Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет3/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

 

машинасы  қанша  болса,  бір  қатардағы  сонша  торкөзді  боя,  суретте  автобус 
қанша болса, екінші қатардағы сонша торкөзді бояп шық». 
Мұндай тапсырмаларды орындау оқушыларды көрсетілген жиындардың 
элементтерінің арасында өзара бір мәнді сәйкестік орнатуға үндейді, ал, бұл 
натурал санның түсінігін қалыптастыруда маңызды орынға ие. 
       МОМ  (математиканы  оқыту  методикасы)  жалпы  математика 
методикасына  байланысты.  Жалпы  математика  методикасында  белгіленген 
заңдылықтар кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып 
жасалады. 
Бастауыш  сынып  МОМ  педагогика  және  жаңа  педагогокалық 
технология  пәндерімен  тығыз  байланыста  болып,  оның  заңдылықтарына 
сүйенеді. МОМ мен педагогиканың арасында екі жақты байланыс бар. 
Бірінші  жағынан  математика  методикасы  педагогиканың  жалпы 
теориясына сүйеніп, соның негізінде қалыптасады. Бұл жағдай математиканы 
оқыту  мәселелерін  шешуде  методикалық  және  теориялық  жақындықтың  
бүтіндігін қамтамасыз етеді. 
Екінші жағынан, педагогиканың жалпы заңдылықтарын қалыптастыруда 
жеке  методикалар  жағынан  алынған  мәліметтерге  сүйенеді,  бұл  оның 
өміршеңдігі мен анық екендігін қамтамасыз етеді. 
Сөйтіп, 
педагогика 
методикалардың 
анық 
материалдарымен 
«азықтанады»,  одан  педагогиканы  жалпыландыруда  пайдаланады  және  өз 
кезегінде методикаларды істеп шығуда жол-жорық болып қызмет атқарады.  
Математика 
методикасы 
педагогика, 
психология 
және 
жас 
психологиясымен  тығыз  байланысты.  Бастауыш  сыныптың  математика 
методикасы білімнің басқа да пән методикалары (ана тілі, табиғаттану, сурет 
және басқа піндерді оқыту методикасымен) тығыз байланысты. 
Оқытушы оқыту барысында пәнаралық байланысты дұрыс жүзеге асыру 
үшін мұны есепке алуы өте маңызды. 
Ғылыми-зерттеу  методтары  –  мұндай  заңды  байланыстарды,  қарым-
қатынастарды орнату және ғылыми теорияларды жасау мақсатында ғылыми 
ақпараттарды алу әдісі болып табылады.   
Бақылау,  тәжірибе,  мектеп  құжаттарымен  танысу,  оқушылардың 
жұмыстарын  үйрену,  сұхбат  пен  анкеталар  өткізу  ғылыми-педагогикалық 
зерттеу методтарының құрамына жатады.  
Кейінгі  уақытта  математикалық  және  педагогикалық  методтардан, 
сондай-ақ,  математиканы  оқытуда  моделдеу  методтарынан  пайдалану 
енгізілуде. 
Математика  методикасы  білім  үдерісімен  байланыста  болған  төмендегі 
үш сұраққа жауап береді: 
1.  Не үшін математиканы үйрену керек? 
2.  Математикадан нені үйрену керек? 
3.  Математиканы қалай үйрену керек? 
Математика  методикасы  туралы  түсінік  алғаш  швейцариялық  педагог, 
математик 
Г.Песталоцидің 
1803 
жылы 
жарық 
көрген 
«Санды 
көрнекіліктермен үйрену» еңбегінде баяндалған. Бастауыш білім туралы ұлы 


 

ғұламалар Әбу Райхан Беруни, Әбу Әли Ибн Сина тағы басқалар білім мен 
тәрбие  жайлы  өз  пікірлерінде  бастауыш  білімнің  негіздерін  үйрену 
проблемалары туралы өз кезеңінің үздік идеяларын алға сүрген.  
МОМ  өзінің  жасалу  ерекшелігіне  орай  шартты  түрде  үш  тарауға 
бөлінеді: 
1.Математиканы оқытудың жалпы методикасы. 
Бұл  тарауда  математика  пәнінің  мақсаты,  мазмұны,  методологиялық 
қалыбы,  методтары  мен  құралдарының  методикалық  жүйесі  педагогикалық, 
психологиялық  заңдар  және  дидактикалық  принциптер  негізінде  ашып 
беріледі.  
2.Математиканы оқытудың арнаулы методикасы. 
Бұл  тарауда  математиканы  оқытудың  жалпы  методикасының  заңдары 
мен  қағидаларын  анық  тақырып  материалдарына  енгізудің  жолдары 
көрсетіледі. 
3.Математиканы оқытудың тиянақты методикасы. 
Бұл тарау екі бөлімнен тұрады: 
а) Жалпы методиканың жеке мәселелері. 
б) Арнаулы методиканың жеке мәселелері. 
Бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқыту  методикасы  бүкіл 
педагогикалық 
зерттеулерде 
педагогикалық 
технология, 
ақпарат 
технологияларының 
жетістіктерінде 
қолданылатын 
методтардан 
пайдаланады. 
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, оның теориялық негіздері 
мен  принциптерін  істеп  шығу,  елес  жасау,  бастауыш  сыныптарда 
математиканы оқыту методикасының қалыптасуында негізгі кезеңдер болып 
есептеледі. 
 
Бақылау үшін сұрақтар 
 1.  Бастауыш    сынып  математикасы  методикасының  предметі  неден 
тұрады? 
2.  Математика  методикасының  педагогика  және  психология, 
педагогикалық технологиямен байланысы неден тұрады?  
3.  Математика  методикасы  бастауыш  білімнің  басқа  да  методтармен 
байланысын жүзеге асырудағы пәнаралық байланысының маңызы неде?  
 
3-§.  Бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқыту  методикасы  оқу 
предметі ретінде 
Математика  оқыту  методикасы  ең  алдымен  кіші  жастағы  оқушыларды 
жалпы жүйеде оқыту мен тәрбиелеу міндетін қояды. 
Жалы  методика  бастауыш  сынып  математикасының  мазмұны  мен 
жүйелілігін  көрсетеді,  әрбір  бөлімді  оқытудың  өзіне  тән  методтарын 
үйретеді. 
Жеке  методика  математиканы  оқытудың  негізделген  методтарын  және 
оқытудың  формаларын,  сондай-ақ,  оқу  қызметін  ұйымдастыру  жолдарын 
ашып  береді.  Оқыту  мен  тәрбиелеудің  бір-бірімен  тығыз  байланыстылығы 


 
10 
белгілі.  Бұл  методика  оқытуды  тәрбиелеумен    бірге  жүргізу  жолдарын 
үйретеді. 
 Бастауыш 
сыныпта  математиканы  оқыту  методикасы  бірнеше 
пәндермен байланысқан: 
1)  оқытудың негізі болған математикамен; 
2) педагогика;   
3) психология; 
4) басқа да оқыту методикаларымен (ана тілі, еңбек...). 
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту курсы оқу предметіне айналған. 
Бастауыш  сыныпта  математиканы  оқыту  методикасының  оқыту 
міндеттері: 
а) тәлім-тәрбиелік және практикалық міндеттерді жүзеге асыру; 
б) теориялық білімдер жүйесін үйрену процессін ашып беру; 
в)оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдарын үйрету; 
г) білімді адамиландыру; 
д)  математиканы  оқыту  барысында  адамды  еңбексүйгіштікке,  өзінің 
қадір-қасиеті, бір-бірін құрметтеу тәрізді қасиеттерді тәрбиелеуді көрсету; 
е) оқыту методикасы I-IV сынып математикасының жалғасы болған V-VI 
сынып математикасының мазмұнымен байланыстырып оқытудан тұрады. 
Бастауыш  математика  курсының  міндеті  мектептің  алдына  қойылған 
“оқушыларға  пән  негіздерінен  терең  білім  беруде  жаңа  технологияны 
пайдалану,  оларға  қазіргі  заман  әлеуметтік-экономикалық  білімдерді  беру, 
кәсіпке,  өнерге  қызықтыру,  саналы  түрде  кәсіп  таңдауға  үйрету”  сияқты 
міндеттерді шешуде жәрдем беруден тұрады. 
Сөйтіп,  кез  келген  басқа  оқу  пәні  сияқты  математиканың  бастауыш 
курсын оқытудың мақсаты төмендегідей үш жолмен белгіленеді: 
 
1.  Математиканы оқытудың жалпы білімділік мақсаты; 
2.  Математиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты; 
3.  Математиканы оқытудың практикалық мақсаты. 
Математиканы  оқытудың  жалпы  білімділік  мақсаты  өзінің  алдына 
төмендегі міндеттерді жүктейді: 
а)  оқушыларға  белгілі  бағдарлама  негізінде  математикалық  білім  беру. 
Бұл  білім  математика  пәні  туралы  оқушыларға  жеткілікті  мәлімет  беру, 
оларды  математика  пәнінің  жоғары  бөлімдерін  үйренуге  дайындау  қажет. 
Бұдан  тыс,  бағдарлама  негізінде  оқушылар  оқу  барысында  алған  білімдерін 
сенімді екенін тексеруді және бақылаудың негізгі методтарын үйренуі тиіс; 
б)  оқушылардың  ауызша  және  жазбаша  математикалық  білімдерін 
құрастыру қажет болады. 
Математиканы  үйрену  оқушылардың  өз  ана  тілінде  сөйлеу  мәдениетін 
дұрыс  қалыптастыру,  өз  пікірін  нақты  баяндау  дағдыларын  игеруге 
көмектесуі тиіс; 
в)  оқушыларды  математикалық  заңдылықтар  арқылы  шындықты  білуге 
үйрету. 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау