МЕн «БазистЕ» ЖұМыс істЕйМін –
МЕн Болашақты салып ЖатырМын
Барлығы да Жоғары
дЕңгЕйдЕ Болуы тиіс
Біздің нысан Балалардың
таланттарын ұштауына
МүМкіндік БЕрЕді
құрылысшы МаМандығына
сұраныс Барлық уақытта
Болады
Қанат Нұрқасымов
«Базисте» 16 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
қазір ол әріптестерімен бірге алматыдағы
Royal Gardens түрғын үй кешенін әсемдеуде.
қанат өзінің жұмысын жақсы көреді және
оны жоғары деңгейде орындайды.
Яшар Байрамов
компаниямыз астанада салып жатқан «қазақ
ұлттық хореография академиясы» құрылыс
алаңында ілдіруші және қара жұмысшы
болып істейді. ол өз ісін құрылыстан тапты.
Бақыт Азаматовтың
компаниямызда қМБ-10 монтаждаушысы
болып жұмыс істеп жатқанына небәрі алты
ай. қазір EXPO-баспана құрылыс алаңында
еңбек етіп жатыр. «Базисте» мансап биігіне
шығуды көздейді.
-
«Базисте» 1999 жылдан жұмыс істеп ке-
лемін. Компанияға жол жұмысшысы болып келдім, кей-
ін мені бригадир, прораб, участок бастығы етіп тағай-
ындады. Қазір мен Royal Gardens құрылыс алаңында
жұмыс істеп жатырмын – тұрғын үй кешені аумағын
әсемдеп жатырмыз және жер астынан осы әсемдікті
қамтамасыз ететін желі тартып жатырмыз. Егер адам
жұмысты жанын салып істейтін болса барлығы да ой-
дағыдай болады деп ойлаймын. Түрғын үй кешеніндегі
спорт және балалар алаңдарын нысан директоры Ва-
лерий Анатольевич Бородаевтың жетекшілігімен Әлім-
бетовтің жол жұмысшылары бригадасы жасап жатыр.
Үйдің айналасындағы әсемдіктің барлығы жұмысымы-
зды жақсы көруіміздің және 100 процент беріліп істе-
уіміздің арқасында пайда болып жатыр.
Біздің әр нысанымыз ерекше. Ол неғұрлым үлкен
болған сайын соғұрлым күрделі және әдемі. Барлық
жерде бірегей архитектура. Бірақ Royal Gardens-пен
ешқайсысын салыстыруға келмейді. Мұнда таза ауа,
жайлы экология, әдемі таулар мен керемет жерде орын
тепкен керемет үйлер.
Интернационалды отбасымыз. Мен – қазақпын,
әйелім – неміс. Әдемі ұл мен қызымыз бар. Екі жыл
бұрын немерелі болдым. Бұл қуанышты жеткізу қиын.
-
«Базисте» қара жұмысшы болып төрт
жылдан бері еңбек етемін. Қазір мен ілдірушімін
– мұнаралы кранға ілетін жүктерді дайындаймын.
Жұмысымыз ауыр емес, өзіме ұнайды. Негізі ма-
мандығым – арматурашы. Бірақ, түрлі жұмысты
атқара беремін. «Базиске» дейін көп жыл трактор-
шы болдым, кейін құрылыс компаниясына кеттім.
Алматыда да жұмыс істедім. Қазір Астанада жұмыс
істеп жатырмын – хореография Академиясы мен
балалар театрының ғимаратын салып жатырмыз.
Академияда талантты ұл-қыздар оқитын болады.
Біз салып жатқан жаңа нысан өзгеше әдемі болады
және балалардың дарынын дамытуға жол ашады.
Мен үшін бұл өте маңызды нысан.
Екі немерем бар. Рас, қазір олар менен алыста,
мен Астанадамын, олар Шымкенттен ары екі жүз
шақырым жерде. Үлкен қызым Астанада оқыды,
қазір медбике болып жұмыс істейді. Кім біледі, бәл-
кім, немерелерімнің бірі қазір өзім салып жатқан
хореография Академиясында оқитын болар. Солай
болғанын қалар едім. Бірақ, олар мамандықты өз-
дері таңдайды. Оларға ешнәрсені күштемеймін.
-
Мектепті бітіре салысымен құрылысқа ор-
наластым, бұл салаға бұрыннан қызығатынмын және
көп нәрсе үйрендім. Отбасымыздағы жалғыз асыраушы
болғандықтан жоғары оқу орнына түсуге уақыт болмады.
«Базисте» алты айдан бері еңбек етемін. Қазір біз сейсмо-
жастық құюға қалып дайындап жатырмыз. Бұрын Алматы-
да арматурашы болып, тағы бір құрылыс компаниясында
қалыпшы болып жұмыс істедім. Монтаждаушы арнайы
білімін «Базистің» өндірісінде жұмыс істеп жүріп алдым.
Бірақ, мүмкіндік туған күні міндетті түрде жоғары оқу ор-
нын аяқтайтын боламын. Себебі, құрылысшы мамандығы-
на сұраныс барлық уақытта болады. Мен мамандығымды
мақтан тұтамын.
Үш-төрт ай «Миллениум парк» тұрғын үй ке-
шенінің құрылысына қатыстым. Онда мүлдем басқа жүйе
– құрылыс туннельді қалыпты пайдалану арқылы жүр-
гізіледі. Мұндай технологиямен жұмыс істеу анағұрлым
жеңіл. Егер қазір қалыптың барлық мөлшерін білу, дәл
есептеу қажет болса, туннельді қалыпта бәрі оңай – дең-
гейін тураласа жеткілікті, бетонды құя беруге болады.
«Базистегі» әріптестеріме өнімді жұмыс тілеймін.
Жұмыстары берекелі болып, табыс әкелсін.
Бастысы – тЕхникалық қауіпсіздік!
Дәнекерлеуші - құрылыс саласындағы өзге де көптеген мамандық секілді адам өміріне төнетін қатерлерден
ада емес. Электрлі дәнекерлеумен байланысты туатын қауіпті мейлінше азайту немесе оның алдын алу
үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының бекітілген ережелерін қатаң сақтау қажет.
нұсқамадан өт!
Электрлі дәнекерлеу жұмыстарын атқаруға
тек тиісті техникалық білімі мен электрлі дәне-
керлеу жұмыстарын жүргізуге құқық беретін
куәлігі бар мамандарға ғана рұқсат етіледі.
Осылардың барлығына қоса нұсқамадан өтуді
де ұмытуға болмайды. Егер сіз жұмысқа жаңа
қабылданған болсаңыз онда міндетті түрде ең-
бек қауіпсіздігі жөніндегі кіріспе нұсқамадан,
жұмыс орнында бастапқы нұсқамадан өтуіңіз
қажет, міндетті түрде шебердің жетекшілігімен
тағылымдамадан өтіп, тек содан кейін ғана жұ-
мысқа кірісуіңіз керек. Мұнымен қатар, ары қа-
рай жұмыс барысында тоқсан сайын қайталама
нұсқамадан өтіп, арнайы комиссия біліміңізді
тексеріп отыратын болады. Біздің компаниямы-
зда аталған шараларды атқару міндетті және ол
жоспарлы түрде өтіп отырады. Бұған немқұрай-
ды қарамаңыз. Қаперіңізде болсын – кәсіби ма-
мандардың өзі білімін жетілдіріп отырады.
Есіңде болсын! арнайы киім – басты
қорғаның!
Жұмысты бастар алдында арнайы киім мен
арнайы аяқ-киімді ретке келтіру қажет. Жадыңы-
зда болсын, балқыған металдың шашырауынан,
зиянды сәулелер мен механикалық майып болу
қатерлерінен барынша қорғалған болуыңыз қа-
жет. Брезент куртка қалтасыз немесе қалтасы
клапандармен жабылған болуы тиіс, шалбар
ботинканы жауып тұруы керек, бетіңіз міндетті
түрде жарық фильтрі бар бетпердемен қорғалған
болуы тиіс, қолда брезент қолғап пен жеңқап
болғаны жөн, ерекше қауіпті саналатын жекеле-
ген жағдайларда жұмыс істеген кезде, мәселен,
егер ауаның ылғалдылығы 75%-тен асатын бол-
са міндетті түрде диэлектрлі қолғапты, кілемше
мен резеңкелеген аяқ-киімді пайдалануыңыз
керек. Техникалық қауіпсіздікті сақтаудан бол-
машы ғана ауытқудың өзі кәсіби біліктілігі жоға-
ры маманның өзін опық жегізуі мүмкін екендігін
түсінгеніңіз жөн. Нұсқамалар жайдан жай жа-
зылмайды және оны бұлжытпай орындау сіздің
кәсібилігіңіз бен жұмысқа деген көзқарасыңыз-
ды білдіреді.
(Жалғасы 17 бетте)
14
BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015