21
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Дайындағандар: «Балдаурен» балабақшасының тәрбиешілері
Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні
туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер
арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп
кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан
Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
Мерей: Отан- жерім, Отан- суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
Санжар: Қуат алған өзінен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Зарина: Шырқап көкке аспан – ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !
Ерсұлтан: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала- АСТАНА!
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз
болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар.
Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың
тақпақтары тыңдалады).
Әділет: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
22
Ортада- аспан әлемі.
Әділ: Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Данель: Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Даяна: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Жанарыс: Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
Нарқыз: Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Архат: Ақ ниеті- алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл- халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз».
Би: «Қара жорға».
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Дайындағандар: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Мейіргүл Ержанқызы Қожанова,
Айгерим Кусмановна Абеуова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы.
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Көрнекілігі: Елбасы
суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
2-ші Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран айтылады.
1-ші: Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы
Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта
беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне
көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы
білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-ші Жүргізуші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1-ші: Жүргізуші:
«Көбелектер» тобының орындауында ән «Отаным».
2-ші Жүргізуші: