39
Екі жылда халық саны 1,1 мың адамға көбейіп, 32,6 мың адамды құрады.
Қаланың экономикалық белсенді халқының саны 2016 жылы 17512 адамды
құрайды және 2014 жылмен салыстырғанда 6,7%-ке немесе 1098 адамға артты
(2014 жылы – 16414 адам).
2016 жылы жұмыссыз саны 841 адамды құрайды, жалпы жұмыссыздық
деңгейі 2014 жылмен салыстырғанда 5,9-дан 2016 жылы 5,0%-ке дейін
төмендеді.
Әлеуметтік мекен-жай көмек алушылар саны 2014 жылғы 21-ден 2016
жылы 8-ге дейін төмендеді, әлеуметтік мекен-жай көмегін алушылар арасынан
еңбекке қабілеттілерінің үлесі 2016 жылы 27,6%-ті құрады.
Сумен қамту және су бөлу жүйелерінің тозуы – 60,1%-ке, су бөлу - 65%,
жылумен қамту жүйесінің жүйесі – 66,8%, электрмен қамту 72,9%-ке жетті.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі - 73%.
Шағын қалалардың және Текелі моноқаласының мәселелерінің бірі болып
инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жағдайы
табылады. Су құбыры, кәріз, жылу және электр жүйелерінің қатты тозуы,
жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы айтарлықтай қаржылық салымдарды
қажет етеді.
Шағын қалалардың және Текелі моноқаласының дамуына SWOT-талдау
Күшті жақтар
1.
Жалпы жұмыссыздықтың төмендеуі;
2.
МӘК алушылар санынан еңбекке қабілетті
халық үлесінің төмендеуі;
3.
Халықтың табиғи және көші-қондық өсуінің
оң көрсеткіштері;
4.
Кадрлық базаның болуы.
Әлсіз жақтар
1. Су құбыры, кәріз, жылу және электр жүйелерінің,
атомобиль жолдарының қатты тозуы.
Мүмкіндіктер
1.Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және туризмді
дамыту келешегі;
1.
Қолданыстағы мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламалардың аясында мемлекеттік қолдау.
Қауіптер
1. Өңдеу салалары өнімінің энергиялық, еңбек
және материалдық сыйымдылығының және соның
салдарынан өнімдің бәсекеге қабілетсіздігінің өсуі.
Негізгі мәселелер:
- су құбыры, кәріз, жылу және электр жүйелерінің, автомобиль жолдарының қатты тозуы;
- үш
ауысымды мектептердің болуы;
- білім, денсаулық сақтау мекемелері объектілерін күрделі жөндеуді талап етеді.
Тірек ауылдық елді мекендері
Облыста 16 тірек ауылдық елді мекендері бар, 2017 жылдың 1
қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны 152,7 мың адамды құрайды. Екі
жылда 12,1%-ке артты
(2014ж. -136,2 мың адам).
16 ТАЕМ 28697 орынды 37 мемлекеттік мектеп жұмыс жасайды, онда
27937 оқушы білім алады. 37 мектептің 35-і мектебі – үлгілі, 6 мектеп 50 жылдан
бұрын салынған. 50 балалардың мектепке дейінгі мекемелері жұмыс жасайды,
оның ішінде 28 балабақша, 4,1 мың бала қамтылған. 4 колледж бар, оның ішінде
3-уі мемлекеттік. 12 мектепте және 3 балабақшада күрделі жөндеу жүргізу
қажет.