Сабақ 6 сынып Информатика пән мұғалімі: Букенова Л. А



жүктеу 97,43 Kb.
Дата27.02.2018
өлшемі97,43 Kb.
#10813
түріСабақ

«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер

Ашық сабақ

6 – сынып

Информатика пән мұғалімі: Букенова Л.А.


Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер

Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;

  • Easy Interactive Tools Ver 2.00, слайдттар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Оқушыларға тұсаукесер туралы жалпы мәліметтерді білуі тиіс

Microsoft PowerPoint бағдарлмасының терезе элементтерімен танысу.

Тұсаукесерге слайдттар қосу және олармен жұмыс істеу.

Шаблон бойынша тұсаукесерді құруды білу..



Дамытушылық мәні:

Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, жауапкершілік, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Нәтиже:

  • Бағдарламаны іске қосуды біледі

  • Тұсаукесерге слайдттар қосу және олармен жұмыс істеуді біледі;

  • Жаңа тұсаукесер және шаблон бойынша тұсаукесерлер құрып, слайдттарды қарау және жоюды біледі

  • Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады;

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыланады;

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

СТО, АКТ

Пәнаралық байланыс:

Сурет, қазақ тілі, қазақ әдебиеті

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу. Оқушыларды 2 топка «Планшет», «Ноутбук» атты топтарға бөлу

  4. Сұрақ қою Не себіпті сендер «Планшет» немесе «Ноутбук» атауларың таңдадыңдар?

  5. Сабақ барысымен таныстыру.

  6. Бағалау парағын таныстыру.

  7. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Сыныпта өздеріне ұқсас оқушыларды тауып, жасалған шеңберде бір-біріне жақсы тілектер айту

  • Топқа бөліну

  • Сұраққа жауап беру

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (6 мин.)

(«Мәтіндік процессор Microsoft Word» тарауы бойынша тест алу)

Тест жұмысы

  • 1. Microsoft Word дегеніміз не?
    А) Windows – тың басқаруымен автономды ДК - де жұмыс істеуге арналған реляциялық деректер базасын басқарудың үстелдік жүйесі;
    Б) Мәтіндік құжаттарды жасауға, көруге, түрлендіруге және қағазға басып шығаруға арналған Windows – тың қосымша мүмкіндіктері;
    В) Windows – тың презентацияларды жасауға және редакциялауға арналған программасы.
    2. Word – ты қалай іске қосамыз?
    А) Пуск - Microsoft Word;
    Б) Программы – Стандартные - Microsoft Word;
    В) Пуск – Программы - Microsoft Word.
    3. Word - тағы саймандар тақтасы – бұл...
    А)... басқа программалардағы секілді командалардың жиынтығы;
    Б)... Word орындай алатын іс әрекеттердің тізімі;
    В)... атқаратын қызметтеріне қарай топтастырылған батырмалар мен тізімдер жиыны.
    4. Кесте дегеніміз не?
    А) Қатар мен бағанада реттелген ақпарат
    Ә) Қатарлар тізімі
    Б) Бағаналар тізімі
    5. Кесте құру үшін
    А) Формат – Шекара және аймақтардың ішін бояу
    Ә) Кесте құру - Кесте
    Б) Кесте – Кесте қосу
    6. Ұяшықтарды біріктіру
    А) Ұяшықтарды ерекшелейміз және Кесте – Ұяшықтарды біріктіру
    Ә) Өңдеу – Ұяшықтарды біріктіруді болдырмау
    Б) Ұяшықтарды біріктіруді болдырмау
    7. Қай пернені басқанда курсор оң жаққа қарай 8 орынға жылжиды?
    А) Tab;
    Б) Enter;
    В) Alt.
    8. Мәтін жиегін қоршау, бетті қоршау, бояу әрекеттері қандай команданың көмегімен орындалады?
    А) Формат – Шекаралар және бояу (Формат - Границы и заливки) командасының көмегімен;
    Б) Сурет салу (Рисование) саймандар тақтасындағы Құю (Заливка) батырмасының көмегімен;
    В) Формат – Фон командасының көмегімен.
    9. Word мәтіндік редакторы қандай мәселелерді шешуге арналмаған?
    А) Үлкен көлемдегі мәтіндік ақпаратты сақтау үшін;
    Б) Құжаттарды көбейту үшін;
    В) Экономикалық есептеулерді орындау үшін.
    10. Кестенің негізгі элементі
    А) кесте;
    Ә) ұяшық;
    Б) бағана.
    10. Қандай батырманы басу арқылы қатар қосуға болады?
    А) Enter
    Ә) Shift
    Б) Tab

11. Графикалық редакторда құрылған суретті мәтіндік құжатқа ненің көмегімен қосуға болады?

А) алмасу буферінің

Ә) жолақтың Пішім тіркеме парағының

Б) жолақтың Кірістіру тіркеме парағының



12. Құжатқа фигураны мына бұйрықтардың қайсысының көмегімен қосуға болады?

А) Кірістіру – Иллюстрациялар – Фигуралар

Ә) Кірістіру – Мәтін - WordArt

Б) Кірістіру – Иллюстрациялар – Сурет



Қызығушылықты ояту (5 мин.)

Оқушылардан басқа ортаға, басқа жерге барғанда біздің Жамбыл атындағы орта мектебімізді қалай таныстырар едіндер деп сұрақ қойып 2-топ ортасына плакат пен маркерлер бер.

Оқушылар плакатқа мектебіміз 2 кабатты спорт залы, асханасы, мектеп жанындағы шағын орталық, акт залы бар екенін және кабинеттеріміз кен жарық жаңа ақпараттық технологиялармен қамтылғаны екенін салып көрсетеді

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)



Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтағы топ басшының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

6-сынып оқулығында «Тұсаукесер туралы жалпы мәлімет» тақырыбын оқыту.




Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар екі топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылармен бірге табыс критерийлері анықталады.

Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы тақырыптың бөлімдерін оқып, өздері оқығаны туралы топқа түсіндіреді.

Өздерінің осы және келесі бірнеше сабақ бойы жұмыс істейтін тұсаукесер құру үшін тақырып таңдап. Осы тақырып боынша тұсаукер слайдтардың саны 7 кем болмайтын, келесі сабақтарда жалғастыратындай тұсаукесер құрып, сақтайды


Қорыту. Күтілетін нәтиже (5 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау.

Венн диаграммасын құры




Сұрақтарға жауап береді.

Microsoft Word және Microsoft PowerPoint баддарламаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады.

Бағалау (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.



Бағалау критерийлері 
• Өз бетімен білім алуы 
• Дербес жұмыс жасауы 
• Жұпта жұмыс жасауы 
• Информатикалық білімі 
• Информатикалық терминді пайдалану 

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге «Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.

жүктеу 97,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау