«конкрит продактс»
– уақыт сынынан өткЕн әріптЕс
«Базис» құрылыс алаңдарымызда пайдаланатын құрылыс және әрлеу материалдарын, қон-
дырғылар, арнайы техникалар өндіретін түрлі компаниялармен көп жылдардан бері табысты
әріптестік орнатып келеді. 20 жылдан астам уақыттан бергі сенімді әріптестеріміздің бірі - түрлі
қаптаушы және құрылыс материалдарын шығаратын «Конкрит продактс» компаниясы. Қызмет-
тің негізгі бағыттары, бірегей өндіріс, компаниямызбен ынтымақтастық пен келешек жоспарлар
туралы BN-ге «Конкрит продактс» директоры Максим Иванович Борисенко айтып берді.
Максим иванович, компанияңыз немен
айналысады?
– «Конкрит продактс» – бұл Италия, АҚШ,
және Германияның алдыңғы қатарлы өндіруші
фирмаларының жоғары сапалы өнім өндіруге
мүмкіндік беретін жаңа технологиялары мен
бірегей қондырғыларын пайдаланатын, Қа-
зақстандағы вибропресстелген бетон өнімдерін
шығаратын Қазақстандағы жалғыз ірі зауыт.
1994 жылы мұнда небәрі 20 адам жұмыс істей-
тін және бетон өнімдерін жасайтын жалғыз ғана
желі болатын. Бірақ, бізде алға жылжуға деген
ұмтылыс болды, себебі, біз кемел келешекті көре
білдік. Әуелі біз бірінші желіні іске қостық, сәл
кейінірек тағы екі желі сатып алдық, кейін газды
бетон өнімдерін автоклавты қатқылдану әдісімен
өндіре бастадық, ұялы бетон жасай бастадық, сы-
ртқы қоршау конструкцияларына арналған жеңіл
панельдерді әзірлеуді меңгердік. Белгілі-бір
уақыттан кейін тротуар плиткаларын шығаратын
зауыт сатып алдық. Қазір біз өндірісті ұлғайту-
ды жалғастырудамыз, өнім көлемін ұлғайтып
жатырмыз, инновациялық технологияларды ен-
гізудеміз. Бүгінгі күні компаниямызда 300 адам
еңбек етеді және олардың әрқайсысы өз ісінің
хас шеберлері.
Ұялы және декоративті бетоннан тротуар
плиткаларын, қабырғалық панельдер жасаймыз.
Біздің материалдарымыздан кез-келген күрделі
нысанды салуға болады және оның сапасы жоға-
ры деңгейде болады.
құрылыс блоктары бір-бірінен несімен
ерекшеленеді? олар қайда пайдаланылады?
– Біздің бетон блоктарымызды күрделілігі
мен мақсаты - оны әр түрлі нысанды салуға пай-
даланады. Мәселен, ұялы бетон (жылу блогы) –
кеуекті құрамы бар құрылыс материалы, суыққа
шыдамды, жылуды да жақсы сақтайды, ауа өт-
кізеді. Оны қолдана отырып салынған ғимаратта
барлық уақытта ауаның ылғалдылығы бірқалып-
ты деңгейде болады. Материал қолдануға ыңғай-
лы және шығыны аз. Мысалы, 15–20 кірпіштің
орнына 1 жылу блогын қойса жеткілікті. Бұл
құрылыс процесін анағұрлым жеңілдетеді және
жылдамдатады. Бұл материалдың тағы бір өте
маңызды қасиеті - ол қарапайым құралдармен
жеңіл өңделеді – қоларамен кесіледі, қарапай-
ым бұрғымен жақсы бұрғыланады, жонылады,
шеге қағылады және оңай кесіледі. Жылу блогы
көбіне коттедждер салуға тиімді. Жеке тұрған
азқабатты үйлерде жылудың шығыны көппәтер-
лі үйлердікінен бірнеше есе көп болатындықтан
құрылыс материалы жылуды жақсы сақтауы
тиіс. Ұялы бетоннан жасалған блок осы талап-
тарға толығымен жауап береді.
Біз сонымен қатар, негізінен сейсмикалық
аудандарда салмақ түсетін қабырғаларды салу-
да қолданылатын стандартты бетон блоктарын
шығарамыз. Қабырғаны тиісті арматураланған
блоктардан салған кезде ол тас –монолитті қа-
бырғаға айналады. Оның кәдуілгі монолиттер-
ден көптеген артықшылығы бар. Бұған қоса, бұл
қосымша қалақтауды қажет етпейтін дайын бет-
кі декоративті қабат. Ол монтаждауға ыңғайлы,
жартылай элементттердің арқасында қабырға-
ларды түрлі архитектуралық формаларда тұрғы-
зуға болады. Осы блоктардың көмегімен ерекше
архитектуралық жобаларды жүзеге асыруға бо-
лады.
Максим иванович, декоративті бетон де-
геніміз не, оны қайда пайдаланады?
– Бұл әрлеу материалының бетон туралы
соны түсінік қалыптастыратын мүлдем жаңа
түрі. Декоративті бетонның көмегімен малахит,
гранит, мрамор секілді табиғи тастардың фак-
турасын қайталауға болады немесе қиялға ерік
беріп, табиғатта жоқ төл бірегей фактура жаса-
уға болады. Нәтижесінде кез-келген ғимараттың
сыртқы көрінісі қайталанбас, қазіргі заманға сай
және бай сипатқа ие болады.
- Бұдан бөлек сіздер сыртқы түрі мен мате-
риал құрамы бірегей тротуар плиткаларын өн-
діресіздер. Оның ерекшеліктері жайында айт-
саңыз.
– Анығында біздің тротуар плиткаларымы-
здың баламасы жоқ. Ол немістің «SR-Schinler»
фирмасының
автоматтандырылған
өндіріс
желісінде әзірленеді. Басты қасиеті – асқан сапа,
(Жалғасы 23 бетте)
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
21
Біз қазақстанның астанасында
үйлЕрді МЕМлЕкЕттік БағдарлаМа
Бойынша салып ЖатырМыз
Компаниямыз Астанадағы Қобыланды Батыр мен Бурабай көшелерінің қиылысындағы үш гектар жерге жаңа тұрғын
үй кешенін салып жатыр. Құрылыс 2012 жылы Астана қаласы әкімдігі жанынан құрылған «Елорда Даму» мемлекеттік
кәсіпорнының тапсырысымен «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда. Құрылыс пен
жобаның әлеуметтік маңызы жайында BN-ге көппәтерлі тұрғын үй кешені құрылысының басқарушы директоры Александр
Ломиворотов айтып берді.
Жаңа пәтерлер қандай болмақ?
«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік
бағдарламасы
бағыттарының
бірі
қала
басшылығы
мемлекеттік
бағдарламаға
енгізген «Астана қаласында қалалық ортаны
регенерациялау» қанатқақты жобасы болып
табылады. Бағдарлама бойынша 2020 жылға
дейін екі жүз мың шаршы метрден астам апатты
және ескі үйлерді бұзып, алты жүз мың шаршы
метрден астам жаңа үй салу жоспарлануда.
2012 жылдың маусым айында Астана әкімдігі
жанынан
«Елорда
Даму»
мемлекеттік
кәсіпорын құрылды. Ол мемлекеттік бағдарлама
бойынша салынатын үйлердің құрылысына
тапрсырыс беруші болып табылады, құрылысты
ұйымдастырумен, жобалаумен және салынған
пәтерлерді астананың коммуналды тұрғын үй
қорына тапсырумен айналысады.
«Базис» компаниясы бұзуға жататын апатты
және ескі үйлерде тұрып жатқан адамдарға
арналған он бір үйдің құрылысының тендерін
ұтып алды. 12 қабатты үйлер үш гектар жерге
тұрғызылады.
Компаниямыз
мемлекеттік
бағдарлама бойынша салған әрбір үйдің аумағы
5 270 шаршы метр. Үйлерде бір, екі және үш
бөлмелі пәтерлер болады. Әр қабатта жеті жеке
пәтер болады. Қазірдің өзінде 4 үй берілді –
мемлекеттік комиссия қабылдау-тапсыру актісіне
қол қойды, екі үйдің қабылдау-тапсыру актісіне
мемлекеттік комиссия қол қоюға жақын, қалған
бес үй биылғы жылдың 30-шы желтоқсанына
дейін беріледі.
«Бастапқы төрт үй ескі үйлерде тұрып
жатқан адамдарды көшіріп әкелуге арналған.
Келесі екі үйге кезекте тұрған еліміздің
аз
қамсыздандырылған
азаматтары
мен
мемлекеттен баспана тиесілі жетім балалар
орналасады. Қалған бес үйге мемлекеттік
бағдарлама бойынша не үйлері бұзылатындар,
не
«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің»
салымшылары, ҰОС ардагерлері, көпбалалы
отбасылар, мүгедектер, бір сөзбен айтқанда,
халықтың қорғалмаған топтары қоныстанады»,
– дейді Астанадағы Қобыланды Батыр мен
Бурабай көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі
тұрғын үй кешені құрылысының басқарушы
директоры Александр Ломиворотов.
Үйлерді жаңа технологиялармен салып
жатырмыз
Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын
12 үйдің барлығы монолитті болады. Әр қабатқа
150 текше метр бетон жұмсалады. «Базис»
холдингтік компаниясының басшысы Александр
Якубович Белович құрылысшылар алдына
12 қабатты үйді 4 айда салып бітіру міндетін
қойды. Уақыттың қысқалығы құрылыстың
сапасына кері әсер етпейді. Керісінше, жаңа
технологиялардың арқасында қабырғалар тегіс
болып шығады да оларды әрлеуге материал мен
жұмыс күші аз жұмсалады.
«Осы үйлерді салу кезінде қолданылып
жатқан технологиялардың артықшылықтары
көп. Құрылысты кешіктіретін жалғыз фактор –
ауа райы. Еегер қарапайым бетонды қолданған
кезде қалып екінші тәулікте барып шешілетін
болса, жаңа технология бойынша қалыпты
бетонды құйғаннан кейін 10 сағатан соң-ақ алуға
болады. Бетонның құрамында арнайы қоспа
бар. Бұдан бөлек, қыста да, жазда да бетонды
жылытамыз. Бетонның беткі қабатына ЖСБВ
жылыту кабелі қарастырылған, ал, стол астына
арнайы дизельмен жұмыс істейтін жылытқыштар
қоямыз. Қалып жылиды да бетонның бекуін
тездетеді. Бетон құйғаннан соң 10 сағаттан кейін
қалыпты шешеміз, жоғарыға қоямыз да келесі
қабатты құюға кірісеміз», – дейді Александр
Ломиворотов.
Құрылыстың «қалтарыс-бұлтарыстары»
Коммерциялық тұрғын үй салуға қарағанда
мемлекеттік бағдарламамен үй тұрғызудың
өзіндік ерекшеліктері бар. Егер бірінші
жағдайда салушы үйді жылу жүйесімен, электр
желісімен, интернетпен, паркингпен және
басқа да игіліктермен бірге берсе, аумақты
жасылдандырса, мемлекеттік тұрғын үйді салу
кезінде инфрақұрылым мен су құбыры, кәріз,
электрмен қамту, жылыту секілді инженерлік
желілерді тартумен, сонымен қатар, үйлердің
айналасында жайлы инфрақұрылым жасаумен
Астана қаласының құрылыс Басқармасы
айналысады. Құрылыс компаниясы тек үйді
тұрғызады, барлық әрлеу жұмыстарын жүргізеді,
терезелерді, есіктерді салады, лифт орнатады.
«Біз тек үйлерді ғана саламыз. Барлық
қалған жұмыстарды қала жасайды – барлық
коммуникацияны тұрғын үй кешеніне, үйлерге,
пәтерлерге жеткізеді. Осы тұста бірқатар
түйіндер бар – олар құрылысшыларға үлгермей
жатады. Біз әлі күнге дейін мемлекеттік комиссия
пайдалануға беруге рұқсат еткен әлгі төрт үйге
22
BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015