Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет24/56
Дата11.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#26197
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56

 
56 
Мәдениет  
Облыста  564  мәдениет  және  мұрағат объектілері  бар,  оның  ішінде  246  - 
мәдениет  үйлері  мен  клубтар,  268  -  кітапхана,  22  -  мұражайлар,  2  -  сурет 
галереясы,  Б.Римова  атындағы  драма  театры,  Сүйінбай  атындағы  облыстық 
филармония,  «Алатау  әуендері»  МКҚК,  облыстық  халық  шығармашылығы 
және тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтары, 2 - бейне мобильдер және 18 
- мұрағат. 
2014  жылмен  салыстырғанда  мәдениет  мекемелерінің  жүйесі  5  бірлікке 
артты,  оның  ішінде  бұрын  жұмыс  жасамаған  объектілерді  жөндеу  есебінен  3 
мәдениет үйлері мен клубтар, 1 кітапхана және 1 мұражай ашылды.  
Сонымен  қатар  халық  саны  5000  және  одан  көп  адамнан  тұратын  28 
ауылдық елді мекенде мәдениет үйлері жоқ.  
2014  жылы  Райымбек  ауданының  тарихи-өлкетану  мұражайы  салынды, 
2016  жылы  Талдықорған қаласында драма  театрының  құрылысы  басталды, ол 
2018 жылы аяқталады. Барлығы  24 мәдениет және мұрағат объектілер күрделі 
жөнделді,  оның  ішінде  13  мәдениет  үйлері,  2  кітапхана,  3  мұрағат  және  5 
мұражай  және  облыстық  театр  ғимараты  бар.  Тағы  70  ауылдық  клубтар  мен 
мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу қажет. 
45 мыңнан астам әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шаралар өткізілді (2014 
ж.-40 мың).  2016 жылы мәдениет мекемелері 62,1 млн. теңгеге ақылы қызметтер 
көрсетті, 2014 жылмен салыстырғанда өсім 15,7%-ті құрады. 
Облыс  кітапханалары  642  компьютермен,  оның  ішінде  53  ноутбуктармен 
жабдықталған.  Нашар  көретін  және  зағип  жандарға  арналған  кітапхана  -  2 
тифлоноутбуктармен, 

оқу 
машиналарымен, 

тифломагнитолламен 
жарақтандырылған,  облыстың  117  кітапханасы  Қазақстандық  автоматтандырылған 
кітапхана-ақпараттық  жүйесіне  ҚАКАЖ  бағдарламасына,  57  кітапхана  Интернет 
желісіне қосылған. Компьютерлермен жабдықталған кітапханалардың үлесі 100%-ті 
құрады. Кітап қоры 3,7%-ке артып, 5125,6 мың кітапты құрады. 
Кітап оқушылар саны 2,9%-ке артып, 314,6 мың адамды құрайды.  
2016 жылы театр 18426 көрермендерді қамтумен 113 спектакль қойды, бұл 
2014 жылға қарағанда (102) 11 спектакльге артық. 2014-2016 жылдары театрдың 
материалдық-техникалық базасын нығайтуға 14,5 млн. теңге бөлінді.  2340 тарихи 
ескерткіштер  бар,  оның  ішінде  454  –  сәулет  және  қала  құрылыс,  1862  – 
археология,  7  –  табиғат  ескерткіштері,  4  -  ЮНЕСКО  ескерткіштері,  10  – 
Республикалық маңызы бар ескерткіштер және 2 жаңа ескерткіштер.   
Нәтижесінде,  2016  жылы  2014  жылмен  салыстырғанда  театрға  келушілер 
саны 1000 адамға шаққанда 9,8-ден 12,8-ге дейін - 1,3 есе, кітапханаларға 152,5- тен 
159,9-ға  дейін  4,9%-ке,  концерттік  ұйымдарға  келушілер  саны  –  16,2-ден  30,5-ке 
дейін 1,9  есе, мұражайларға – 44,5-тен 51,3-ке дейін 15,3%-ке артты.
 
 
 
Салының даму жағдайына SWOT-талдау: 
Күшті жақтар  
1.  халықтың  жалпы  мәдениетке  деген  артып  келе 
жатқан қызығушылығы; 
2.  бәскеге  қабілетті  мәдениет  инфрақұрылымын 
құру мүмкіндігі; 
3.  шараларды өткізуден түсетін кірістердің өсуі. 
Мүмкіндіктер  
1.  халық  саны  5000  және  одан  артық  адамды 
құрайтын  елді  мекендерде  мәдениет  үйлерін  ашу, 
музыка-дармалық  театрының  үлгі  ғимаратының 
құрылысы,  мәдениет  және  мұрағат  объектілерінің 
ғимарттарын  күрделі  жөндеу  және  материалдық-
техникалық базасын нығайту. 
Әлсіз жақтар 
Қауіптер  


 
57 
1.  Әлеуметтік  инфрақұрылымның  жеткіліксіз 
дамуы  және  әлеуметтік  салаға  инвестициялардың 
төмен деңгейде салынуы; 
2.  Қазақстан 
халқының 
тарихи-мәдени 
мұрасының дамуын зерттеудің және танымал етудің 
жеткіліксіз деңгейі; 
3.  Нормативтік-құқықтық 
базаның 
жетілмегендігі,  өңірлердегі  мәдениет  мекемелерінің 
материалдық-техникалық  базасының  төмен  деңгейі, 
мамандандырылған кадрлардың тапшылығы. 
1.  Қолда 
бар 
артықшылықтарды 
орынсыз 
пайдалану. 
 
Негізгі мәселелер:  

 
мәдениет және кітапхана жүйелерінің жеткілікті дамымауы;  

 
ауылдық кітапханалардың барлығы облыстық, ұлттық кітапханалардың 
ресурстарына қол жеткізе алмайды; 

 
үйлер мен клубтар күрделі жөндеуді қажет етеді; 
 
Дене шынықтыру және спорт 
Облыста  дене  шынықтырумен  және  бұқаралық  спортпен  айналысу  үшін 
қол  жетімді  объектілердің  саны  2016  жылы  3347  бірлікті  құрады,  бұл  2014 
жылмен салыстырғанда 51 объектіге артық. 
Оның  ішінде  дене  шынықтыру-сауықтру  кешендерінің  саны  22  бірлікті 
құрайды немесе 1000 адамға шаққанда 0,8 (2014ж.-0,8). 
Барлығы  2014-2016  жылдары  11  объект  салынды  және  қайта 
жаңғыртылды,  оның  ішінде  Еңбекшіқазақ  ауданының  Есік  ауылында, 
Панфилов  ауданының  Жаркент  қаласында,  Жамбыл  ауданының  Аққайнар, 
Мыңбаев,  Ұзынағаш  ауылндарында  5  дене  шынықтыру-сауықтыру  кешендері 
бар. 6 спорт объектілері күрделі жөнделді. 
Дене  шынықтырумен  және  спортпен  айналысатын  азаматтарды  қамту 
облыста 2014 жылдан 2016 жылдар аралығында 2%-ке артып, 520 мың адамды 
құрады немесе халықтың жалпы санынан - 27 %. 
Балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  спорт  мектептерінде,  дене 
шынықтыру  спорт  клубтарында  дене  шынықтырумен  және  спортпен 
шұғылданатын  7-ден  18  жас  аралығындағы  балалар  мен  жасөспірімдерді  қамту 
балалар  мен  жасөспірімдердің  жалпы  санынан  2014  жылғы  7%-ке  қарсы  7,1%-ті 
құрады. 
Ауыл  халқын  жүйелі  түрде  дене  шынықтырумен  және  спортпен 
айналысуға  тарту  үшін  2014  жылыдң  1  қаңтарынан  бастап  әрбір  ауылдық 
округке спорт бойынша әдіскерді енгізумен 253 штаттық бірлік берілді. 
2014-2016  жылдары  3207  жоғары  білікті  спортшылар  дайындалды:  43 
халықаралық  санаттағы  спорт  шеберлері,  284  спорт  шеберлері,  1605  спорт 
шеберіне  үміткерлер  және  1275  бірінші  разрядтағы  спортшыдар.  Түрлі 
дәрежеде алынған медальдар саны артты. 
2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда өткізілетін спорттық-бұқаралық және 
дене шынықтыру-сауықтыру шараларының саны 101 бірлікке артып, 904-ті құрады. 
 
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау: 
Күшті жақтар (S) 
1. 
Дене  шынықтырумен  және  спортпен  жүйелі 
түрде айналысатын, барлық жастағы халық санының 
2%-ке артуы. 
Мүмкіндіктер (O) 
1.  Дене 
шынықтыру-сауықтыру  кешендерінің, 
жай  спорт  ғимарттарының  құрылысы,  спорт 
объектілерінің  материалдық-техникалық  базасын 
нығайту. 
 
Әлсіз жақтар (W) 
Қауіптер (T) 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау