ЭКСПО-2017 көрмесінде

Астанадағы ЭКСПО 2017 – «Болашақ Энергиясы» 

көрмесіне ФАО қатысуымен төмендегідей бірқа-

тар шаралар өткізілді:

(i)  Астана экономикалық форумы-2017 

шектерінде «Азық-түлік қауіпсіздігі және 

БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі мақсаттары 

2030: Қазақстанда органикалық өндіріс секто-

рын дамыту перспективалары» халықаралық 

конференциясы;

(ii) 

«Инклюзивті аграрлық азық-түлік тізбек-



терін дамыту» халықаралық конференциясы; 

(iii) 


 «Дәнді-бұршақты және майлы дақылдар: 

Қазақстанда одан әрі даму перспективалары» 

ұлттық семинары;

(iv) 


 «Энергетикалық тиімді агротехнологияға 

инвестициялар» халықаралық семинары.



2018-2020 жылдарға 

жоспарланған жобалар:

Тұрақты Даму Мақсаттарының ұлттық қажеттілік-

терге бейімделуін қолдау;

қосылған құн тізбектерін және аграрлық азық-

түлік өнімдерінің экспортын дамыту;

органикалық сектордың одан әрі дамуын техни-

калық қолдау;

Қазақстанда шегірткеге қарсы күресті қолдау;

аграрлық азық-түлік тізбектерінде климатқа 

төзімді технологияларды енгізу – FINTECC (ЕҚДБ-

мен бірге);

ауылшаруашылық статистикасын жақсартуды 

мақсатты қолдау;

«электрондық ауыл шаруашылығын» және аграр-

лық азық-түлік экспортын дамыту.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



31


жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау