Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов


§._Балалар_бақшасында_және_бастауыш_сыныптарда_математика_пәнін_үйретудің_арасындағы_үздіксіздік'>5-§.  Балалар  бақшасында  және  бастауыш  сыныптарда  математика



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет8/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71

 
21 
5-§.  Балалар  бақшасында  және  бастауыш  сыныптарда  математика 
пәнін үйретудің арасындағы үздіксіздік 
Балаларда  элемантар  матемтаикалық  ойды  дамытудың  міндеттері  мен 
балалар  бақшасында  арифметикалық  негіздерді  құрастыру,  мөлшер,  мекен 
және заманға тиісті ойды дамыту оқытудың негізгі шарты болып табылады. 
Әрбір жаттығуда тәрбиеші тақырып мазмұнының негізгі мәселелері мен 
оны  сабақта  қолдану  методикасын  ашып  береді.  Мұнда  мынаны  есепке  алу 
қажет, яғни, беріліп жатқан ұсыныстар, әдетте балаларға берілуі тиіс болған 
тапсырмалар,  жаттығулар,  сұрақтардың  типтік  үлгілері  болып  табылады. 
Мұндай  жаттығулардың  санын  оқытушы  сыныппен  жұмыс  істеудің  анық 
жағдайларын ескере отырып, ерікті түрде анықтау қажет. 
Үлкен  топтардағы  балалардың  арасында  дидактикалық  материалдарды 
кеңінен  пайдалану  маңызды.  Практикалық  жұмыстар,  көргезбелерді 
ұйымдастырумен байланысты тапсырмалар  да үлгі ретінде қаралуы мүмкін. 
Оқытушы оларға өзіндегі қолданбаларды есептей отырып, жөндеулер енгізуі 
мүмкін.  Көп  жағдайда  ұсынылып  жатқан  ауызша  жаттығудың  материалын 
оқытушы түрлі тәсілдер арқылы беруі, ал кейде топтың дайындығына қарап, 
ауыстыруы да мүмкін. Оқытушы ұсынып жатқан дидактикалық ойындарға да 
шығармашылық  тұрғыдан  жанасуы  қажет.  Мұнда  ойындарды  өткізуде 
пайдаланылатын, әрбір жаттығудың анық шарттарын есепке ала отырып, өзі 
ойындарды пайдалану мүмкін.  
 
Дайындық топтарда математиканы үйрету методикасы 
 
Балалар  бақшасының  дайындық  тобы  аптасына  екі,  жылына  72-74 
жаттығу өткізуді жоспарлайды. 
Жаттығулар  сентябрь  айынан  бастап,  май  айының  соңына  дейін  әрбірі 
25-30 минуттан өткізіледі. 
Жаттығуларда  дидактикалық  ойындарды,  көрнекі  материалдарды  кең 
түрде пайдаланады. 
Балалар  жаттығуларға  қызығып  қатысулары  үшін  тәрбиеші  төмендегі 
талаптарға мойынсұнуы тиіс: 
1. Бағдарлама материалдарын жақсы меңгеруі. 
2.Тыңғылықты материал (ұсынатын және үлестірме) дайындау. 
3.Балалардың  қызметін  өзгертіп  тұруға  және  олардың  қызығуларына 
көңіл бөлу. 
4.Жаттығудың арасында қозғалыс ойындарын өткізуде жоспарлау. 
5.Жаттығу  барысында  балалардың  еркін  қорытынды  жасауына  қол 
жеткізу. 
6. Балалардың әр түрлі жауаптарын ынталандыру. 
 
Бағдарламаның материалын жаттығуларда бөлуде балалардың білімі мен 
дағдыларына, олардың дайындығына көңіл бөлу қажет.  
Арнаулы  терминдерді  дұрыс  қолдану  үлкен  маңызға  ие.  Мысалы,  сан 
және цифрларды араластырмау қажет. 


 
22 
“Қайсы  сан  үлкен,  қайсысы  кіші”  деп  сұрайды  (қайсы  цифр  үлкен  деп 
сұрау мүмкін емес). 
Жаттығуда  барлық  балалардың  белсенді  қатысуы  үшін  әрбір  баланың 
алдында үлестірмелі қағаздармен қоса көрнекіліктер тұруы ұсынылады. 
Мұнда барлық балалар достарының жауаптарын мұқият тыңдауға әрекет 
етеді,  тәртіп  бұзылмайды,  сонымен  қатар  балалардың  тест  сынақтарына 
дайындығы да есепке алынуы керек. 
 
0 ден 9 дейінгі цифрлармен таныстыру 
 
Цифр  —  санның  шартты  белгісі.  Балаларға  санды  түсіндіруде  цифр 
қосымша, көмекші басқыш болып табылады. 
Балаларды  цифрларды  жазуға  үйретілмейді,  тек  баспа  түріндегі 
көрінісімен  таныстырады.  Балалар  әрбір  цифр  қайсы  санның  белгісі  екенін 
білуі тиіс.  
Бәрі болып, 10 цифр бар: 
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.  10  цифры  жоқ.  10  саны  екі  цифр:  1  және  0  мен 
белгіленеді. Бір жаттығуда бір немесе екі цифрмен таныстыру мүмкін. 
Мысалы  “1”  цифрмен  таныстыруда  тәрбиеші  санақ  карточкасына  бір 
ойыншық қойып, оның алдына 1 шеңберлі карточканы қояды. 
2  баланы  шығарып,  біреуіне  бір  рет  секіруді,  ал  екіншісіне  бір  рет 
столды  тықылдатуды  айтады.  Балалар  санап,  барлығы  біреуден  деген 
қорытынды жасайды. 
Кейін “1” цифырын көрсетіп, бұл санды көрсететін шартты белгі болып 
табылады,  әрбір  сан  өзінің  белгісіне  ие  деп  түсіндіріледі.  Балалар  бақшасы 
мен  бастауыш  сыныптың  арасындағы  үздіксіздік  бірін-бірі  толықтырып 
тұрады. 
Балалар  үсті-үстіне,  асты-астына  теріп  қою,  санау  арқылы  жиндардың 
тең немесе теңсіздігін анықтайды. 
Теңдік  —  теңсіздік  қатынастарын  анықтауда  белгілері  символдарынан 
пайдаланады. 
Қай  қатарда  көбірек,  қай  қатарда  кемірек?  5  саны  6  дан  кем  5<6, 
теңсіздіктен теңдік шығару үшін не істеу қажет, деп сұрайды. 
1  қосып  теңдік  пайда  етеді  және  1  ді  азайтып  тең  жазу  жолы 
түсінтіріледі. 6=6... 
 
Бақылау үшін сұрақтар 
1.  Элементар  математикалық  ойды  қалыптастыруға  тиісті  жаттығудың 
бөлігін жасап шығарыңыз. 
2.  Элементар  математикалық  ойды  қалыптастыруға  тиісті  жаңа 
технология енгізуді негіздеңіз. 
3. 
Элементар 
математикалық 
ойды 
қалыптастыруға 
тиісті 
көрнекіліктердің жиынын жасаңыз.  
4.  Балалардың  ауызша  сөйлеуін  дамытатын  элементар  математикалық 
ойды қалыптастыруға алып келетін ойын жаттығулардың үлгісін жасаңыз. 


 
23 
6-§. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың методтары 
 
Арифметикалық материал курстың негізгі мазмұнын құрайды. Бастауыш 
курстың  негізгі  өзегі  натурал  сандар  мен  негізгі  өлшемдердің 
арифметикасынан тұрады. Бұдан тыс, бұл курста геометрия мен алгебраның 
негізгі сипаттамалары бірігеді. V-XI сыныпта оқытылатын математиканың ең 
негізгі  және  оқушылардың  жасына  сәйкес  келетін  элементар  сипаттамалар 
беріледі. Жоғары сыныптарда осы сипаттамалар кеңінен, тереңдетілген және 
байытылған  түрде  оқытылады.  Демек,  бастауыш  сынып  математикасының 
мазмұнын  да  белгілейді.  Бастауыш  математикасының  құрылымы  өзіне  тән 
ерекшеліктерге ие:  
1.  Арифметикалық  материал  курстың  негізгі  мазмұнын  құрайды.  Ол 
натурал  сандардың  арифметикасы,  негізгі  мөлшерлер,  алгебра  және 
геометрияның элементар материалымен қосып оқытылады.  
2.  Бастауыш  сыныптың  материалы  концентриялық  түрде  түзілген. 
Мысалы,  алдынмен  I  ондықты  номерлеу  оқытылса,  кейін  100  ішінде 
номерлеу  және  арифметикалық  амалдар  орындауды  оқытылады.  Одан  соң 
1000-ның  ішінде  номелеу  және  арифметикалық  амалдарды  орындауды  және 
көп таңбалы сандардың ішінде орындау оқытылды. 
Бұларды  оқытумен  қатар  номерлеу,  көлемдер,  бөлшектер,  алгебралық 
және геометриялық материалдар қосып оқытылады.  
3.  Теориялық  және  практикалық  мәселелер  өзара  байланысты 
сипаттамаға ие.  
4.  Математикалық  түсінік,  қасиет,  заңдылық  қатынастарды  ашу 
курсында өзара байланысқан. 
5. Әрбір түсінік дамытылған түрде беріледі. 
Мысалы 
арифметикалық 
амалдарды 
оқытудан 
арифметикалық 
амалдардың нақты маңызы ашылады, одан кейін амалдың қасиеттері, сосын 
компоненттерінің  арасындағы  байланыс,  амалдың  нәтижесі,  соңында 
амалдардың арасындағы байланыс беріледі. 
6.  Негізгі түсініктер мен нәтижелік түсініктер өзара қатынаста берілген. 
Мысалы, қосу негізінде көбейту шығарылған. 
Байланыс  математика  курсы  өзінің  түзілімі  бойынша  өз  ішіне  алған 
арифметикалық,  алгебралық  және  геометриялық  материалдан  тұратын 
бөліктерді  бастауыш  математика  курсында  концентриялық  орналасуы 
сақталады. 
 
Бірақ  амалдағы  бағдарламада  концентранттардың  саны  кемейтірілген: 
ондық,  жүздік,  мыңдық,  көп  таңбалы  сандар.  Мұныда  да  айта  кеткен  жөн, 
материал  солай  топтастырылған,  онда  өзара  байланысқан  түсініктер, 
амалдар, мәселелерді қарастыру уақыт жағынан жақындастырылған. 
Арифметикалық  амалдардың  қасиеттері  және  сәйкес  есептеу  тәсілдерін 
үйренумен  бір  уақытта  арифметикалық  амалдардың  нәтижелері  мен 
компоненттерінің  арасындағы  байланыстар  ашып  беріледі.  (Мысалы,  егер 
қосындыдан қосылғыштардың бірі айырса, екінші қосылғыш пайда болады.) 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау