45
Негізгі мәселелер:
жұмыссыздық, әсіресе жастар мен әйелдер арасында сақталуда;
өз бетімен жұмыспен қамтылғандар саны айтарлықтай болып отыр;
жұмыс күшіне сұраныс мен ұсыныстың сәйкессіздігі, ол жоғары білімі
бар
мамандардың
артықшылығы
мен
білікті
жұмысшылардың
жетіспеушілігімен күрделенеді;
еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу сақталуда.
Халықтың өмір сүру деңгейі
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылмен салыстырғанда 2016
жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2,5%-тен 2014 жылы
2,2%-ке дейін қысқарды (ҚР-2,6%). Оның ішінде қалада – 2,3%-ден 1,5%-ке,
ауылда – 2,5%-тен 2,4%-ке. Яғни бұл көрсеткіш қалалық жерлерге қарағанда
ауылдық жерлерде жоғары.
Орташа айлық атаулы еңбек ақы күнкөріс минимумынан 4,7 есеге жуық
асады және 105 мың теңгені құрайды.
2016 жылы МӘК табысы кедейлік деңгейінен төмен 3030 азаматтарға
тағайындалды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 35,5%-ке аз. Талдау
көрсеткендей, әлеуметтік жәрдемақыны алушылар негізінен балалы
отбасылары – 66,9% және балаларға күтім жасайтындар -11,2% болып
табылады.
Тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың жалпы санынан МӘК
алушылар үлесі 9,6%-тен 7,0%-ке дейін төмендеді, ал мекен-жай әлеуметтік
көмегін алушылар санынан жұмысқа қабілеттілерінің үлесі 30,0%-ті құрайды.
2016 жылы 18 жасқа дейінгі 47,1 мың бала балалар жәрдемақысын алды,
2014 жылы - 44,0 мың бала алды, яғни 3,1 мың балаға азайды. 18 жасқа дейінгі
балаларға жәрдемақы алушылардың (МБЖ) үлестік салмағы өткен жылға
қарағанда 2014 жылғы 94,7%-ке 2016 жылы 100,0%-ті құрады.
Қарастырылатын кезеңде мекен-жай көмегін алушылар саны 2014 жылғы
11017 адамнан 2016 жылы 9677 адамға дейін азайды немесе 12,1%.
Облыста 61,4 мыңнан астам қолдауға мұқтаж мүгедектер бар немесе
халықтың жалпы санынан - 3,1%.
Облыста мүгедектер баратын 7177 инфрақұрылым объектілері бар,
олардың 2177-і паспорттаудан өтті.
Паспортталған объектілердің ішінде бірінші кезектегі бейімделуге 1485
объект жатады, оның ішінде 81-і стандарттарға сәйкес келеді, 1365 объектіні
бейімдеу қажет.
2017 жылдың 1 қаңтарына 294 объектіні бейімдеу жүргізілді, оның ішінде
140 объект толық бейімделуден өтті.
Нәтижесінде, паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің
жалпы санынан мүгедектерге қол жетімді әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің
үлесі 2014 жылғы 4,6%-ке қарағанда 91,5%-ті құрады.
Облыс бойынша арнайы әлеуметтік көмек көрсететін 12 мекеме жұмыс
жасайды (облыс әкімінің 08.07.2016 жылғы №363 қаулысымен медициналық-
әлеуметтік мекемелер атауы Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталықтары
деп ауыстырылды).
46
Облыста 2001 орынды стационарлық үлгідегі 9 мекеме жұмыс жасайды,
оның ішінде қарттар мен жалпы түрдегі мүгедектерге арнайы әлеуметтік
қызмет көрсететін 2 орталық, 18 жастан жоғары жүйке-неврологиялық
ауруларымен науқастанушыларға арналған 5 орталық, 3-тен 18 жас
аралығындағы жүйке-неврологиялық аурулармен науқастанатын мүгедек
балаларға арналған 2 орталық бар.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалпына келтіру күндізгі уақытта
Талдықорған қаласында, Қаратал және Көксу аудандарында 3 күндізгі
бөлімшелер негізінде жүргізіледі, 213 мүгедек бала қалпына келтіру
курстарынан өтті.
Сонымен қатар, үйде көмек көрсететін 51 әлеуметтік көмек бөлімшелері
жұмыс жасайды, 4798 азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Барлығы арнайы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі көрсетіледі, арнайы
әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылғандардың үлестік салмағы (оларды
алуға мұқтаж жандардың жалпы санынан) 2014 жылғы 97,7%-ке қарағанда 2016
жылы 99,0%-ке дейін артты. 20142 жылмен салыстырғанда арнайы әлеуметтік
қызметтерді көрсетумен қамтылғандар саны 1,7%-ке артты.
Жекеменшік сеторы (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) көрсететін
арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі 2014 жылғы 2,1%-
тен 2016 жылы 2,8%-ке артты.2014 жылмен салыстырғанда жекеменшік сектор
субъектілерімен көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар
үлесі 0,7%-ке көбейді.
Қалпына келтіру қызметтерін мүгедектердік тұрғылықты жерлеріне
жақындату мақсатында аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімдерінде 16 қалпына келтіру кабинеттері ашылды, онда 341
мүгедек балалар қалпына келтіруден өтті.
Сонымен қатар, облыстың әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі барлық
мұқтаж жандарға толық көлемде және жеке қажеттілік бойынша қызмет
көрсетуге кепілдік бере алмайтындығын атап өту қажет. 2016 жылы арнайы
әлеуметтік қызметтерді алу үшін кезекте 150 адам қалды.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтар
1. Облыста жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі:
4,8% (ҚР - 5,0%);
2. Облыс халқының жұмыспен қамтылуына
ықпал етудің кешенді жоспары әзірленді;
3. 2 жылда ММӘК жүгінгендер санының 43,8%-
ке төмендеуі;
4. Орташа төлем көлемінің 1,2 есе өсуі, бұл жеке
мекен-жай көмегінің күшеюін білдіреді;
5. Мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар
құрамында жұмысқа қабілетті халықтың үлестік
салмағының 30,2%-тен 29,0%-ке дейін төмендеуі;
6. Мүгедектердің
қоғамда
интеграциялануы
бойынша шараларды жүзеге асыру.
Әлсіз жақтар
1. Жастар мен әйелдер арасында жұмыссыздықтың
сақталуы;
2. Еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен
ұсынысының теңсіздігі;
3. Экономиканың мамандарға деген қажеттілігін
анықтау тетігінің жоқтығы;
4. Жекелеген
өңірлерде
білікті
мамандардың
жетіспеушілігі байқалады;
5. Әсіресе ауылда тұрақты жұмыс орындарының
болмауы;
6. Медико-әлеуметтік мекемелерде медициналық білімі
бар білікті мамандардың жетіспеушілігі;
7. Арнайы әлеуметтік көмек көрсететін мамандарға
еңбек ақы төлеу деңгейінің төмендігі;
8. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің барлығы
мүгедектерге
қол
жеткізумен
және
көліктік
инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген;
9. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің
бұзылуы.
Мүмкіндіктер
1. Тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына
орналастыру, кәсіби дайындыққа және қайта дайындауға,
Қауіптер
1. Экономикалық дағдарыстың теріс әсерінің
салдарынан жұмыссыздықтың өсуі;
Достарыңызбен бөлісу: |