Тәрбиешінің Әдістемелік қоржыны



жүктеу 2,42 Mb.
Pdf просмотр
бет5/34
Дата09.01.2020
өлшемі2,42 Mb.
#26084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

15 

 

Жапырақтар төгілді. 



Біздің өмір таңшуақ,  

Біздің өмір көңілді. 



Тамерлан:Алуан-алуан жапырақ,  

Ой, алақай, тамаша! 

Шашу шашты жапырақ. 

Сәния:Ағаштардан жамырап, 

Ұшты кенет жапырақ. 

О, алақай, тамаша!  

Шашу шашты жапырақ. 



Дана:Күзгі бақта күлімдеп,  

Көз тартады атырап. 

Күн шуақта маужырап, 

Жатыр, әне, жапырақ.  



Жүргізуші:Балалардың орындауында «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.  

Ертегі: 

Шырылдауық шегіртке, 

Ыршып жүріп ән салған.  

Көгалды қуып, гөлайттап, 

Қызықпен жүріп жазды алған. 

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, 

Өкінгеннен не пайда?  

Суыққа тоңған, қарны ашқан, 

Ойын қайда,ән қайда? 

Секіру қайда сүрініп,  

Қабағын қайғы жабады. 

Сабанда жатып дән жиған.  

Құмырсқаны іздеп табады. 

Селкілдеп келіп жығылды, 

Аяғына бас ұрды. 

Шегіртке:Қарағым жылыт, тамақ бер. 

Жаз шыққанша асыра. 



Құмырсқа:Мұның жаным сөз емес, 

Жаз өтерін білмеп п(а) ең? 

Жаның үшін еш шаруа. 

Ала жаздай қылмап п(а) ең? 



Шегіртке:Мен өзіңдей шаруашыл, 

Жұмсақ елеу илі ме? 

Көгалды қуып ән салып, 

Өлеңнен қолым тиді ме? 



Құмырсқа: Қайтсің, қолың тимепті. 

Өлеңші, әнші, есіл ер. 

Ала жаздай ән салсаң,  

Селкілде де, билей бер!!! 

Шегіртке  кетіп  қалады,  оның  артынан  құмырсқалар  барып  тамақтарын  береді.  Шегіртке 

оларға алғысын білдіріп, ендігіде ондай жалқау болмайтынын айтады. 

Тақпақ:Алема, Айгерім, Сандияр. 

Алема:Дала сары киінді,  

Самал соқты салқындау. 

Қырмандарға иілді, 

Алтын астық  алтын тау. 



 


16 

 

Айгерім:Ой, балалар, балалар! 

Қоңырқай күз болыпты. 

Қурап жапырақ салыпты,  

Ел егінін алыпты.  

Сандияр:Көрініп еліне 

Күндері береке, 

Келді ғой желбіреп  

Күз деген мереке.  



Жүргізуші: Балалардың орындауында «Қарлығаш» биі. 

Ортаға сән салтанатымен «Күз ханшайымы» келеді. 



Күз  ханшайымы:Сәлеметсіңдер  ме,  балалар!  Мерекелерің  құтты  болсын!  Қайдай  әсем 

шарлар, өздерің қандай әдемісіңдер! Мен сендерге өз сыйларымды ала келдім! 



Жүргізуші: Төрлетіңіз, Күз ханшайымы. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз! 

(Күз ханшайымы отырады.) 



Жүргізуші: Балалардың орындауында «Көбелек» әні!  

Күз  ханшайымы:Рахмет  сендерге,  балалар!  Өте  өнерлі  екенсіңдер.  Сендердің 

мерекелеріңе ата-аналарың келіп отыр екен. Мен олармен ойын өткізейін деген ойдамын! 

Ойын: «Кім жылдам?». 

2 ата-ана шығып алмұртты жеу керек.  



Күз ханшайымы: Өте тамаша. Менің кететін уақытым болды. Рахмет сендерге, балалар! 

Келесі кездескенше, сау болыңдар! 



Жүргізуші: Біздің балалардың орындауында тақпақтарды қабыл алыңыздар. 

Іңкәр:Біздің дала - бай дала.  

Алтын астық айнала. 

Ашық дала сәулеті, 

Ашық отан дәулеті. 



Данеля:Көктемде егін егетін. 

Күзде жиып беретін. 

Біздің дала - бай дала,  

Алтын астық айнала. 



Елжан:Алғыс саған, алтын күз! 

Бір уыс дән шаштық та, 

Қап-қап қауын алдық біз. 

Жүргізуші:Жемісін мол беретін күз дос екен бізбенен, дей келе балалардың орындауында 

«Күз ырғағы» әні. 

«Вальс» биімен балалар залдан шығып кетеді. 

Жүргізуші:Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!  

 

МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ 

 

Тәрбиеші:  Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын 

орталық 

Тақырыбы: Алтын күз 

Мақсаты: Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне 

білуге үйрету. 



Көрнекілік: Күзгі суреттер, жапырақтар 

Жүргізуші: 

-  Құрметті  қонақтар,  ата-аналар,  балалар,  бүгінгі  «Алтын  күз»  ертеңгілігіне  қош 

келдіңіздер! 

(Осы кезде залға Жел жүгіріп келеді.) 

Жел: 



17 

 

-  Сәлеметсіңдер  ме,  кішкентай  балапандар!  Мен  күзгі  желмін.  Сендерге  қонаққа 



келдім,  өнерлеріңді  тамашалауға.  Қанекей,  балалар,  маған  өз  өнерлерінді 

көрсетіндерші!  

Жүргізуші: 

-  Балалар,  біз қайда келдік? Желмен бірге біз күзгі  орманға  келдік.  Күзгі  орманның 

жапырағы  қандай  екен?  Қане,  қараңдаршы,  жапырақтары  сары,  қызғылт,  қызыл 

түсті. Өте әдемі екен. Солай ма, балалар? Ал орманды бізге кім әдемілеп қойғанын 

білесіңдер ме? 

Балалар: 

-  Сиқырлы күз әдеміледі. 

Жүргізуші: 

-  Дұрыс балалар. 

 Жүргізуші: 

- Олай болса, балалар таппақтарымызды айтып берейік. 

1. Алтын, сары, қызыл, көк, 

Алуан-алуан жапырақ. 

Күзгі бақта күлімдеп, 

Көз тартады атырап. 

2. Күншуаққа маужырап, 

Жатыр еді атырап. 

Ағаштардан жамырап, 

Ұшты кенет жапырақ. 

3.О, алақай, тамаша! 

Шашу шашты жапырақ. 

Бақтың іші алаша, 

Аунар ма едім, жатып ап?! 

4. Қуандырып бізді, 

Мерекелі күз келді. 

5. Кел, жемісті алтын күз, 

Кемелденсін халқымыз. 

6. Көк майсалы көрікті, 

Алқаптағы көк егін. 

7. Бұл күндері киіпті, 

Сары жібек көйлегін. 

8. Берекесін сыйлауға, 

Өлкемізге күз келді. 

«Кім жапырақты көп жинайды?» ойыны. Еденде жапырақтар шашылып жатады. Балалар 

белгі берілген кезде жапырақтарды жинап шығу керек. Көп жинаған бала жеңеді. 

Жүргізуші: 

-  Балалар, қане, қарайықшы, бізге қонаққа кім келді? Бізге гном келіпті. 

Гном: 


-  Сәлеметсіңдер  ме,  балапандар!  Бүгін  сендер  қандай  әдемісіңдер!  Менде  бүгін 

әдемімін. (Әрі-бері жүреді.) 

Балалар: 

-  Иә, әдемі. 

Гном: 

-  Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме? 



Балалар: 

-  Иә, білеміз. 

Гном: 

-  Өте  жақсы.  Жаңбырдың  жай  түрі  болады.  Оны  салу  үшін  қолымызды  жай 



шапалақтаймыз.  Сонымен  қатар,  қатты  жаңбырлар  да  болады.  Қатты  жаңбыр 


жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау