Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет6/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

 
16 
толықтырады  және  өзара  бір-бірін  байланыстырады.  Сабақтың  жоспарын 
немесе  мәтінін  түзуде  тақырыптың  дидактикалық  мақсатына  жауап  беретін 
негізгі  бөлімдерді  түзуден  бастау  қажет.  Егер  сабақ  жаңа  білімдерді 
баяндаудан  тұрса,  мысалы:  үш  таңбалы  сандарды  жазбаша  қосу  туралы 
тақырып болса, онда оқытушы алдын оқушыларға жазбаша қосу алгоритмін 
баяндауды, ал одан кейін өткен сабақтан нені қайталауды, жаңа тақырыпты 
жақсы  меңгеру  мүмкіндігін,  яғни,  тақырыптан  бұрын  үй  тапсырмасын 
тексеру қажет пе, жоқ па жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға қайсы 
тапсырманы  ұсынуын  ойлау  қажет.  Содан  соң  оқытушы  қайсы  оқу 
материалымен  сабақтың  кейбір  бөлігін  толтыру  қажеттігін,  оқытудың  қай 
метод  және  тәсілдерін  қолдану,  қандай  көрнекі  құралдарды  дайындау  және 
қолдану мүмкіндігін есепке алады.  
Сабақтың әрбір бөлімін орындау үшін қанша уақыт кетуін анықтау тиіс. 
Ал сабақтың негізгі бөлігі сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға 
бағытталуы керек. 
Сабаққа  дайындық  жасауда  оқушыларға  берілген  тапсырманы  орындау 
тәсілдерін  үйрету,  яғни  мысал  мен  жаттығуларды  шешу,  схемалық  жазулар 
мен  графикалық  жұмыстарды  дайындау  оқытушының  өзіне  пайдалы. 
Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтаған соң, сабақтың жоспары немесе 
мәтіні жазылады.  
Сабақтың  жоспарында  тақырып  және  дидактикалық  мақсат  пен 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар  беріледі.  Тәртіппен  сабақ  бөлімдерінің 
аты және оның мазмұны, сондай-ақ шамаланған уақыт көрсетіледі. 
Сабақтың  мәтінінде  мүмкіндігінше  барлық  пікірлері  толық  беріледі. 
Сұхбат  өткізуде  жәрдем  беретін  сұрақтардың  бәрі  беріліп,  оқушылардан 
күтетін жауаптар жазылады.   
Мәселе  мен  жаттығуларды    шешуде    пайдаланылатын  көрнекіліктер 
жазылады. Сөйтіп оқытушы төмендегі міндеттерді орындауы қажет. 
1.  Оқу  бағдарламасы  мен  оқытушының  жосапарында  сабақтың  орнын 
анықтау. 
2. Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын анықтау. 
3. Сабақтың мазмұнын анықтау. 
4. Сабақтың басқыштарын түзу. 
5. Сабақтың жосапарын жасау. 
6. Сабақтың мәтінін жазу. 
7. Сабақ өту методтерын анықтау. 
8. Әрбір басқышқа кеткен уақытты анықтау. 
9.Сабақта және үйге берілетін мәселе мен жаттығуларды орындау. 
10. Көрнекі құралдарды дайындау, т.б. 
 
4.  Математика сабағын өткізу.  
Математика сабағының жоспар немесе мәтіні оқытушыға оқушылармен 
орындалатын  жұмыс  түрінің  бағыты  мен  кетпе-кеттігін,  алгебралық  өрнек 
үлгілерін көрсетеді. 


 
17 
Оқытуышы  сабақ  өтуде  түзген  жоспар  немесе  мәтіннен  еркін 
пайдаланады,  кейде  түзген  жоспарынан  тысқа  шығу  қажеттілігі  туындайды. 
Мысалы,  оқытушының  баяндамасы  оқушыларға  түсініксіз  болса,  қосымша 
түсіндіреді,  оқушылар  түсінуге  қиналса,  қажетті  көмек  беріледі.  Білімді 
нығайтуда  орындалған  жаттығулар  жеткілікті  болса,  кейбіреулерін 
қалдыруға  болады.  Оқушылар  сабақты  қалай  түсінгенін  білу  үшін  сұрау, 
тапсырмаларды орындауды тексеру мүмкін.  
 
5.  Математика сабағын талқылау. 
Бастауыш  сыныпта  математикадан  сабақты  талқылау  жасау  және 
бағалау бірінші кезекте оның тәлім-тәрбиелік маңызын көрсетеді. Сондықтан 
сабақты  қай  дәрежеде  түзгенін,  өтілгенін  қазіргі  заманның  психологиялық-
педагогикалық талаптарының денгейінде қандай орындалғанын және негізгі 
дидактикалық  принциптерді  қалай  қолданғанын  көрсету  қажет.  Сабақты 
талқылауда  оның  мазмұны,  уақыттың  үнемделуі,  жұмыс  орындау  тәсілдері, 
қолданылған көрнекіліктер мен басқа дидактикалық материалдарды көрсету 
тиімді.  Сабақтың  әрбір  бөлігі  оқушылардың  қызметін  қалай  бағыттауды, 
одан  қай  орында  белсенділік  пен  еркіндік  бұзылғанын,  қобалжу  болғанын, 
басқа тәрбиелік жақтардың жүзеге асырылғанын есепке алу керек. 
Сабақты талқылау төмендегі бағытта жазылуы мүмкін: 
1. Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын түсіндіру және негіздеу. 
Мұнда тақырып бойынша сабақ жүйесінде талқыланған сабақтың орны, 
маңызы, басқа сабақтармен байланыстылығы, сабақтың мазмұынын бағалау, 
дұрыс түсіндірілуі, оның жүйесі, жұмыстағы метод пен тәсілдері көрсетіледі. 
2. Сабақ мазмұнының талқылануы. 
Сабақтың  мазмұнын  талқылауда  есептеу  жаттығуларын  қалай 
қолданғаны,  математикалық  түсініктерді  арифметикалық  мәселелер  шешуге 
қаратылған  және  басқа  жаттығуларды  орындауға  берілетін  методикалық 
бағада төмендегілерді есепке алу тиіс: 
а) берілген білімнің ғылымилығы және жеткілікті қатаңдығы; 
б)үйренілген  материалдың  шеберлігі  мен  түсіну  деңгейі,  жұмыс 
барысында оқушылардың жеткілікті тапсырмамен қамтамасыз етілгені; 
в)сабақ материалының тәлім-тәрбиелік мақсатқа қатыстылығы; 
г) оқу материалының мазмұны сабақтың барлық бөлігін қамту деңгейі;  
 
3. Оқушылардың қызметін шығармашылыққа бағыттау. 
Сабаққа  неше  оқушы  белсенді  түрде  қатысқанын  және  еркін  қызмет 
еткені, оған қандай жолмен жету қажеттігін анықтау; 
а)  оқу  материалын,  сондай-ақ  жұмыс  методы  мен  тәсілдерін  таңдау, 
оқушылардың  жасы,  олардағы  білім,  біліктілік  пен  дағдылардың  денгейін 
есепке алу; 
б)  оқушылардың  индивидуал  және  топпен  бірге  атқарған    еңбектерін 
есепке алу; 
в) оқытуда дифференциал жандасу; 


 
18 
г)  жаңа  математикалық  түсінік,  жаңа  есептеу  бөлімдері,  мәселелер 
шешудің  жаңа  тәсілдерімен  таныстыру,  білім  мен  іскерліктерді  жасауда 
өтілген материалды нығайтуға бағытталған жұмыстар есепке алынады; 
д) сабақтың әрбір бөліміне уақыттың белгіленуі. 
4. Сабақта қолданылатын көрнекілік пен дидактикалық қолданбалардың 
маңызын ашу. 
5. Сабақ нәтижесінің рейтингі (бағалау). Бағалаудың негізгі белгілерінің 
бірі, сабақ өз мақсатына жеткендігі, әрбір оқушыға толығымен еркін жұмыс 
орындалғаны  және  олардың  бәрі  оқытушының  басшылығында  жүзеге 
асырылғаны көрсетіледі. Сабақты талқылауда мынаны есепке алу қажет, яғни 
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық кезеңдері бір мақсатқа 
қаратылса, сабақ дұрыс бағаланады.  
Бастауыш математика курсының ең басты ерекшелігі оның практикалық 
тұрғыдан 
бағытталғаны. 
Егер 
жоғары 
сыныптарда 
математика 
бағдарламасының  кейбір  мәселелері  теориялық  характерде  болса,  бастауыш 
сыныпта  әрбір  жаңа  түсінік,  қасиет,  заңдылық  практикалық  қызметтің 
нәтижесінде және практикалық қызмет үшін енгізіледі. Мысалы, VII сыныпта 
оқушылардың  тіктөрбұрыш  туралы  түсінігін  меңгерулері,  алдағы  уақытта 
тіктөрбұрыштың  ережесін  білуін,  оның  қасиеттерін  логикалық  тұрғыдан 
шығаруы  және  кейбір  қасиеттерін  дәлелдеуді  білуін,  ережесі,  қасиеті  мен 
қасиеттеріне тиісті мәселелерді шешу үшін пайдалануды білдіреді. Бастауыш 
сыныптарда  оқушылар  тіктөрбұрыштың  қарама-қарсы  жақтарының  теңдігін 
өлшеу жолымен анықтайды және тіктөрбұрышты жасау, оның периметрі мен 
ауданын өлшеуді, есептеуді үйренеді. 
Бастауыш мектепте оқушыларда қалыптасатын практикалық оқулардың 
көпшілігі мектеп математикасы курсы үшін үлкен маңызға ие. Бірақ ой-елес 
туралы мұндай деуге болмайды. Мысалы, III-IV сынып оқушыларының  сан 
туралы ие болған ой-елестерінде үлкен айырмашылық бар. Дегенмен төменгі 
сыныптарда қалыптасқан арифметикалық амалдарды жазбаша немесе ауызша 
орындау  оқуларынан  орта  сыныптарда  да,  жоғары  сыныптарда  да 
пайдаланылады. 
Сөйтіп  оқушыларда  жақсы  практикалық  оқу  және  біліктілігін 
қалыптастыру  бастауыш  сынып  оқытушысының  негізгі  міндеттерінің  бірі. 
Мұнда  ол  өзара  байланысты  болған  екі  методикалық  проблеманы  шешу 
керек;  1)  белгілі  практикалық  жұмыстардың  орындалу  кезеңі  мазмұнының 
мәтінін  жазу;  2)  оқушылардың  меңгеру  методикасын  және  меңгерудің 
үстінен нәтижелі бақылауды жасау.  
Айталық,  бір  кезеңді  элементар  жұмыстардың  шектеулі,  анық  кетпе-
кеттігі  ретінде  суреттеу  мүмкін  болсын  (элементар  жұмыс  деп,  орындалу 
кезеңі  белгілі  болған  жұмысты  түсінеміз).  Берілген  кезеңді  жүзеге  асыру 
үшін қай элементар жұмыстарды және қай кетпе-кеттікті орындау керектігін 
нұсқаушы бұйрық алгоритм деп аталады. 
Егер бір жұмысты орындау алгоритмі белгілі болса, ондайда оны жүзеге 
асыру оқуын қалыптастыру, жалпы айтқанда оқытып жатқан балаға жеткізіп 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау