Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ! Мақсаты



жүктеу 112,8 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі112,8 Kb.
#14073

Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!
Мақсаты: Найзағайлы қара бұлттан от алған Қасым Аманжоловтың өмір жолдарымен, өлең-жырларымен оқушыларды тереңірек таныстыру, ақын жайлы жазылған естеліктерді оқыту. Дауылпаз ақынның дауылпаз жырларын оқушы қауымның жүрегіне ұялата білу. Халықпен бірге өмір сүретін ақын шығармашылығын дәріптеу.

«Дауыл» – оқитын Арман



Арыстан: Қасым шығармашылығы – қазақ поэзиясының асыл үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойы, сыршыл поэзиясының күні бүгінге дейін әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан.

Нұрайым: Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай ауылында дүниеге келген. Әкесінен жастай жетім қалған ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді.

Арыстан: Қ.Аманжолов 1927-1930 жылдары мал дәрігерлік техникумын бітіргеннен кейін Орал қаласындағы педагогикалық институтынан Ленинград орман шаруашылығы институтына ауысады.

Нұрайым: Болашақ ақын жазуды осы 1930 жылы бастайды. 1932 жылы Алматыға келіп «Лениншіл жас» газетіне орналасады. 1931 жылы Орал облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде алғашқы өлеңдері жарық көрді. Ал, алғашқы өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен 1938 жылы басылып шықты. 1935 жылы Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркемдік жетекші болды. 1936-1941 жылдары «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында жұмыс істеді. 1941 жылы «Бар дауыспен» деген жинағы жарық көрді. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылы «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасын жазды.

Арыстан: 

Ей, тәкаппар дүние!

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені?!

Мен қазақтың баласы!

«Тағы» емеспін, тағы айтам

Адаммын деп бұрыннан

Адаммын деп жылағам,

Адаммын деп қырылғам.

Қазақ деген – мен деймін,

Мылтығыңды ұсынба,

Қолыңды ұсын, кел деймін! – деген өлеңдерінде қазақтың бостандығын жыр жолдарына арқау етеді. Ақын аңсаған Тәуелсіз Қазақстанда мына Сіз бен Біз өмір сүріп жатқанымызды естен шығармайық!



Нұрайым: Ақынның туған жерге деген жалынды перзенттік сүйіспеншілігі оның «Туған жер» атты ғажайып өлеңінде шалқыған шабытпен суреттелген.

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің!

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем, –

Арманым жоқ бұл дүниеде, – дер едім...

Бұл – ақын жүрегін жарып шыққан зор азаматтық сезімнен туған патриоттық жыр.



Арыстан: Елге танымал батыр партизан Қасым Қайсенов естелігінде: «Қасым Аманжолов қолына домбыра алып «Туған жер» өлеңін шерткенде тебіренгенім соншама көзімнен жастың қалай шыққанын білмедім. Бұл «Туған жер» өлеңі патриотизмнің ұлы гимніндей әсер етті маған. Отанын  сүйсе, осы Қасым ағадай сүйсін! Не деген патриот?! Бір басына азаматтық, патриоттық, ақындық, композиторлық қасиет қалай сыйып тұрғанына таң қаласың» деген-ді.

Ән «Туған жер»



Нұрайым: Ендігі кезекте ақынның еліне, туған жеріне арнаған өлең, жырларын тыңдайық.

«Сарыарқа» – оқитын Аружан

«Атамекен» – оқитын Аяулым

«Қарағанды» – оқитын Нұрзат

«Ертіс» – оқитын Аружан

«Көкшетау» – оқитын Арыстанның анасы



Арыстан: Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған өлеңдері баға жетпес мұра. Ұлы Отан соғысы кезеңі – Қасым ақындығының әбден қалыптасқан, ең өнімді тұсы.

Құя алман үгітілген балшық өлең,

Көңілімде көл жасаман тамшыменен,

Серінің сертке соққан семсеріндей,

Өлеңнің өткірін бір алшы менен, – деп ақын бұл кезеңде қазақ өлең өнеріне мазмұн жағынан да, түр жағынан да мол жаңалық әкелген. Қасым Аманжолов Ұлы Отан соғысы аяқталған соң 1945 жылы қазан айында Алматыға қайтып келді. Ақынды жазушылар жұртшылығы айрықша құрметпен қарсы алды.

Нұрайым: Майданда жүріп жазған оның бірталай өлеңдері және Абдолла туралы поэмасы Қасымды өзінің замандас достарына бөлекше танытып еді. Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиевтың рухына арнаған «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының поэма жанрындағы үздік жетістігі болып табылады.

«Елге хат» – оқитындар Нұрзат, Санжар, Аян, Арман



Арыстан: Қасым Аманжолов шетел ақындарынан ағылшын әдебиетінің көрнекті өкілі Байронның, тәжік ақыны Мирасаид Миршакардың, парсы поэзиясының классигі Низамидің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Пушкиннің «Полтавасы», Лермонтовтың «Маскарады», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүні», Шота Руставелидің өлмес мұралары ақынның аудармасында жаңаша құлпырды және тұпнұсқадағы төлтумалықтан телтумалыққа көтерілді.

Нұрайым: 1940 жылы Қасым ақын Маяковскийдің «Мәжілісқорлар», «Бөріктен», «Қоштасу», «Бар дауыспен», «Аламыз жаңа винтовка», «Ұқсас ұрандар» сияқты бірнеше өлеңдерін аударып, 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялаған. Шындығында, Қасым Аманжоловтың кез-келген аудармасын жүрекпен оқисыз.

Лермонтовтан аударма «Қанжар» – оқитын Зарина

«Домбыра» – оқитын Аида

Арыстан: Ендігі кезекті ақынның өзімен қатар жүрген ақын, жазушыларға арнаған «5 жылдық әзілдері» атты арнау өлеңдерге берейік:

«5 жылдық әзілдері» – оқитындар Мадина, Жанболат,

Мухаммедқали, Шыңғыс, Зарина, Алдияр, Олжас, Мәди, Диас

«Сырбайға» – оқитын Азамат

«Сырбайға екінші өлең» – оқитын Бағдат

Нұрайым: Қасым Аманжолов ақындығымен қатар үлкен сазгер де. Өзі шығарған «Дариға, сол қыз», «Туған жер» т.б. шығармалары халықтың сүйікті әндеріне айналды. «Дариға сол қызда» майдан арпалысы, тарихи шындық, жеке адамның басындағы трагедия және соның бәрінен аман алып шыққан өмірге деген құштарлық оптимистік рухта өрнектелген. Кейіпкердің жан дүниесіндегі бұлқыныстар белгілі тарихи кезеңдегі жеке адам мен қоғам өміріндегі әлеуметтік драматизмді бейнелейтін образдылыққа айналған.

«Дариға, сол қыз» әні бимен сүйемелдеу арқылы орындалады.

«Ақ сәуле» сөзі Қ.Аманжолов, әні Ә.Еспаев

Орындайтындар: ата-аналар және оқушылар

«Сабыр етші» – оқитын Арман

«Нартәуекел» – оқитын Құндызай

«Ақын мен шахтер» – оқитындар Арыстан, Аян

«Оңаша ой» – оқитын Шыңғыстың анасы

«Бірақ та» – оқитын Жанерке

«Без» – оқитын Нұрайым

Арыстан: Ақынды жары Сақыпжамал былайша еске алатын: Қасым өлеңді ұзақ отырып жазбаушы еді. Қай шығармасын болса да ол мейлінше жылдам, мейлінше тез жазып тастайтын. Бірақ, есесіне ол өте ұзақ ойланып-толғанатын. Өлең Қасымның жанына кіріп, жалынына шомылушы еді. Сосын барып ақын жүрегінің алапат ыстығында қайнап піскен жұлдызды жырлар оның көкірегін жарып шығатын. Қасым көшеде жүргенде әлдене деп күбірлеп сөйлеп келе жататын. Мен сонда: «Сен неменеге өз-өзіңмен күбірлей бересің? Кісінің жанында адам құсап та жүре алмайсың», – деп ұрсушы едім. Сонда ол: «Жарайды, батырекесі, қойдым, қойдым», – деп жымиып күле беретін. Сөйтсем, ол ойына қонақтаған, көкірегіне түйген, жүрегіне сыймаған отты жыр жолдарын ойнатып келе жатады екен ғой. Қасымның бір әдеті орнынан тұра салып скрипка тартатын. Таңертең шайға қанып алғаннан кейін ол біресе домбыра, біресе гармонда ойнап, біресе сыбызғысын сызылтып отырушы еді.

«Сақыпжамал» – оқитын Диана



Нұрайым: Енді әріптестерінің ақын туралы естеліктері мен кейінгі буын ақындардың ойтолғауларын тыңдап көрейік:

Арман: Сырбай Мәуленов: Қасым – өзіндік үлкен мектебі бар ақын. Қазіргі бірқатар ақындарымыздың, кейінгі жас толқындардың өлең екпіндерінде, жырдың музыкалық сазында, еркелік назында, сөз өрнектерінде, әсерлі бейнелерінде Қасым поэзиясының үлкен ықпалы, игі шапағаты бар. Жаратылыс оған бәрін берді. Табиғаттың жалынды жыры, дауылды күйі, толқынды шуы, жел сыбыры, жапырақ сыбдыры оның кішкентай кеудесіне сыйып тұрды. Сондықтан оның: «Сен де аямай бердің маған барыңды, мен де аямай өз барымды беремін», – деуі тегін емес. Ол өзі айтқандай, табиғаттың ерке ұлы болатын. Ол табиғат анасындай кей кезде көз жасының жаңбырын төгіп те алатын, дауылдай буырқана да соғатын.

Жанерке: Тәкен Әлімқұлов: Задында, ол өте алғыр адам еді. Белинскийдің «Гогольге хатын» бір кеште аударғаны есте. Және қандай аударма! Өлеңді ол шабыты келгенде жазып тастайды. Қалың қара дәптері бар-ды. Соған өлеңді бірден түсіреді. Сырбай Мәуленов екеуінің бір-біріне арнап, суырыпсалма өлең шығарғаны менің әлі есімде.

Санжар: Есмағамбет Ысмайылов: Мен Қасымды 1937 жылдардан жақын біле бастадым. Ең алғаш «Лениншіл жас» газетінің басқармасында маған Жұмағали Саин: «Бұл – сері ақын», – деп таныстырды. Талдырмаш, ашаң келген Қасым жымиып тұрды да, «байқап көріңдерші» дегендей ешбір қағазға қарамастан бір-екі лирикалы өлеңін жатқа айтып берді. Қасым ақын – өте адал, турашыл, сенгіш адам еді. Біреудің беделі, атағы бар деп жалтақтамайтын. Кезі келген жерде шындықты кесіп айта салатын.

Аида: Қабдеш Жұмаділов: Қай заманда болмасын еңбексіз-толғақсыз құрметке бөленіп, ұпайларын түгендеп, «екі жеп биге шығып» жүретін ақындар аз болмаған. Ондайлар Қасым кезінде де болған, қазір де бар. Оларды жұрт «Сарай ақындары» деп атайды. Мансап та соларда, жақсы тұрмыс та соларда. Олардың шама-шарқын ұлы ақын да білген. «Осы күнде шығып жүр, Қасым деген бір ақын, сол болады түбінде енелеріңді ұратын» деп әзілге сүйеп, ескерту де жасаған.

Аружан: Тахауи Ахтанов: Өзімнің құрастыруыммен «Жастар дауысы» дейтін жыр жинағы шыққан болатын. Соның ішінде менің де бір топ өлеңдерім жарияланды. Бір күні Қасекең айтты: ««Социалистік Қазақстан» газеті маған тапсырыс беріп еді. Сонда менің мақалам шығады. Менімен көңілі бір адам болғасын менен мақтау күтесің. Өзіңнің аты-жөніңді іздейсің. Бірақ, ол мақалада сенің фамилияң болмайды. Поэзиядан гөрі прозаға икемділігің басым болар сені мен мақтай алмадым», – деді. Мен ақыры Қасекеңнің сол сөзінен кейін өлеңді қойып кеттім.

Нұрайым: Серік Ақсұңқарұлы: Бізде біраз уақыт «Абайдан кейін нағыз ақын туған жоқ» деп келді. Себебі, Абайдан кейін қазақ поэзиясын жарқыратып, төрге шығарып келе жатқан Мағжан «халық жауы» деп түрмеге жабылды, содан кейін атылып кетті. Қасым поэзиясында жан да бар, өмір де, шабыт та бар. Қысқасы, Қасым – қазақтың қара өлеңін қайта тірілткен тұлға. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жан бітірген, қан жүгірткен – Қасым Аманжолов.

Арыстан: Ғалым Жайлыбай: ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясын «Қасымға дейін» және «Қасымнан кейін» деп екіге бөлуге болады. Себебі, Қасымның өлең жазу шеберлігі, поэзиядағы мәдениеті ерекше еді. Ол қазақ әдебиетіне жаңа серпін, кең тынысты жырлар әкелді. Тіпті Қасыммен қатарлас және одан кейінгі ақындар, мысалы, Әбділда Тәжібаев Қасымды өзінің ұстазы санаған. Ал, Ғафу Қайырбеков, Ізтай Мәмбетов, Аманжол Шәмкенов, Тұманбай Молдағалиев, Еркеш Ибраhим, Тілеген Шопашев секілді ақындардың бәрі өздерін Қасымның шәкірттеріміз деп жүрді. Қасым Аманжолов – қазақ поэзиясында үлкен мектеп қалыптастырған ақын. Оның өлеңдеріндегі ырғақ пен интонацияның өзі ерекше. Соның арқасында қазақ поэзиясында «Қасымның мектебі» деген ұғым қалыптасты. Себебі, ол өзіндік жолы, өзіндік стилі бар ақын. Айта берді, біздің заңғар ақынымыз Мұқағали Мақатаев та «Қасым солай болмаса...» деген өлеңінде:

«Қасым солай болмаса, несі Қасым!?

Жыр бәйгеге аттанған адам болса,

Сөредегі Қасымын есіне алсын!...», – деп жазды емес пе?!

Жұмекен Нәжімеденов те:

«Сөз еттің-ау Пушкинді тағы маған,

Мезгілім аз қайтпаған, жасымаған.

Ал, түңілген кездерім басым одан

Мазалама Пушкинді, менің үшін.

Жетіп жатыр өзімнің Қасым ағам», – деп айтып кеткен болатын. Осы өлең жолдары-ақ Қасым Аманжоловты жаңағы алып тұлғалар қаншалықты құрметтеп, пір тұтқанын көрсетіп тұрған жоқ па?! Және бұл Қасымға берілген үлкен баға.

М.Мақатаев «Қасым солай болмаса» – оқитын Құндызай

Нұрайым:   Жылдар бойы арман болған пәтерге 1949 жылы қол жеткізген екен. 1948 жылғы желтоқсаннан бері қатты сырқаттанып жүреді екен. Баспана тауқыметі жайлы Қасым ақын өз күнделігінде мынадай жазба қалдырған екен: «Біраз жұмыстар істедім. Бірақ, тұрмыс қиыншылығын көп көрдім. Ең басты қиындық – квартира болды. Мен квартира алам деп титықтағаныма он жылдан асты. Бермейді, не қыласың? 1946 жылы ең болмаса күрке салып алайын деп қолайлы жер сұрадым. 4 ай жүріп жауап алдым. Бір оңбаған «инженер»-саудагер жерді маған зират жақтан ұсынды! Кімге айтарсың?! Сондай сұмдардың соңына түсіп жүруге уақытым бар ма?! Мен мына «жаhаннамның» түбінде жатып, өмірмен араласуым өте қиынға соғып келеді. Қазақтың Қасымы деген атақты, талантты ақыны үйінің жоқтығынан кешкі уақыттарда қалаға беттеп баса алмайды. Бұзықтардан, ұрылардан қорқады. Әскерден қайтқалы кино, театрға бару деген тиылды. Кешкі жиналастарға да бара алмайды. Қасымның атағын естіп алыстан адамдар келсе, оларды мына «үйіне» шақыра алмай қысылады. Олар қайдан білсін, Қасымның тұрмысы министрдің тұрмысынан кем емес дейтін шығар...»

«Баспана» – оқитын Арыстан

Жүрсін Ерман «Ақынның үйі» – оқитын Роза мұғалім

Арман: Қасым Аманжолов туралы қанша айтсақ та артық емес, дегенмен ақынның «Өзім туралы» жырын тыңдағанда ақынның барлық өмірі көз алдыңа келеді.

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп,

Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп – деген шумағы

1955 жылы ауыр науқастан көз жұмған ақын қабірінің ескерткіш тақтасына ойылып жазылған.

«Өзім туралы» – домбырамен сүйемелдеп орындайтын

Өмірбек Санжар, Игілік Нұрайым, Нұрдін Арыстан.



Қорытынды: Қасым әлемі – терең әлем. Оны жай ғана шолып өткенде ақынның бар болмысына бойлай алмайсыз. Бұл ақынның ұлылық феномені. Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның артында мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ. Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Ақын өлеңдері біздей оқырмандары тұрғанда мәңгілік өмір сүреді. Мәңгілікті мұрат еткен ақын бақыты деген осы болар?!
жүктеу 112,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау