42
– 1065,3 мың адам). Сәйкесінше жұмыспен қамтылғандар саны 2014 жылғы
985,3 мың адамнан 2016 жылы 1013,3 мың адамға дейін көбейді немесе 2,8%
(28,0 мың адам). Облыс халқының экономикалық белсенділігінің деңгейі 2016
жылы 75,0%-ті құрайды, жалпы ҚР бойынша жоғары (70,7%).
Облыста ресми жұмыспен қамтылған халықтың қатарында айтарлықтай
үлес өз ісімен шұғылданушыларға тиесілі – 28,4% (ҚР – 25,8%) және олар
негізінен қызмет және сауда саласында жұмыспен қамтылған. 2014-2016 жылдары
өз ісімен шұғылданатындар саны 349,2 мың адамнан 279,9 мың адамға дейін
азайды немесе 19,8%. Жалпы өз ісімен айналысатын халық санынан пайдасыз өз
ісімен шұғылданушылар үлесі 14,9%-ті құрайды (2014ж.-33,5%).
2016 жылы жұмыссыздар саны 2014 жылғы 52,0 мың адамға қарағанда
49,4 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-тен 4,8%-ке дейін
қысқарды (ҚР - 5,0%), жастар жұмыссыздығы 2016 жылы 2014 жылғы деңгейде
қалды – 3,1% (ҚР-4,1%), әйелдер жұмыссыздығы - 5,9%-тен 5,8%-ке дейі
төмендеді.
Жұмыссыздардың жыныстық-жастық құрылымына жүргізілген талау
айтарлықтай үлесті орта жастағы адамдар (68,4%), атап айтқанда 30-дан 55 жас
аралығындағылар құрайтынын көрсетті, жұмыссыздар арасында 29,4%-і – бұл
әйелдер. Жұмыссыздардың кәсіби-біліктілік құрылымы бойынша 64%-і
орташа-кәсіби және орта жалпы білім барлар болып табылады.
Аумақтық бөліністе жұмыссыздық деңгейі Ақсу, Балқаш, Ескелді,
Жамбыл, Қаратал, Көксу, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандарында және
Қапшағай, Текелі қалаларында орташа облыстық деңгейден жоғары.
Алматы облысының еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері
мың адам
2014 ж.
2016 ж.
ауытқу
(+,-)
2014
жылға
2016ж., %
1
Экономикалық белсенді халық
1065,3
1034,8
-30,5
97,1
2
Жұмыспен қамтылған халық
1013,3
985,3
-28,0
97,2
оның ішінде:
Жалдамалы
664,1
705,4
41,3
106,2
өз ісімен шұғылданушылар
349,2
279,9
-69,3
80,2
жұмыспен қамтылған халық
құрамында өз ісімен
шұғылданушылар үлесі,%
34,5
28,4
-6,1
х
пайдасыз жұмыспен қамтылу
116,9
41,8
-75,1
35,8
Пайдасыз жұмыспен қамтылғандар
үлесі, %
33,5
14,9
-18,6
х
3
Жұмыссыз халық
52,0
49,4
-2,6
95,0
Жалпы жұмыссыздық деңгейі, %
4,9
4,8
-0,1
х
4
Жастар жұмыссыздығының
деңгейі (15-28 жас),%
3,1
3,1
0
х
5
Әйелдер жұмыссыздығының
деңгейі,%
5,9
5,8
-0,1
х
43
Жұмыспен қамтылған халық құрылымында экономика салалары
бойынша айтарлықтай үлес ауыл, орман және балық шаруашылығына – 28,4%
және бюджеттік салаға (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау және
әлеуметтік қызметтер, өнер, көңіл-көтеру және демалыс) – 25,3% тиесілі, яғни
46,3%-і табысы жоғары емес салаларды жұмыспен қамтылған. Өнеркәсіпте
жұмыспен қамтылу – 7,1%-ті, құрылыста – 5,8%, саудада – 12,3%, басқа
салаларда 21,1%-ті құрады.
Қызмет түрлері бойынша
жұмыспен қамтылған халық, мың адам
Облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай соңғы жылдары жеткілікті
тұрғыда тұрақты болып сақталуда: шағын бизнес саласында кәсіпорындар саны
өсуіде; жұмыс орындары мен бос орындар саны өсуде; білікті еңбекке сұраныс
пен ұсыныс артуда.
Жұмыспен қамту жүйесінде жағымды өзгерістер байқалады, алайда,
шешілмеген мәселелерде сақталуда. Ауылдық жерлерде бос жұмыс
орындарының жеткіліксіз болуы сақталуда, бұл ауыл шаруашылығы
жұмыстарының маусымдылығына, негізінен өзінің аула шаруашылығында
жұмыс жасайтын жұмыс күшінің көп болуына, ауыл халқының төмен білікті
деңгейіне, мамандық бойынша жұмыстың болмауына байланысты.
Нәтижесінде, еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы
арасында теңсіздік орын алады, әсіресе жастар, мүгедектер, сондай-ақ ұзақ
уақыт бойы жұмыс жасамайтын және зейнеткерлік алдындағы жастағы
адамдар арасында. Аталған санаттағы халықты жұмыспен қамту мақсатында
облыста халықтың әлсіз жігімен нысаналы жұмыс жүргізуді көздейтін,
Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің кешенді жоспары әзірленді.
2016 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселесі бойынша жүгінгендендің
саны 44,0 мың адамды құрады (2014ж.- 22,0 мың). Олардың ішінде 33,2 мың адам
жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүгінген
адамдардың ішінде жұмысқа орналастырылғандар үлесі 75,4%-ті құрайды (2014ж. –
91,8%). Жүгінген нысаналы топтың ішінен тұрақты жұмыс орнына
орналастырылғандар үлесі 75,4%-ті құрайды (2014ж.-61,2%).
Облыста 61,4 мың мүгедектер тұрады немесе жалпы халық санынан - 3,1%.
Олардың ішінен 01.01.2017 жылғы жағдай бойынша жұмысқа қабілетті
мүгедектер саны 18,8 мың адамды құрайды, оның ішінде 13,4 – жұмыс жасайтындар
және 5,4 мың - жұмыс жасамайтындар.
44
Тұрақты жұмыс орындарына 572 мүгедек жұмысқа орналастырылды немесе
жұмыс жасамайтындар санынан - 15,5%.
2016 жылы экономиканың түрлі салаларында 25582 жұмыс орны құрылды,
2014 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 23,6%-ке артты (2014 ж. - 20700).
Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020 бағдарламасын жүзеге асыру
аясында облыста жұмыссыздар, өз ісімен шұғылданушылар және аз қамтылған
азаматтар қатарынан соңғы үш жылда 21,8 мың адам жұмысқа орналастырылды.
Бағдарлама әрекет етіп бастағаннан бері сұранысұа ие мамандықтар бойынша
оқытумен 8,0 мыңнан астам адам қамтылды. Оқуды аяқтағандан қатарынан
тұрақты жұмыс орындарына 74%-і жұмысқа орналастырылды.
Жалпы облыс бойынша Жұмыспен қамту картасына сәйкес, жыл сайын
еңбек ресурстарының 3,0-ден 3,9 мың адамға дейін аз ғана артылуы байқалады,
осыған байланысты жылдар бойынша еңбек нарығында шиеленіс артпайды
және бір жұмыс орнына орташа есеппен 2 жұмыссыз үміттенеді. Жалпы облыс
бойынша 2015-2017 жылдарға еңбек ресурсына деген қажеттілік жалпы 47,7
мың жұмыс орнына анықталды.
2014 жылы облысқа 1308 шетел жұмысшылары тартылды, олардың
ішінде 58,9% - жоғары білікті мамандар, 2016 жылы 1837 жұмышы тартылды,
олардың 41,0%-і жоғары білікті мамандар. Тартылған шетел қызметкерлерінің
жалпы тізімдегі жұмысшылар санындағы үлесі 2014 жылғы 7,7%-ке қарағанда
2016 жылы 9,9%-ті құрады, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы
жергілікті атқару органдарының берген рұқсаттары бойынша білікті
мамандардың үлестік салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бойынша)
2014 жылғы 63,3%-тен 2016 жылы 41,0%-ке дейін төмендеді.
2012 жылдың 1 қаңтарынан бері облыста «Еңбекті қорғау және
қауіпсіздік» ААЖ қолданысқа енгізілді, ол еңбек жағдайын, өндірістік
жарақаттар серпінін, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарды және
еңбекті қорғау және оларды бұзушылықтарды жоюды есепке алуға және
мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары өндірістік жарақаттану деңгейі облыста тұрақты азаю
үрдісіне ие. атап айтсақ, 2016 жылдың қорытындысы бойынша өндірісте 46
адам зардап шекті, оның ішінде 11 адам қаза тапты, 2014 жылы 63 адам, оның
ішінде 16 адам қайтыс болды. Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға
шаққанда оқыс оқиғалардың жиілік коэффициенті) 2014 жылғы 0,17%-тен 2016
жылы 0,06%-ке төмендеді.
Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауларын және азаматтардың
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша еңбек
құқықтарын сақтауларын қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мақсатында
жүйелі мемлекеттік бақылау жалғасуда.
2016 жылы өткізілген тексерулер қорытындылары бойынша еңбек
заңнамасын бұзудың 1111 жағдайы анықталды, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі
және қорғау бойынша – 362. 2014 жылмен салыстырғанда 13,8%-ке кеміді.
Облыста БАҚ-та еңбек заңнамасы бойынша 83 сөз сөйлеулер және 364
түсіндіру семинарлары мен оқытулар ұйымдастырылды. Нәтижесінде,
анықталған еңбек заңнамасын бұзудың жалпы санына қарағанда жойылған
бұзушылықтардың үлесік салмағы 98,5%-ті құрады (2014ж.-96,5%).
Достарыңызбен бөлісу: |