10
8) Өндiрiс типтеріне қысқаша сипаттама келтiрiңiз. Олардың
ерекшелiгi неде?
9) Өндiрiс типтерінің қай түрі өнімді? Ненің арқасында өнiмдi болып
табылады?
10) Өндiрiстi ұйымдастырудың қандай формаларын білесіз? Әрбiр
форманың ерекшелiгi неде?
2 дәрiс. Кәсiпорынның негiзгi қорлары
Дәріс мақсаты: кәсіпорындағы негізгі қорлар және оның пайдалану
тиімділігі туралы білімді қалыптастыру.
Дәріс мазмұны:
1) Негiзгi қорлардың мәні. Негiзгi өндiрiстiк қорлардың жіктелуі.
2) НӨҚ тозуы және олардың тозуын бағалау әдiстерi. Амортизация.
3) Негiзгi өндiрiстiк қорлардың қолдануының көрсеткiштерi.
1 Негiзгi қорлардың мәні. Негiзгi өндiрiстiк қорлардың жіктелуі
Негiзгi қорлар - бұл еңбек құралдарындағы нақты iске асырған
өндiрiстiк қорлардың бөлiгi, ол ұзақ уақыт арасында өз табиғи формасын
сақтайды және бiрнеше өндiрiс кезеңдердi өткiзуден соң ғана өз құнын
ақтайды.
Негiзгi капитал өзінің экономикалық құрылымына байланысты
бiркелкi, бiрақ өндiрiстiк-техникалық тағайындауға, өндiрiсте рөл және
орнын толтырудың мерзiмдерi бойынша өзгешеленедi.
Тағайындауларға байланысты негiзгi қорлар негiзгi өндiрiстiк және
негiзгi өндірістік емес қорларын жiктейді.
Негiзгi өндiрiстiкке өндiрiстiк процестерде тiкелей қатысатын (машина,
жабдық, станоктар тағы басқалар) немесе өндiрiстiк процесс үшiн шарттарды
құратындар (өндiрiстiк ғимарат, құбырлар және тағы басқалар) жатады.
Негiзгi өндірістік емес қорлар – бұл тұрмыстық және мәдени тағайындау,
медициналық мекеменiң объектілерi және тағы басқалар.
Негiзгi қорлардың жіктелуі: ғимараттар; машина және жабдық; көлiк
құралдары; қалған негiзгi қорлар.
Негізгі қорлардың элементтерінің кейбіреулері өндірістік процеске
тікелей қатысады, сол себепті оларды негізгі қордың белсенді бөлігіне
жатқызады. Ал басқалары өндірістік процестің қалыпты жұмысын
қамтамасыз етеді және негізгі қордың белсенді емес бөлігі болып саналады.
Шарушылық тәжірибеде негізгі қорлар құнының келесі түрлерін
ажыратады:
1) Бастапқы құны (теңгерімдік), Ф
баст
– жеткізудің көліктік
шығындарын, монтаж және орнатудың құны мен сатып алуды қоса
есептегендегі негізгі қордың құны.
11
2) Қалыптастырушы құн Ф
қалып
– бүгінгі күн жағдайындағы негізгі
қорлардың осы элементін жасау құны. Физикалық және моралды тозуды
ескере отырып, әрекет етуші негізгі қорларды қайта бағалау арқылы баға
факторының бұрмалаушы әсерін жою үшін қолданылады.
3) Қалдық құны Ф
калд
– тозуды алып тастағандағы негізгі бастапқы
құны. Қалдық құн дайын өнімге аударылмаған құнды көрсетеді.
4) Жою құн Ф
жою
– техниканың таратылған құны.
Негізгі қорлар ұйымдастыруда тұрақты қозғалыста болады: жаңа
қорлар алынып, ескілері шығарылады және т.б. сондықтан, құнның
төмендегідей түрлері болады:
- есептік кезең басындағы құн (Ф
баст
);
- жыл бойы енгізілген негізгі қорлардың құны (Ф
енг
);
- жыл бойы өндірістен шығарылатын негізгі қорлардың құны (Ф
шығ
);
- есептік кезең соңындағы құн (Ф
соң
);
;
шығ
енг
баст
соң
Ф
Ф
Ф
Ф
(1)
- орташа жылдық құн (Ф
орт
):
.
2
)
(
соң
баст
орт
Ф
Ф
Ф
(2)
Негізгі қорларды енгізу және шығару айлары белгілі болса, онда негізгі
қорлардың орташа жылдық құнын келесі формула арқылы есептеуге болады:
,
12
)
(
2
1
Ч
Ф
Ч
Ф
Ф
Ф
шығ
енг
баст
орт
(3)
мұндағы Ч1 – негізгі қорларды енгізген айлардың жыл соңына дейінгі саны;
Ч2 – негізгі қорларды шығарғаннан бастап жыл соңына дейінгі айлар саны.
Процестерді сандық бағалау:
а) негізгі қорлардың енгізілу коэффициенті:
%;
100
соң
енг
снг
Ф
Ф
К
(4)
б) негізгі қорлардың шығарылу коэффициенті:
%;
100
бас
шығ
шығ
Ф
Ф
К
(5)
в) негізгі қорлардың жаңару сипаты өсу коэффициентін көрсетеді:
%.
100
)
(
бас
шығ
енг
өсу
Ф
Ф
Ф
К
(6)