102
құру идеясы моральдық құндылыққа негізделу қажеттілігін көрсетті – кәсіби қоғамдастықтың
құрамындағы барлық мектептерде бірлесіп жұмыс атқарсақ, балаларға барынша терең білім
береміз деген сенім болуға тиіс.
Тиімді білім алушылар қоғамдастықтарының ешбір шаблоны болған емес. Олардың
құрылымы өздері кіретін мектептердің саясатына және оқушыларының қажеттіліктеріне
сәйкес келуге тиіс. Білім алушылар қоғамдастықтарына жат құбылыстар бар. Оларды ерекше
айтуға болмайды, шын мәнінде олар сан алуан өмірге негізделеді және мезгіл-мезгіл жиналып
тұратын директорлар топтары деген сөз емес.
Білім алушылар қоғамдастықтары көлемі жағынан әртүрлі болуы мүмкін, бірақ әдетте
кәсіби қоғамдастыққа кіретін мектептер саны басқаруға келетін деңгейден аспайды. Көптеген
білім алушылар қоғамдастықтары бір жерде орналасқан мектептерді біріктіреді. Кәсіби
қоғамдастықтағы мектептер типі әдетте оларды біріктіретін себептерге тәуелді болады.
Мектептен мектепке ауысуға байланысты проблемаларды шешу үшін орта мектеп бастауыш
мектеппен бірігуі мүмкін. Оқшауланып қалмау үшін ауылдағы шағын мектептер тобы бірлесіп
жұмыс істеуі мүмкін және өз ресурстарын біріктіре алады. Сондай-ақ оқу бағдарламасының
белгілі бір саласында кәсіптік дағдыларды дамыту ынтымақтастыққа баруға ықпал ететін
орнықты дәлел бола алады. Кедергісіз ауысуға мүмкіндіктің пайда болуы басқа мектептердегі
мұғалімдер мен оқушылардың жұмысын біршама жеңілдетеді.
Басқа мектептердің тәжірибесін алуға немесе өзгелердің жиі кездесетін ұқсас проблемаларды
қалай шешіп отырғанын білуге ұмтылу кәсіби қоғамдастыққа серіктес-мектептерді іздестіруге
түрткі болуы мүмкін, бірақ тиісті құрылымды анықтау кезінде географиялық фактор,
мектептердің ортақ талаптары мен мақсаттары шешуші рөл атқаруға тиіс.
Тиімді кәсіби қоғамдастықтың ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылады. Бірлесіп
жұмыс істеген кезде кәсіби қоғамдастыққа қатысушылар сенімділікке негізделген қарым-
қатынас құрудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады. Кәсіби қоғамдастыққа қатысушылар бұл болашақ
оқыту үшін, өзінің мүддесінде, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтың мүддесінде инновациялық
тәсілдерді құру үшін аса қажет деп есептейді. Бастапқы кезеңдердегі іс-әрекеттер неғұрлым
көп топтардың қатысуын қамтамасыз ете отырып, ортақ мақсатты дамытуға арналуға тиіс
және жай ғана бастамашыл адамдардың шағын тобы болып қана қоймай, қарқын алып дами
беруі керек.
Тиімді мектепаралық кәсіби қоғамдастықтар ересек адамдарды оқытуда жаңа мүмкіндіктер
ұсынады. Осы орайда оқушыларды оқыту бағдары кәсіби қоғамдастық ішіндегі мектептерді
біріктіретін мақсатты айқындайтын болса, оларға ересек адамдарды тарту кәсіби қоғамдастықты
жетілдіру үшін нақты серпін бере алады. ересек адамдардың оқуы мақсатты, топтық және
ақпараттандырушы болуға тиіс. Нәтижесінде сыныпта қандай да бір заттарды басқаша
жасайтын (немесе әртүрлі заттарды жасайтын) осындай мұғалімдер мен өзге ересектердің
арқасында оқушыларды оқыту үдерісі барынша табысты болмақ.
Кәсіби қоғамдастық ішінде ересек адамдарды оқыту қатысушы мектептердің тәжірибесі
мен стратегияларын бірлесіп зерттеу арқылы жүзеге асырылады, бірақ осы орайда ересек
адамдардың кәсіби қоғамдастық ішіндегі жұмыс әдістерімен алмасуы, оларды тексеру, талдау
және қолдауға қалай мүмкіндік жасау керектігін қарастыру өте маңызды. Табысқа қол жеткізген
кәсіби қоғамдастықтар ересек адамдардың бірлесіп оқуына арналған уақыт, мүмкіндіктер мен
ресурстарды арнайы жоспарлайды.
Қоғамдастық аясындағы қызмет білім алуға және әртүрлі мектептерде жүріп жатқан
үдерістерді біліп отыруға, сондай-ақ оқыту жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мұғалімдер зерттеулерді белсенді жүргізіп, басқа мектептердегі мұғалімдердің тәжірибесіне,
үдерістеріне және олардың нәтижелеріне қызығушылық танытқан жағдайда, олар өздерінің
сараптамалық ой-өрісін жетілдіріп, тәуекелге баруға дайын болатыны бізге мәлім. Бұл
жалғыздан-жалғыз бар күшіңді салып істегеннен, бірлесіп оңтайлы жұмыс істеудің, сондай-ақ
103
бүкіл кәсіби қоғамдастықтың білімін жинақтау тәсілі, ол кәсіби қоғамдастықтағы мектептің
әрқайсысында білім алып жатқан балалардың барлығына әсер ете алады.
егер мектеп директорлары және басқа да жоғары тұрған басшылар бірлесіп оқудың
осындай үлгісін құруға әзір болса, онда кәсіби қоғамдастықтың табысты болуы әбден мүмкін.
Кәсіби қоғамдастықты дамыту кезінде жоғары тұрған басшылар оны қалай жүзеге асыра
алатынын ескеру қажет. Мүмкін жетекші мұғалімдер белсенділер тобын құрар, болмаса
мектеп директорлары кәсіби қоғамдастықтың басқа да ересек қатысушыларымен бірлесіп
іс-шараларға белсенді қатысар, мысалы, мектептер бір біріне барып, немесе кәсіптік дамыту
бойынша бірлескен іс-шаралар өткізе алады. Кәсіби қоғамдастық табысты болуы мақсатында
директорлар бірлесіп оқуға белсенді қатысу үшін өздерінің әкімшілік кездесулері мен
бағдарламаларынан тыс шыға алуы тиіс.
Қоғамдастық аясындағы көшбасшылық, команда құру және басты рөлдер
Нәтижесінде, кәсіби қоғамдастықтағы көшбасшылық басқа мектептермен жүргізілген
ынтымақтастық оларға пайда әкелетініне сенетін мектеп басшыларына байланысты. Мектеп
директоры үнемі көшбасшы бола бермейтінін мойындау маңызды. Бұл жерде басқа адамдардың
көшбасшылығына жағдай жасап, серіктестікке сенім білдіру туралы сөз болып отыр. Зерттеу
нәтижелері кәсіби қоғамдастықты ұйымдастыруда сәтті құрылған серіктестіктің оң ықпал
ететіндігінің көптеген негізгі факторлары бар екенін растады.
Сәтті серіктестік мынадай факторларға байланысты:
• серіктестік пікірлес адамдардың бірлестігі ретінде қаралуға тиіс;
• сәтті серіктестіктер директорлардың толық қолдау көрсетіп, ілтипатты болуын талап
етеді;
• серіктестіктің қызметін қадағалайтын жетекші адамның болғаны абзал;
• басқа әріптестер серіктестіктің тиімділігіне сеніп, жоспарлау үдерісіне қатысуға тиіс;
• бастапқы кезеңде серіктестік өлшемдерін айқындап, кез келген қызметті нәтижелі жо-
спарлау маңызды;
• серіктестік қағидаттары барлық қатысушыларға түсінікті болуға тиіс;
• өткен тәжірибеге қарағанда, құндылықтар аса маңызды орын алады;
• серіктестік өзара тиімді болған кезде анағұрлым сәтті болады;
• серіктестік мәдениеттің өзгеруіне алып келуі мүмкін, сондықтан әріптестер серіктестік
дамуы барысында болатын кез келген өзгеріс туралы жан-жақты хабардар болуға тиіс;
• мәлімделген мақсаттарға және өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге кепіл беру үшін
тұрақты бақылау жүзеге асырылуға тиіс;
• атқарушы билік тарапынан мектептер арасындағы ынтымақтастық идеясын қолдау
және оны ескеру аса пайдалы.
Қарым-қатынас орнату мен білімді тарату көшбасшылықтың басты міндеті болып
келеді. Көшбасшылық жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың ықпалынан тыс барлық
деңгейлерде дами алады және кәсіби қоғамдастықтың қызметіне қатыстыру арқылы болашақ
көшбасшыларды тәрбиелеуге болады деген пікір бар. Көшбасшылықты дамыту үшін бірлесіп
басқару және өкілеттіктерді беру арқылы жаңа мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі, сөйтіп
көшбасшылардың жаңа типтері пайда болады. Табысты кәсіби қоғамдастықтар топтың өзге
мүшелеріне өкілеттік беру үдерісін дамудың бастапқы кезеңдерінде-ақ жоспарлайды.
Табысты кәсіби қоғамдастықтар реформа жүргізу жөніндегі көптеген жұмыс топтарын құру
арқылы жұмыс істейді. Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжінде жүргізілген зерттеу (2006)
нәтижесінде анықталғандай, кәсіби қоғамдастықта әдетте жоспарлау және оң өзгерістерді
жүзеге асыру функцияларын іске асыратын жұмыс топтарының үш түрі құрылатын болған.
Осы командалардың әрқайсысы әртүрлі мүддені көздейтін адамдарды бір топқа біріктіріп,
Достарыңызбен бөлісу: |