Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жылдың 1 маусымына дейін атқарылған жұмыстары туралы анықтама
Аудандық жұмыспен қамту бөлімі қала, ауыл әкімшіліктерімен және мекеме басшыларымен бірлесе отырып жұмыстар атқарады. Ағымдағы жылдың басынан жұмыс іздеуші ретінде 717 адам тіркелген, оның ішінде жұмыссыз статусын алғандар 374.
Олардың 330 -ы жұмысқа орналастырылып, сәйкесінше жұмысқа орналастыру деңгейі 46,7 % құрады.
2017 жылдың 01 маусымына жұмыссыздар саны 159-ды құрап, жұмыссыздардың экономикалық белсенді халықтың ішіндегі үлес салмағы 0,9 %- болды.
2017 жылдың басынан жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны 171-ді құрады. Ашылған жұмыс орындарының 17-і көтерме және бөлшек сауда, 76-і мал шаруашылығы, 14 жұмыс орыны білім саласы бойынша (бала-бақша), денсаулық сақтау саласы бойынша- 1, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша -14 жұмыс орындары және 48 мезгілдік жұмыс орындары құрылды.
Жастар іс-тәжірибесінен өтуге 2017 жылға 6432,0 мың теңге бөлінді, жыл басынан 22 жұмыссыз жас маман жастар іс-тәжірибесіне жіберіліп, 1891,0 мың теңге игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 4396,0 мың теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 01 маусымына 15 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 1468,0 мың теңгесі игерілді.
«Жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары - жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға негізінен тазалық, көркейту, көгалдандыру, ағымдағы жөндеу жұмыстарына жіберу қарастырылған.
Жұмыспен қамту бөлімі арқылы ағымдағы жыл басынан 233 адам қоғамдық жұмысқа жіберіліп, бөлінген 26598,0 мың теңге қаражаттың 8269,0 мың теңгесі игерілді.
Үстіміздегі жылдың 5 айында 34 отбасының 126 алушысына 3626,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек және 309 отбасының 888 баласына 8947,3 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді.
Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін 2017 жылдың 5 айында 52 отбасына 1789,3 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.
Аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж 62 адамға 1075,0 мың теңге материалдық көмек төленді.
2017 жылғы туберкулезге шалдыққан адамдарға 769,3 мың теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.
Халықаралық 8 наурыз мерекесі мен 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған Батыр аналарға, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар 1540 анаға 15400,0 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді.
Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 1 студентке 2886,0 мың теңге төленді
Ауданда бүгінгі күнге барлығы 1559 мүгедек адам бар, оның ішінде І-ІІ топ мүгедектері- 904 адам, 3 топ мүгедектері -519 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-118 және 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедектер 18.
Аудан бойынша 107 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бар. 2017 жылы бекітілген жоспар бойынша 16 объектілерге түгендеу (паспорттау), 11 әкімшілік нысандарға бейімдеу , қайта бейімдеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні бейімделуге жататын 11 объектінің барлығына нұсқаулығымен қоса ұсыныс хаттар жолданған. 2017 жылдың соңына дейін бейімделетін объектілер жұмысын аяқтайды деп жоспарлануда.
2017 жылдың 5 айында «Мойылды» сауықтыру орнына 9 мүгедек жіберілді. Жыл басынан «Уба» демалу-сауықтыру орнында 80 зейнеткер емделіп тынықты.
2017 жылдың 01 маусымына «Өрлеу» пилоттық жобасына кіргендердің саны 126 жанұя, оның 521 алушысы бар. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны - 64 адам, балалар жәрдемақысын алушылар саны -437 адам бірінші рет кірген адамдар-20 болы.
Осы ШАК алушыларға жергілікті бюджеттен 10575,0 мың тенге, республикалық бюджеттен 11860,0 мың теңге төленді.
Аудан бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасына 2016-2017жылдары қатысқан 63 отбасы қала, ауылдық округтің тұрғындары өздерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсарту мақсатында алған шартты ақшалай көмектің ақшасына: жылқы - 2бас, сиыр -87бас, тайынша -23бас, құнажын – 3 бас, бұзау-4бас, қой - 17бас, ешкі -10бас малдарын сатып алды.
Көп балалы ана «Өрлеу» бағдарламасына қатысып шартты ақшалай көмектің ақшасына жеміс –жидек сататын орын ашып, отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартты және осы сияқты 2 отбасы жеміс – жидек сататын орын ашып сауда жасауда. Жалғыз басты ана «Өрлеу» жобасына қатысып қазір ашық базардан киім-кешек сататын орын ашты.
Сартерек ауылдық округіне қарасты жас отбасы ауылдан 68 –бас, бөдене қаздарын өсіру үшін инкубатор сатып алып бөдене және қаз өсірумен айналысып келешекте бөдене мен қазды көбейтуді көздеп отыр.
Осы жанұялар «Өрлеуге» кіргеннен кейін тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналастырылды. 147 адам тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналастырылды 3 адам ақылы қоғамдық жұмыс атқарады.Осы жұмысқа орналастырылған адамдардың барлығының 10% зейнетақы қорына аударған жарналары бар.
Балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде 2017 жылы 125 қызмет алушы бар. Стандартқа сай қызмет алушыларға 8 түрлі арнаулы қызмет түрлері көрсетіледі. Бөлімше жоспарға сәйкес, аудандық коррекциялық кабинет, мүгедектер қоғамы, аудандық аурухана, Ақсуат ауданаралық ПМПК, облыстық медициналық әлеуметтік сараптама мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Қазақстан-Ресей медициналық университетінің бастамасымен мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға білікті мамандар психологиялық көмек және кеңес беру үшін скайп бағдарламасы бойынша «Онлайн» қолдау қызметін көрсетеді. Қызметтің негізгі міндеті мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасыларға психологиялық денсаулық қалыптастыру болып табылады.
2017жылдың наурыз айынан бастап «Әлеуметтік қызметкерлер ассоциация» бірлестігі ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі БҰҰ-ның қолдауымен «Әлеуметтік қызметкерлердің және жеке көмекшілердің біліктілігін арттыру» мақсатында ұйымдастырылған курсқа әлеуметтік қызметкерлер барып кесте бойынша оқып жатыр.
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы шешімі негізінде аудан бойынша 36 мүгедек балаға үйден оқығаны үшін 5 айға 1543,0 тенге жәрдемақы төленді.
22-наурыз мейрамында бөлім орталық алаңда киіз үй тігіп, қызметкерлер ұлттық киім киіп, халыққа Наурыз көже таратты.
2017 жылдың 29,30-мамыр күндері «Зайсан жастары мүгедек жастар қоғамы» ұйымдастыруымен Бәйтерек сауықтыру орнына бөлімше қарамағындағы 7 қызмет алушы барып демалып қайтты.
2017 жылдың 1-маусымы «Балаларды қорғау күні» мерекесінде орталық алаңда ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға бөлімше қарамағындағы қызмет алушыларда қатысып, 125 мүгедек балаға аудан әкімінің сыйлықтары табысталды.
2017 жылдың 16-маусым күні орталық алаңда аудандық Жастар ұйымы «Алтыбақан» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, бөлімше қарамағындағы қызмет алушы Бауыржанов Әлижанға күрделі жетек арба және Саятұлы Бекзатқа 87,0 теңге қаржылай көмек табыс етті.
2017 жылдың 19-маусым күні аудандық «Сырласу» клубындағы зейнеткер ұстаздар бөлімше қарамағындағы аз қамтылған 4 отбасына 5мың теңгеден 20,0 мың теңге қаржылай қайырымдылық көмек берді.
Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қарамағында 2017 жылы 104 қарт пен мүгедек жандар бар. Оларға 18 әлеуметтік қызметкер мемлекеттік стандартқа сай арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін үй жағдайларында көрсетіп келеді.
Бөлімше қарамағындағы қызмет алушылардың күнделікті тыныс-тіршілігі бөлімше қызметкерлері тарапынан күнделікті қадағалануда. Қарттардың алыс-жақындағы туыстарына хат жазу, ас әзірлеуге көмектесу, пеш жағу, отын, көмір және су әкеліп беру, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу, үйге дәрігер шақыру, әңгімелесу, тыңдау, дем беру, мерекелер мен тынығу іс-шараларына қатыстыру сияқты әлеуметтік қызмет түрлері күнделікті көрсетіліп келеді.
Қарт адамдарға құрмет көрсету ежелден келе жатқан ұлттық тағлым болғандықтан, біздің ауданымызда да қарияларды құрметтеу өз дәрежесінде жүргізілуде. 1-наурыз «Алғыс айту» мерекесіне орай аудан ардагерлері арасында «Бата беру» конкурсы, Семей ядролық полигонының жабылуына орай «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.Аналарды ардақтап, аталарды қастерлеп әр мерекеде құрметтеу аудан әкімі тарапынан үнемі басты назарда. 8- Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай бөлімше қарамағындағы 74 жалғызбасты қарт және мүгедек аналарға аудан әкімінің мерекелік бағалы сыйлықтары табысталды. 100 еңбек ардагерлері мен батыр аналарды аудан әкімі құттықтап, қонақасы берілді.
Аналар мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік қойылымды тамашалап, Зайсан жастары мүгедек жастардың қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мерекелік дастарханға шақырылды.
9-мамырда Ұлы Отан соғысының 72-жылдығына орай өткен мерекелік іс-шаралар мен шеруге аудандағы соғыс және тыл ардагерлері қатысып, ардагерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған мекеме, кәсіпорындар тарапынан болған қайырымдылық көмектерін алды, 50 адамға мереке күні аудан әкімі тарапынан «Түрікофисінде » қонақасы берілді.
Ұлы Отан соғысының 72 жылдығына орай облыс орталығында өткен мерекелік шараларға аудан бойынша 2 ардагер апарылып, облыс әкімінің кездесуінде болып, ақшалай сертификат алып қайтты.
Аудандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектептен «Тимуршылар командасы» барып, көмек көрсетіп тұрады. 1097,0 мың теңгеге қарттарға аудандық «Достық» газетіне және облыстық «Дидар» газеттеріне тегін жазылдыруға ықпал жасадық.
Басшы Л.Дуйсенова
Достарыңызбен бөлісу: |