- Әрине! Бізге өте ұнайды. Отбасымыз үл-
кен. Келінім мен үлкен ұлымнан екі немерем
бар. Барлығымыз бірге тұрамыз. Біз ер азамат
ретінде отбасын асырауымыз керек. Жұмысы-
мыздың тұрақты болғаны біз үшін аса маңызды.
Бір жылдан кейін де, бес жылдан соң да бізге де-
ген сұраныс болатынын білеміз. Еңбекақымызды
уақтылы алатынымызды білеміз, отбасымызды
қамтамасыз ете алатынымызды білеміз, мұның
барлығы «Базистің» арқасы. Мұндай жұмысты
қалайша жақсы көрмеуге болады?
-Балаларыңызға бірер сұрақ қойсақ.
таңғасбек, Байқоңыр, «Базистегі» жұмыста-
рыңыз туралы не айтасыздар? компания-
мызбен байланысты қандай да бір жоспарла-
рыңыз бар ма?
Таңғасбек: Жұмысымды қатты жақсы
көремін. Ілдіруші болу – аса жауапкершілікті
міндет, краншының дәлдігі, сәйкесінше, айна-
лаңдағы адамдардың, әріптестерің мен қатар-
ластарыңның қауіпсіздігі саған байланысты.
Ісімді ары қарай жалғастырғым келеді. Пайдам-
ды тигізіп жатқандығымды сеземін, астананы са-
луға үлес қосып жүргенімді ұғынамын, мен үшін
ең бастысы да - осы.
Байқоңыр: Жұмысқа кіріскеніме көп уақыт
бола қоймаса да ұжыммен етене араласып кет-
тім. Әкем секілді мен де арматурашымын. Бұл
жұмыстың біраз қауіпті тұстары бар. Қанша
айтқанмен, астананың ауа райының ерекшелігі
бар. Қатты жел тұрғанда шыңырау биікте тұрып
жұмыс істеуге тура келеді. Мәселен, әкемнің
«Изумрудный кварталда» қалай жұмыс істегенін
көзіме елестете де алмаймын – бұл дегеніңіз
Астанадағы ең биік ғимарат емес пе! Мұндай
биіктікте тұрып қалай жұмыс істеуге болады?!
Бұл – ерлік. Осыны ойласам бір жағынан қорқы-
нышты, екінші жағынан, осындай нысанның
құрылысына өзім де қатысар едім. Кейін өз ісіңді
көріп, мақтан ету үшін. Әрине, мансаптық өсу
жоспарымда бар. «Базисте» бұған қол жеткізу-
ге болатындығын әріптестерімнің мысалынан
көріп, көзім жетіп жүр. Ең бастысы жақсы еңбек
етсең елеусіз қалмайсың. Сондықтан, жұмысым-
ды сапалы атқаруға тырысамын. Болашағым
алда деп ойлаймын.
- отбасымен бірге тізе қосып жұмыс істеу
керемет нәрсе болса керек. демалғанда да бір-
ге боласыздар ма? Бос уақытта немен айна-
лысқанды ұнатасыздар?
- Әрине, демалғанда да бірге боламыз. Бура-
байға, Көкшетауға туыстарға, үйге Шымкентке
барғанды қатты ұнатамыз. Бірақ, біз ұлдары-
мызбен ұзақ уақыт демала алмаймыз. Үнемі қи-
мыл-қозғалыста жүріп үйреніп қалғандықтан,
бос отыру қиын. Сондықтан, демалыс біте салы-
сымен сүйікті жұмысымызға асығамыз.
Компаниямыздың ҚМБ-1 бөлімшесінде білікті мамандар отбасы – Қылышбек Атеев пен оның екі ұлы еңбек етеді.
Астанаға Шымкенттен көшіп келген Қылышбек пен оның үлкен ұлы «Базис» компаниясына жұмысқа тұрып, көптеген
маңызды нысандарды салуға қатысты. Ал өткен жылы отбасылық мердігерлікке Қылышбектің кіші ұлы келіп
қосылды. Енді олар қоян-қолтық жұмыс істейді, бір-бірін демейді, бірге келешекке кәсіби жоспарлар құрады.
өз ЕңБЕгіңнің нәтиЖЕсін көру –
құрылысшы үшін үлкЕн Марапат
- қылышбек, «Базис» компаниясындағы
еңбек жолыңыз қалай басталды?
- Құрылыс саласында еңбек етіп келе жатқа-
ныма 15 жылдан асты. Астанаға отбасымызбен
Шымкенттен көшіп келдік. Астанаға барғымыз
келді. Мұнда қаншама мүмкіндіктер бар, қанша-
ма жетістіке жетуге болады. Әрине, бірден жұ-
мыс іздеу керек болды, оны құрылыс саласынан
іздеу қажеттігіне күмәнім болған жоқ. Тұрақты
компания қайсы? Ойлана келе бірден «Базис»
компанмясына бару қажет деп шештім. Осылай-
ша 2009 жылы компанияға жұмысқа тұрдым.
Менімен бірге үлкен ұлым жұмысқа алынды.
Екеуміз алты жылдан бері бірге жұмыс істеп ке-
леміз. Ал, былтыр кіші ұлым келді. Осылай бір
бригадада шынтақтаса еңбек етудеміз.
- үшеуіңіз де бір мамандық бойынша ең-
бек етесіздер ме?
- Әртүрлі мамандық бойынша істейміз. Мен
арматурашылардың қамытшысымын, үлкен
ұлым Таңғасбек – ілдіруші, кранды басқарады,
ал, кіші ұлым Байқоңыр – менің жолымды қуды,
ол да арматурашы.
- Байқоңыр деген әдемі есім екен.
- Ғарыш саласы Күні 12 сәуір күні дүниеге
келгендіктен Байқоңыр деп қойғанбыз атын.
(Жымияды.)
- қылышбек, қазір бригадаларыңыз қай
нысанды салып жатыр?
- Қазір барлығымыз бірге 3 ГА тұрғын үй
кешенін салып жатырмыз. «Базиске» келгенде
«Изумрудный кварталдан» бастағанбыз. Бұл ны-
санды қатты жақсы көремін, алғаш алған әсерім
әлі де есімде! Бұл деген орасан зор ғимарат қой!
Оны салып бітірдік, енді бүкіл Астана тамса-
нуда. Негізінде тұтас бір қаланың құрылысы
мен дамуына үлес қосып жатқанымды ерекше
мақтан тұтамын. Жай ғана қала емес, ел орда-
сының құрылысы! Балаларым да құрылысына
өздері қатысқан әр нысанмен мақтанады. Жалпы
мен үшін ең үлкен қуаныш – әсем де зәулім ғи-
маратта адамдардың бақытты өмір сүріп жатқа-
нын көру. Себебі, ол ғимаратты біз салғанбыз.
Сондайда кеудеңді мақтаныш пен қуаныш кер-
нейді. Тек осы сезім үшін ғана өз кәсібіңді сүюге
болады. «Базисте» жүріп KEGOC, «Городской
романс» – «Ағылшын орамы» секілді көптеген
нысандардың құрылысына қатыстық, ЕХРО –
әрине бөлек бір мақтаныш.
- сіздер салған нысандардың ішінде өзіңіз
үшін ерекшесі бар ма?
- Ондай нысан «Изумрудный квартал» ғой
деп ойлаймын. Ал Таңғасбекке «На Водно-зе-
леном бульваре» іскерлік орталығы ұнайды. Ол
оған өзгешелігімен ұнайды.
- компаниямыздағы еңбегіңіз атаусыз қал-
маған болар?
- Әлбетте. Балам екеуміз екі мәрте «Базистің»
мақтау қағазымен марапатталдық, мұны мақтан
етеміз, себебі бұл біздің еңбегімізге берілген
баға. Кіші ұл әзірге ешқандай марапат ала қой-
ған жоқ, бірақ, оның келешегі алда. Мен бала-
ларыма, олардың еліміздегі және қаламыздағы
болашағына сенемін. Ең бастысы мұнда жұмыс
бар. Құрылыс қарқыны артып келе жатқандығын
ескеретін болсақ, біздің еңбегіміз әлі талай жыл
қажет болады.
- «Базисте» еңбек ету сіздерге ұнайды ма?
Балаларыңыз келешегін компаниямызбен
байланыстырады ма?
ӘУЛЕТ
15