Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


4.  Төртінші  сипаттама  жекелеген  мұғалімдермен  тығыз  қарым-қатынас



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет50/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126

110
4.  Төртінші  сипаттама  жекелеген  мұғалімдермен  тығыз 
қарым-қатынас  құруға 
негізделеді, бұл арқылы олар бір-бірін оқытып, өзара білім алады.
Ынтымақтастық және алқаластық
Мұғалімнің  көшбасшылығы  жеке  дамуға  ғана  бағытталмаған.  Оның  негізгі  міндеті 
әріптестеріне  жаңа  идеяларды  сынақтан  өткізуге  және  өздеріне  басшы  рөлдерін  алуға 
ынталандыруға  көмектесуге  негізделеді.  Ынтымақтастық  мұғалім  көшбасшылығының 
«жүрегі»  болып  табылады,  өйткені  көшбасшылық  ұжым  болып  енгізілетін  өзгерістерге 
негізделеді.  Мұғалімнің  көшбасшылығы  иерархиялық  бақылаудан  өзара  бақылауға  көшіп, 
мектеп  ішіндегі  билікті  қайта  бөлуге  негізделеді.  Мұғалімнің  көшбасшылығы  анағұрлым 
тиімді болу үшін оның барысында өзара сенімділік пен қолдау көрсету орын алуға тиіс. 
Көшбасшылыққа  деген  осы  көзқарас  иерархиялық  емес,  федералдық  болып  отыр.  Бұл 
көзқарас әрі кең, әрі шектеулі: ол құндылықтар тұрғысынан шектелгенімен, эксперимент жасау 
және тарихи болжамдарға күмәндану құқығы тұрғысынан кең болып келеді.
Мектеп  көшбасшылары  төмендегідей  қызмет  түрлері  арқылы  мұғалімдерге  шешім 
қабылдауға қатысып, мектептің дамуын басқаруға мүмкіндік береді:
•  мектеп аясында жауапкершілік алу мен басқару құқығын кеңінен бөлу;
•  мұғалімдер арасында шешім қабылдау құқығын бөлу;
•  мұғалімдерге шешім қабылдау үшін өз комитеттерін құруға рұқсат беру;
•  мұғалімдер ұжымының пікірін назарға алу;
•  топ болып кеңесу арқылы проблемалардың тиімді шешімін қабылдауды қамтамасыз 
ету;
•  мұғалімдерге өзін-өзі басқару құқығын беру;
•  мұғалімдерде бірлесіп жоспарлауға уақыт болуы үшін жұмыс жағдайын өзгерту;
•  мектептегі  жаңа  бастамаларға  қатысты  шешім  қабылдауға  толыққанды  тартуды 
қамтамасыз ету;
•  мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін мүмкіндік тудыру.
3. Мұғалім көшбасшылығының артықшылықтары 
Мектеп тиімділігін арттыру 
Мұғалімдер  арасындағы  ынтымақтастық  –  бұл  мектепті  жетілдіру  мен  өзгертудің 
қажетті  серігі  және  оның  тиімділігін  арттырушы  фактор  екендігі  анықталған.  Мұғалім 
көшбасшылығының негізіндегі жалпы мақсаттар мен құндылықтар да тиімді мектептерді құру 
үшін елеулі және маңызды шарт болып табылады. 
Мұғалімдердің тиімділігін арттыру
Зерттеу тиімді мектептердің оқыту мен оқу үдерісіне үлкен мән беріп, мұғалімдердің дамуына 
арнайы  уақыт  бөлетінін  көрсетті.  Мектеп  сипаттамаларының  ішінен  оқытуға  қатыстылары 
тәжірибе жолымен алынады. Бұл факторлар балаларға анағұрлым жақын, сондықтан оқушылар 
оларды  бірден  сезінеді  (яғни  мұғалімнің  сыныптағы  мінез-құлқы)  және  олардың  үлгеріміне 
әсер етеді. Мұғалімдердің көшбасшылығы бірқатар тәсілдермен олардың тиімділігін арттыра 
алады. Үздіксіз оқуға және оқытуды жетілдіруге ерекше назар аудару жекелеген мұғалімдердің 
жұмыс  сапасын  жақсартуы  мүмкін,  ал  сонымен  бірге  әріптестермен  пайдалы  тәжірибе 
алмасуға баса көңіл бөлу мектептегі барлық мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруы мүмкін. 
Мұғалімдерге  жүктелген  үлкен  жауапкершілікпен  қатар  олардың  құзыреттілігі  мен  сенімін 
арттыру мұғалімдерді өз еркімен тәуекелге барып, оқыту тиімділігінің деңгейіне тікелей әсер 
ететін оқытудың инновациялық әдістерін ұсынуға мәжбүр етеді.
Мұғалімдерге  көшбасшылық  арқылы  өкілеттік  берілсе,  олардың  өзінің  күшіне  деген 
сенімі  арта  түседі.  Мұғалімдердің  келешектегі  бағасы  оқушылардың  жетістіктеріне  тікелей 
байланысты, демек өз-өзінің тиімділігін көтеру көшбасшылықтың маңызды факторы болып 
табылады. 


111
Мектепті жетілдіруге ықпал ету 
Бір  ұжым  болып  жұмыс  істеу  арқылы  басқа  мұғалімдер  қолдаған  жағдайда  мұғалімнің 
жұмысы аса тиімді болмақ. Мектепті жақсарту мүмкіндіктерін дамыту негізінде алқалы қарым-
қатынастар  және  ұжымдық  тәжірибе  жатыр.  Күн  сайын  бірге  жұмыс  істейтін  адамдардың 
арасындағы  қарым-қатынас  деңгейі  бұл  ұйымның  ахуалының  ең  жақсы  көрсеткіші  болып 
табылатыны дәлелдеген. 
Бұл  тәсіл  ынтымақтастық,  жәрдемдесу  және  бірлесіп  жұмыс  істеуге  негізделген  кәсіби 
даму мен оқыту нысанын көздейді. Бұл мектепке мұғалімдер мен оқушылар бірлесіп оқитын 
оқу қоғамдастығы ретінде қарау дегенді білдіреді.
4. Мұғалім көшбасшылығы жолындағы кедергілер 
Ұйымдастырушылық кедергілер 
Көшбасшылық жекелеген мұғалімдер үшін және тұтастай алғанда мектеп үшін пайдалы. 
Бірақ  мектептерде  мұғалімнің  нағыз  көшбасшылығын  орнату  үшін  еңсеруге  тура  келетін 
көптеген кедергілер кездеседі. Мұғалімнің көшбасшылығы жолындағы негізгі тосқауылдардың 
бірі  көптеген  мектептерде  әлі  күнге  дейін  басым  болып  отырған  басқарудың  иерархиялық 
моделіне қатысты құрылымдық тосқауыл болып отыр. 
Мұғалімнің  көшбасшылығы  басқаруда  барынша  автономиялық  тәсілдің  қолданылуын 
талап ете отырып, әрі жалпы шешім қабылдау үдерісін қажет етеді. 
Кәсіптік кедергілер 
Өздеріне  көшбасшылықты  алатын  мұғалімдер  кейбір  жағдайларда  әріптестерінің 
тарапынан қуғынға ұшырауы мүмкін. Зерттеу деректері әріптестердің мықты ынтымақтастығы 
мұғалімдердің көшбасшылығын қолдау үшін басты негіз болатындығын дәлелдеп отыр. 
5. Мұғалімнің көшбасшылығын құру және қолдау
Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуда басшылар мен директорлар басты рөл атқарады. 
Сондықтан мектепте мұғалімдердің көшбасшылығын белгілеудің бірқатар маңызды өлшемдері 
бар. Біріншіден, кәсіби дамытуға және бірлескен жұмысқа уақыт бөлу керек. Бірлесіп жоспар 
жасауға,  мұғалімдердің  қоғамдастықтарын  құруға  және  қадағалаушы  ретінде  сыныптарға 
баруға уақыт табу өте маңызды.
екіншіден көшбасшы-мұғалімдерге өз әлеуеттерін толыққанды ашып, үздіксіз кәсіби өсу 
үшін мүмкіндік берілуге тиіс. 
Мұғалімдер  көшбасшылығының  жетістігі  немесе  сәтсіздігі  адами  факторларға  және 
мектептің  басқа  мұғалімдерімен,  басшыларымен  қарым-қатынас  деңгейіне  тәуелді  болады. 
Демек  көшбасшы-мұғалімдерде  өздерінің  әріптестеріне  әсер  ету  және  кейбір  жағдайларда 
мұғалімдер  тарапынан  өзінің  абырой-беделіне  қауіп  сезінуі  мүмкін  мектеп  басшылығы 
арасында нәтижелі қарым-қатынасты дамыту қабілетінің болуы аса маңызды болып табылады. 
Көшбасшы-мұғалімдерге деген өшпенділік әрекетсіздік, аса сескенушілік және тұрақсыздық 
сияқты факторлар арқылы туындауы мүмкін. Осы қиындықтарды оқыту мен оқу тәжірибесіне 
өзгеріс енгізуді және мұғалімнің көшбасшылығын ынталандыратын мектеп мәдениетін дамыту 
және  көшбасшы-мұғалімде  адамдармен  қатым-қатынас  жасау  дағдыларының  жетік  болуы 
арқылы жеңуге болады.
Көшбасшы-мұғалімдерді  дайындаудың  үшінші  өлшемі  –  бұл  көшбасшы-мұғалімдерді 
адамдармен қатым-қатынас жасаудың тиімді дағдыларымен қамтамасыз ету қажеттігі. Бұндай 
дағдылардың негізгі 5 тобы анықталған:
•  әріптестер арасында сенімділік пен өзара түсіністікті дамыту;
•   деректер жинау арқылы ұйымдастырушылық диагностика жүргізу қабілеті;
•  өзгеріс енгізу үдерісін түсіну және оларды басқару;
•  ортақ мақсатқа қол жеткізу жолында ресурсты (адамдарды, жабдықтарды) тиімді пай-
далана білу;


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау