Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет14/56
Дата11.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#26197
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56

 
34 
шаруашылығы өнімін өңдеудің дамытға жүйесін, құрылыс 
индустриясын, туристік кластерді дамыту; 
4.  Әлеуметтік 
инфрақұрылым 
объектілерін 
дамытуға, 
экологиялық 
ахуалды 
жақсартуға 
мемлекеттік  және  жеке  инвестицияларды  тарту  – 
әлеуметтік әріптестік.  
өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі
5.  Азық-түлік тауарларын және олардың өндірісі үшін 
шикізатты  сырттан  әкелуіге  жоғары  тәуелділік  облыстың 
азық-түліктік қауіпсіздігіне қауіп туғызады; 
6.  Облыс 
экономикасының 
шикізаттық 
бағдарлануының  сақталуы  және  соның  салдарынан 
облыстың  мұнай-газ  ресурстары  сарқылған  жағдайда 
экономикалық дағдарыстың орын алуы. 
 
Негізгі мәселелер:  

 
инвестициялық  қауіптің  жоғары  деңгейі  жергілікті  өнімнің  бәсеке 
қабілеттілігі  мен  түрлік  сипаттамасына  әсер  ететін  Қытайдың  жақындығымен 
байланысты;  

 
бизнес үшін ұзақ арзан несиелердің қол жетімсіздігі

 
кәсіпорындарда  инновация  енгізу  үшін  айналым  қаражаттарының 
жетіспеушілігі; 

 
отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі.  
 
Экономикалық өсім орталықтарын дамыту 
Алматы агломерациясы 
Облыста Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының 
және Қапшағай қаласының 187 елді мекені орталығы Алматы қаласы болып 
табылатын Алматы агломерациясына кіреді.  
Алматы  қаласының  әсер  ету  аймағы  аумағы  қаланың  және  қала 
маңының 
(күнделікті еңбек тартымдылық көші-қоны шамамен 250 мың адамды құрайды)
 
айтарлықтай  тығыз  байланысына  қарай  анықталған  және  қалыптасқан 
Қапшағай,  Қаскелең,  Талғар,  Есік  қанаттас-қалаларының,  Ұзынағаш 
ауылының  және  жобаланатын  жаңа  төрт  Gate  City 
(қаржы  орталығы)
,  Golden 
City 
(мәдени  орталық)
,  Growing  City 
(өнеркәсіп  орталығы)
,  Green  City 
(туристік 
орталық)
 қанаттас- қалаларын орналастыруды ескереді. 
Алматы  агломерациясы  11,3  мың  ш.ш.  алаңды  алып  жатыр.  Аталған 
аумақта  пайдалы  қазбалардың  барланған  қорлары  шоғырланған,  олардың 
маңыздылары  болып  түсті  металлдар  –  қорғасын,  цинк,  мыс;  сирекк 
металлдар  –  вольфрам,  қалайы,  молибден,  бериллий;  асыл  металлдар  – 
алтын, күміс және басқалары.  
Қазіргі уақытта Алматы қаласының қала сыртындағы аймағын дамыту 
қабылданған  Алматы  қаласының  қала  сыртындағы  аумағының  қала 
құрылыстық  жоспаралау  кешенді  сызбасының  аясында  жүзеге  асырылады. 
187 елді мекен бас жоспарлармен қамтамасыз етілген.  
Алматы  агломерациясы  халқының  саны  2017  жылдың  1  қаңтарына 
2714,2 мың  адамды  құрайды,  оның  ішінде  Алматы  қаласында  1 751,3 мың 
адам тұрады, облыста – 962,9 мың адам.  
Жалпы  агломерацияның  еңбек  нарығы  экономикалық  белсенді  халық 
санының  артуымен  сипатталады.  Агломерацияның  экономикалық  белсенді 
халқы 2016 жылы 592,2 мың адамды құрады.  
Алматы  агломерациясының  жұмыссыздық  деңгейі  4,5%-ке  тең,  мұнда 
Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар және Қарасай аудандарында ең төмен көрсеткіш – 


 
35 
4,4%  тіркелді,  ең  жоғарғы  көрсеткіш  Қапшағай  қаласында  және  Жамбыл 
ауданында – 5,2%.   
Табысы  күнкөріс  деңгейінен  төмен  халықтың  үлесі,  жалпы  соңғы  10 
жылда Алматы облысы бойынша 21,3%-тен 2,2%-ке дейін төмендеді.  
Соңғы  5  жылда  Алматы  агломерациясында  атаулы  еңбекақы  орташа 
есеппен 1,5 есе өсіп, 2016 жылы орташа есеппен, 108,3 мың теңгені құрады. 
Алайда,  Жамбыл,  Еңбекшіқазақ,  Талғар  аудандарында  және  Қапшағай 
қаласында атаулы еңбекақы Алматы облысы бойынша орташа көрсеткіштен 
(104,9 мың теңге) төмен.  
Көші-қон  ағымына  және  халық  санының  өсіміне  байланысты  мектепке 
дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінде орын тапшылығы байқалады. 45 
үш  ауысымды  мектептер  бар.    Олардың  мәселесін  шешу  үшін  36  мектеп  салу 
қажет. Сондай-ақ тұрғын үй тапшылығы бар, кезекте 11,9 мың адам тұр. 
187  елді  меккеннің  173-і  орталықтандырылған  сумен  қамту  жүйесімен 
қамтылған (2014 жылы – 166 АЕМ,  7 бірлікке көбейді), 66 елді мекенде сумен 
қамту жүйелері 40 жыл бұрын салынған. 
Ауылішілік жолдардың ұзындығы 3011 ш. құрайды, оның ішінде 1386 ш. 
қатты  жабынды.  1391  ш.  жол  жақсы  және  қанағаттанарлық  жағдайда  немесе 
46,2%. Ауылдық елді мекендердің электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 5863 ш. 
құрайды, тозу 80%-ке дейін жетеді.  
Есік,  Талғар,  Қаскелең,  Қапшағай  қалаларында  қалаішілік  жолдардың 
жалпы  ұзындығы  712,2  ш.  құрайды,  оның  ішінде  342,7  ш.  қатты  жабынды. 
Электр  жүйелерінің  жалпы  ұзындығы  1096  ш.  құрайды,  тозу  65%-ке  дейін 
жеткен.  
Өңірде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі, Алматы қорығы, Қапшағай 
су қоймасы, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Шарын каньоны, 
«Тамғалы»  археологиялық  ландшафты,  мәдени-тарихи  кешендер  орналасқан. 
Аталған  объектілер  экологиялық,  тарихи-мәдени  және  рекреациялық 
құндылыққа ие. 
 
Алматы агломерациясын дамытудың SWOT-талдауы 
 
Күшті жақтар  
1. Халықтың табиғи және көші-қон өсімінің оң 
көрсеткіштері; 
2. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы 
жағдайлар; 
3.Кадрлық базаның болуы. 
Әлсіз жақтар  
1.Мектепке дейінгі және жалпы білім беру 
мекемелерінде орын тапшылығы
2.Жолдардың, сумен қамту, электрмен қамту 
жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы. 
  
 
Мүмкіндіктер  
1. Экономиканы толық қайта құрылымдау; 
2. Көп санды және әртараптандырылған еңбек 
нарығын қалыптастыру; 
3. Тауарлар мен қызметтердің сыйымды нарығы 
ретінде тартымдылықты арттыру. 
 
Қауіптер  
1. Тұрғын үй тапшылығы
2.Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды 
шектен тыс жүктеу. 
 
 
Негізгі мәселелер: 
 
- қанағаттандырылмаған көліктік қол жетімділік; 
- үш ауысымды мектептердің болуы, мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығы; 
- жолдардың, сумен қамту, электрмен қамту жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы. 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау