күш-ЖігЕрі Мықты адаМ
өзін-өзі қалыптастырады!
Көпешов Марат Жаншораұлы «Базис» компаниясының «Сексеуіл» құрылыс нысанында басқарушы директор
болып істейді. Ол айырықша қабілетке ие, ол өзінің еңбек жолында көптеген нысандарды салып, отбасын
құрып, бала өсіріп қана қойған жоқ, өзін шығармашылықта да көрсете білді, жазушылық дарынын ашты. Бүгінге
дейін ол 275-тен астам поэтикалық туынды жазды! Өлеңді де, қара сөзді де меңгерген Марат Жаншораұлы
шығармашылық – адамзатты біріктіретін негіз деп есептейді. Газетіміздің бүгінгі санында осындай ғажайып
адам туралы әңгімелемекпіз.
– Марат Жаншораұлы, өзіңіз жайын-
да айтсаңыз. кітап жаза бастауыңызға не
себеп болды?
– Бірінші кезекте бұған отбасымның,
ата-бабаларымның тарихы түрткі болды.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде өмір
сүрген атам – Құлан Алдабергенұлы белгілі
ақын болған. Қазақ поэзиясына үлкен үлес
қосқан. Ол жайында Қазақ кеңес энцикло-
педиясында жазылған. Шығармашылық
сол атамнан бастау алады деп ойлаймын.
Алты жыл бұрын Қазақстан Республика-
сының өнер және әбедиет ҒЗИ Жаңаарқа
ауданының орталығында атамның 150 жыл-
дығына арналған ғылыми-тәжірибелік кон-
ференция өткізді. Осы шараға орай оның
шығармашылығы жайында бірнеше кітап
жарық көрді. Сол кітаптардың бірін мен
жаздым. Конференцияға Қазақстанның
түкпір-түкпірінен көптеген белгілі ғалымдар
мен ақын-жазушылар жиналды. Конферен-
цияның соңында атамның ескерткіші ашыл-
ды. Атам ғана емес, әжем де дарынды адам
болатын. Әжемнің есімі – Орынай, ауылы-
мыздың шешені болған. Онсыз бір де бір
той басталмайтын. Атамның балаларының
барлығы дерлігінде ғылыми дәреже болған.
Әкем колхоз төрағасы болған, ал, үлкен
қызы 18 жасында Кентау эксковатор зауы-
тында бас технолог болып істеген.
– қай уақыттан бері жаза баста-
дыңыз?
– Бала кезімде жақын маңдағы барлық
кітапханаға жазылатынмын, қазақ және
орыс классиктерін көп оқитынмын. Орыс
әдебиетіне, прозасына да, поэзиясына да
қызықтым. Шамамен алты жыл бұрын
алғашқы өлеңімді жаздым. Ал, менің шығар-
машылығыма бір жағдай себеп болды. Бірде
Алматыдағы Көкбазарда бұрынғы қызмет-
керімді жолықтырып қалдым. Бір кездері
оны жұмыстан шығарған едім. Ол кезде мен
«Алматыпромстрой» ҚМБ-да бас инженер
болатынмын. Сөйткен адам: «Аға, сізді кез-
дестіргенім қандай жақсы болды! Жақында
тойым болады. Мен Қазақстан Республика-
сының Құрметті құрылысшысы атандым»
дейді. Түсінесіз бе? Ал мен оны сауатсы-
здығы мен жауапсыздығы үшін шығарған
едім жұмыстан. Оған «Сен шебер де бола
алмайсың» дейтінмін. Сол адам Қазақстан-
ның Құрметті құрылысшысы болыпты,
мен мұндай атаққа ие болған жоқпын. Сон-
да қатты қынжылдым. Бұл жерде мәселе
менің қызғанғандығымда емес, маған осын-
дай адамдардың жоғары марапатты қалай
алатыны түсініксіз еді. Үйге келгеннен
кейін өзімді қоярға жер таппадым. Сөйтіп
отырғанда өлең шумақтары келе бастады.
Осылайша мен «Көлеңке» деп аталатын
алғашқы өлеңімді жаздым. Бұл филосо-
фиялық шығарма еді: «Көлеңкем соңымда
жүруі үшін, алдымды орамауы үшін ылғи
күнге қарап жүруге тиістімін». Бұл адам
менің алдымды орап кеткен көлеңке секілді
еді.(Жымияды.)
Кейін осы өлеңімді белгілі қазақ ақы-
нына көрсетіп едім, оған қатты ұнады. Ол
«Өлең жазу қолыңнан келеді екен, жаза бер»
деп қолдағандай болды. Осыдан кейін мен
шығармашылықпен айналыса бастадым.
Қандай да бір өзгеше адаммен сөйлескеннен
соң немесе бір қызықты шежірені есітсем,
үйге келіп жаза бастаймын.
– Марат Жаншораұлы, шабытты қай-
дан аласыз?
– Өмірден, әрине. Мәселен, бұрын шар-
шауымды шахмат ойнап басатынмын. Ал,
қазір өлең жазамын. Мен аз ұйықтаймын,
өмірімнің ырғағы сондай, бірақ, қолым бо-
ста – мысалы, кешқұрым ешкім кедергі жа-
самайтын мезгілде – шығармашылықпен
айналысамын. Өкінішке орай, мұндай күн
сайын бола бермейді.
– қандай тақырыптарға жазасыз?
– Мен түрлі тақырыптарға жазамын.
Кейде лирикалық шабытым оянып, махаб-
бат, табиғат пен әдемілік жайында өлеңдер
туады. Кейде пәлсапалық ойлар келеді, өмір
туралы, құрылысшының жасампаз еңбе-
гі жайында тұжырымдар туады. Кейде мен
бірнеше жол жазамын да тоқтатып қоямын.
Кейін екі-үш күннен соң бірнеше жол жа-
замын. (Жымияды.) Бірде мен өлеңдерімді
белгілі ақын Мұхтар Шахановқа көрсеттім,
жазғандарым оған ұнады. Бүгінгі күні 275
өлең жазыппын, енді оны жинақ етіп шығар-
мақпын. Бұл шығармалар негізінен біздің
нысанымыз (Сексеуіл – ред. ескерт.) жайын-
да. Мен өзімнің өлеңдерімде қандай қиын-
дықтар болғаны жайында, қандай адамдарен
16
BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015
жасады, қалғанын біз – құрылысшылар жаса-
дық» деген сөзді қайталап айтуды ұнатамын.
Біз салған ғимараттарға қолтаңбамызды қал-
дыра отырып мемлекетіміздің тарихын жа-
сап жатқанымызды әріптестеріміз ешқашан
ұмытпаса екен деп армандаймын.
– қандай керемет сөздер!
– Әрине. Біз ғимараттарымызбен мақта-
намыз, шығармашылық адамдары өздерінің
кітаптарымен мақтанады. Кейбір автолар
жазған кітаптарының санымен мақтанады,
ал оқырманды олардың біреуін де күштеп
оқыта алмайсың. Соған қарамастан әлгі ав-
торлар жазуын тоқтатпайды. Сондықтан,
менің оқырманды бей-жай қалдырмайтын-
дай туындылар жазғым келеді. Қазіргі буын
өзгерген, адамдар агрессияшыл, мейрімісіз
болып кеткен, бірауыздылық жоқ. Бұрын
кеңес одағы тұсында барлығымыз тату өмір
сүрдік. Мен үнемі құрылыста тас пен құм-
ды біріктіретін цемент бар деймін, енді ға-
лымдар адамдарды біріктіретін «цемент»
ойлап тапса дегенді жиі айтамын. Шығар-
машылықты осындай «цемент» деп айтуға
болатын шығар. Шығармашылық адамдар-
ды барлық уақытта біртұтас етіп біріктіреді,
шығармашылықтың арқасында адамдарда
әлдеқайдан жігер пайда болып, қайырымды
істер жасауға ұмтыла бастайды. Адамдар
мейірімді бола бастайды.
– компаниямызда шығармашылықпен
айналысатын дарынды адамдар жет-
кілікті. Бірі музыка, өлең, проза жазады,
бірі картиналар салады. сол секілді бізде
талантты спортшылар да бар. көпшілі-
гінің сүйікті хоббиі бар. алайда, кез-кел-
ген адам қоғам алдында өзінің талантын
ашып көрсете бермейді. Марат Жаншо-
раұлы, әріптестеріңізге не тілер едіңіз?
– Енді бастап жатқан таланттарға берер
кеңесім: егер ойлар болса жаза беру керек,
жаза беру керек. Өзінің шығармашылық
қырын ашу керек. Неге? Себебі, сен жазып
жатқанда шеберлігіңді ұштап қана қоймай-
сың, сонымен бірге, өміріңді ұзартатын ләз-
зат сезімін аласың. Атап айтқанда, қандай
да бір лирикалық туынды жазып жатқанда,
мәселен, махаббат туралы. Бұл деген өте
керемет тақырып. Жас таланттарға шығар-
машылықпен көбірек айналысуына кеңес бе-
рер едім, өлең, музыка жазыңыздар, талант-
тарыңызды дамытыңыздар! Шығармашылық
жан мен ойды тазартады.
Бұрын ұжымдар тату болушы еді. Қазір,
өкінішке орай, тек Жаңа жыл секілді үлкен
мерекелерде ғана бас қосамыз. Адамдар тату
болса, жиірек кездесіп тұрса деймін. Сон-
дықтан, барлықтарыңызға көбірек көрісіп
тұруды, шығармашылықпен айналысу-
ды, жақсы адамдармен көбірек тілдесуді
тілеймін. Сәулелі нәрсенің барлығы жақ-
сы адамдардан келеді. Ал, шығармашылық
қазір көпшілік сусап отырған сол оң энергия
көзі. Ізгі амал жасаңыздар, сонда өмірлеріңіз
де жақсарады! Барлықтарыңызға айтарым:
шабыттарыңыздан айырылмаңыздар!
құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалан!
Дәнекерлеу жабдығы қауіпсіз және оған
емін-еркін өтуге болатындай етіп орналасты-
рылуы тиіс. Электрлі дәнекерлеу аппараттары
мен оған қуат беру көздерінде ток жүретін эле-
менттерден қорғайтын қоршаулар орнатылуы
қажет, ал, ток жүрмейтін металл бөлшектер дә-
некерленетін бұйымдар мен конструкциялар мін-
детті түрде жерге тұйықталған болуы тиіс! Бар-
лық уақытта дәнекерлеу құралыңыздың дұрыс
жұмыс істейтіндігін, электрлі ұстағыш пен дәне-
керлеу сымдарының дұрыс оқшауландырылған-
дығын тексеріңіз. Электрлі дәнекерлеу қонды-
рғысын желіге тек жабық типті магнитті қосқыш
пен ажыратқыштың немесе автоматты сөндір-
гіштің көмегімен ғана қосыңыз. Сым тарту кезін-
де олардың суға, болат арқандарға немесе ыстық
су құбырларына жақын орналаспауына назар ау-
дарыңыз. Оқшаулауға зақым келтірмеңіз! Сіздің
зейінділігіңіздің денсаулығыңызды ғана емес
өміріңізді де сақтап қалатындығын есте ұстаңыз!
Жұмысыңды қауіпсіз ет!
Жұмыс барысында мұқият болыңыз, алаңда-
маңыз және әріптестеріңізді де алаңдатпаңыз,
жұмыс орныңызға оған қатысы жоқ адамдарды
мүлдем жіберуші болмаңыз. Қолдарыңыздың,
аяқ-киіміңіз бен киіміңіздің барлық уақытта
құрғақ болуын қадағалаңыз. Дәнекерлеу алдын-
да бұйымның таттан, қоқыс пен бояудан тазар-
тылғанына көз жеткізіңіз. Егер әр қабатта сізбен
бірге әріптестеріңіз бірдей жұмыс істеп жатса
қызған металлдың оларға тиіп кетпеуінің амалын
қарастырыңыз. Дәнекерленетін барлық конструк-
циялар мен детальдарды алдымен мықтап бекіту
керек. Егер сіз жабық бөлмеде жұмыс істеп жат-
саңыз онда ауа тазартқыш және ауа жібергіш вен-
тиляциямен қамтамасыз етілген болуыңыз тиіс –
олай болмаған жағдайда зиянды заттармен улану
қаупі жоғары! Сіздің қауіпсіздігіңізді сізден ар-
тық ешкім ойламайтынын ұғыныңыз.
Жұмысты дұрыс аяқта!
Жұмыс процессі аяқталғаннан кейін бірін-
ші кезекте электрлі дәнекерлеу қондырғысын
қуат көзінен ажыратыңыз. Ешқашан оны жұмыс
істеп тұрған күйінде тастап кетуші болмаңыз!
Жергілікті вентиляцияны сөндіріңіз. Ұшқын
түсуі мүмкін жерді міндетті түрде түгел қарап
шығыңыз, жасырын өрт ошақтарының бар-
жоғын тексеріңіз. Өзіңіздің жұмыс орныңыз-
ды ретке келтіріңіз. Дәнекерлеу кабельдерін, өз
құрал-саймандарыңыз бен қорғаныш құралда-
рын сақтауға өткізіңіз. Егер жұмыс процессі ба-
рысында қандай да бір ақау көрсеңіз ол жайында
басшылыққа хабарлаңыз. Саналылығыңыз бен
байқампаздығыңыз арқылы өзіңіздің ғана емес,
сонымен бірге, айналадағылардың да денсау-
лығы мен өмірін сақтап қаласыз!
өзіңізді сақтаңыз және жадыңызда болсын –
сізді үйде күтіп отыр!
- Біздің жұмысымыз, әрине, белгілі-бір дәре-
жеде қауіпті. Дегенмен, бұл - құрылыс, мұнда
қатер кез-келген жерде бар және осында жұмыс
істеп жатқан адамдар мұны түсінеді және оған
дайын да. Есесіне біз маңызды істі атқарып жүр-
міз – «Мұзды арена» секілді еліміз үшін маңызды
үлкен нысанды салып жатырмыз. Бұл жерде ең
бастысы өз мамандығың бойынша қанша жыл ең-
бек ет, қанша жерден білікті маман бол – барлық
жерде, күн сайын, әрбір минут сақ жүру керекті-
гін ұмытпаған жөн! Міндеті түрде барлық сақтық
және қауіпсіздік шараларын сақтау, өзіңнің және
әріптестеріңнің еңбегіне жауапкершілікпен қарау
керек. Сонда барлығы да жақсы болады.
дмитрий Ежов. дәнекерлеуші. нысан: «12 000
орындық Мұзды арена»
кездескенім хақында, кеңестер мен жиналы-
стардың қалай өткені туралы жазамын. Бар-
лығында өзінің тұздығын табамын, менің
туындыларым нақты деректерге негізделген,
оның көркемдік стилі жазу кезінде туады.
– Бұл өте адамның жеке басына қаты-
сты, автобиографиялық тақырып десе де
болады. шығармаларыңызда осы жанр-
ды да қолданасыз ба?
– Автобиографиялық жанрдың көркем
жанрдан айырмашылығы бар, бірақ, ол қы-
зықсыз деген сөз емес. Шабыт келгенде неге
автобиографиялық немесе биографиялық
өлеңдер жазбасқа? Мен ЙЙжбіздің
бас-
шыларымыз туралы, мәселен, Белович
Александр Якубович туралы жазғым келеді,
биографиялық шығармада оның адамгер-
шілік және кәсіби қасиеттерін айтқым ке-
леді. Бірақ, бұл ең алдымен үлкен еңбек, көп
ақпарат жинау керек. Қызметкерлерімізге
өзінің басшылары туралы білген қызықты
болатындығы күмәнсіз. Осыған қоса, өзін
өзі жасаған адамдар жайында жазғым келеді.
Мәселен, президентіміз Нұрсұлтан Назарба-
ев! Сол туралы жазғым келеді.
Негізі, жайдан жай бүгінгі дәрежеге жете
салмаған қызық тағдырлы адамдар көп.
Әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Өзгелер-
ге үлгі болуы үшін осындай адамдар туралы
жазу керек. Олар өзінің әлеуетін дамытқан
адамдар. Бірақ, олар тоқтап қалған жоқ, да-
муды жалғастыруда. Осылай жасағысы кел-
мейтін адамдар да бар. Мысалы, адам прораб
қызметіне жетті – ары қарай жылжығысы
келмейді. Ешқашан тоқтауға болмайды, қа-
шанда өзінің мақсатына, биігіне ұмтылу ке-
рек. Адам әрқашан алға ұмтылуы тиіс.
– таяу уақытта шығармаларыңызды
жариялауды жоспарлап отырсыз ба?
– Әрине, жинақ шығарғалы отырмын.
Әзірге материалдарды жинап бастағаным
жоқ. Бірақ, жинақты шығаруда бірқатар
қиындықтар бар. Біздің заманымызда бұл
көп қаражатты қажет етеді.
– Марат Жаншораұлы, отбасыңыз ту-
ралы айтсаңыз.
– Екі ұлым, екі қызым, немерем бар.
– Жолыңызды қуған адам бар ма?
– Балаларымның шығармашылық әлеуеті
әлі ашыла қойған жоқ. Бірақ, үлкен қызым
шетел және орыс әдебиетін жақсы көреді.
Кәсіби тұрғыда қыздарым заң саласын
таңдады, ал, ұлым банк қызметкері.
– келешек жоспарларыңыз туралы ай-
тсаңыз. нені армандайсыз?
– Адам өмірге келгеннен кейін балалық
шақты басынан өткереді. Одан кейін сана-
лы отбасылы өмір, жұмыс басталады. Адам
қандай жаста болмасын болашақ ұрпаққа із
қалдыруға тырысуы керек. Құрылысшылар
да осыған ұқсас әрекет етеді. Бізге ғимарат-
тар салған ұнайды. Мен тіпті, құрылысшы
Күніне осы туралы арнайы өлең де жаздым.
Кез-келген мерекеде сөз алғанда «Алла жерді
(Соңы. Басы 14 бетте)
17
ІрІ планмен