119
ИСО 9001:2000 заманауи халықаралық стандарттарына сəйкестігін
қамтамасыз етуде көшбасшы рөлін алады.
Университет қызметкерлері барынша сапаны басқару қызметіне
жұмылдырылған. Өкілеттіліктерге құқық беру, жалпы мақсаттар
үшін командалық жұмыс, үнемі оқыту, еңбек жағдайларына назар
аудару, табыстылықтар мен жетістіктерді мойындау – Университет
мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі факторлары.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Жоғарыда келтірілген білім сапасының анықтауын салыстыры-
ңыз. Осы анықтамалардың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетіңіз.
Осы терминнің өз дефиницияңызды тұжырымдаңыз.
2. Сапаның философиялық жəне «өндірістік» түсінігін
салыстырыңыз. Жалпы жəне əртүрлі сипаттамаларын айырыңыз.
3. TQM қағидаттары туралы мəліметтердің негізінде (1-Қосымша
материал) олардың білім саласында пайдаланылу мүмкіндігін
негіздеңіз. Осы қағидаттарға сəйкес қызметті ұйымдастыру білім беру
қызметтерінің сапасына, білім алушылардың БЕД сапасына қалай əсер
ететінін қадағалаңыз.
4. Сапа менеджментінің жүйесінің, Негізгі ережелері жəне сөздіктің
стандарттары ережелеріне сай:: ISO 9000:2008. 21 б. стандартының
қағидаттарына сəйкес (2 ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫН қараңыз) білім
беру мекемесі өнімінің қайсысы: қызметтерге, бағдарламалық құралдарға,
техникалық құралдарға, өңделетін материалдарға жататынын анықтаңыз.
5. Қандай да болсын өнімді осы санаттардың біріне жатқызғанда
қай элемент басымдылықта болады?
6. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сапа саласындағы саясатының
тұжырымдамасын басқа ЖОО-ның ұқсас құжатымен салыстырыңыз
(2-Қосымша материал). Жалпысын жəне əр түрін табыңыз.
7. Осы білім беру мекемесінің сапа саласындағы саясаты ондағы
оқу-тəрбие үдерісінің ұйымдастырылуына, студенттердің оқуы мен
тəрбиесіне тиімділігіне қалай ықпал ететінін анықтаңыз.
1.6. Білім берудің мемлекеттік стандарттары – білім саласындағы
басқарудың нормативтік базасы
Сапаның талап етілетін ұғымы жəне оның сипаттамала-
ры нормативтік құжаттарда көрсетілген. Осы құжаттар бойынша
120
материалдық жəне рухани өндіріс саласында қызметтер жүзеге асыры-
лады. Стандарттар осындай құжаттардың бір түрі болып табылады.
Стандарттардың барлық саладағы негізгі қызметі – қоғам
қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгіленген сападағы жəне
қасиеттердегі адамдардың өнім өндіруге бағытталған қарым-қаты-
настары мен қызметін ұйымдастыру жəне реттеу. Стандарттау сала-
сында халықаралық (ХС), өңірлік (ӨС), ұлттық/ мемлекеттік (МемСТ),
салалық стандарттар (СС), кəсіпорындар стандарттары (КС) болады.
Терминология, өлшемдер мен параметрлер, нормалар, техникалық
шарттар, қызметтер, ережелер жəне басқалары стандарттау нысанда-
ры бола алады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
ерекшелігі – бір жеке саланың қызметін реттегенмен, ол салалық бол-
май, мемлекеттік стандарт болады.
Білім берудің стандарты деп білімділіктің мемлекеттік нормасы
ретінде қабылданатын, қоғамның қажеттілігін көрсететін жəне нақты
жеке тұлға мен білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін есепке алатын
негізгі параметрлердің жүйесін айтамыз. Білім берудегі стандарт-
тау білім беру сапасына деген қойылған нормалар мен талаптарды
ұйымдастыру жəне реттеу үшін көзделген [75, 207 б.].
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 56-бабында
«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында
«1. Қазақстан Республикасында əрбір білім деңгейі бойынша:
1) білімнің мазмұнына;
2) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең
көп көлеміне;
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы
талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары, меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан,
барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті» деп айтылған.
Дер кезінде білім беру стандарттарын енгізу білім мекемелері
типтерінің алуан түрлілігімен сипатталатын білім кеңістігінде бірыңғай
міндетті нормаларды (ең аз талаптарды) беру қажеттілігінен туындаған.
Стандарттарды нормативтік құжаттар ретінде енгізу, анархия мен
жағымды өзгерістердің жағымсызға айналып кетуіне жол берместен,
мектепті демократияландыру үдерістерін реттеуге, білім қызметтері
тұтынушыларының барлық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету-
ге мүмкіндік берді. Білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асырудың кепілі
бола тұрып, білім беру стандарты оқу материалдарының құрамы мен
мөлшерін, əсіресе, оқыту əдістері мен түрлерін қатаң шектемейді.
121
Білім беру кеңістігінде стандарт келесі қызметтер атқарады:
– азаматтардың толыққанды білім алуға деген құқықтарын
қамтамасыз ету;
– мемлекеттің білім беру кеңістігінің біртұтастығын сақтау.
Стандарт білім беру жүйесі мен оқыту мекемелері типтерінің алуан
түрлігінде білім жүйесін тұрақтау механизмі болып табылады;
– білім беруді адамгершілікке баулу;
– білім беру сапасын арттыру;
– межелік-бағалық;
– білім беруді басқару.
Стандарт жəне оған енетін ақпарат білім беру мекемелері
қызметтерінің барлық жақтарын жəне онымен басқаруды
регламенттейді. Осылайша, мысалы, оқыту пəндері жүйесінде, оларды
зерттеу реттілігінде айқындалған білім беру мазмұны педагогтардың
кəсіби биліктеріне деген талаптарды, əдістемелік жұмыстардың бағыты
мен мəндерін, оқыту жүктемелерінің параметрлерін анықтайды. Соны-
мен, білім беру мекемесінің осы салаларын басқару, ең бірінші кезекте,
МемСТБ-ге сəйкес жүзеге асырылады.
Оқушылар мен тəрбиеленушілердің оқу жүктемелерінің ең көп
мөлшердегі сипаттамалары оқу үдерісінің ұйымдастырылуын, бүкіл
мектеп жұмысының, оқушылардың, педагогтар мен жетекшілердің
жұмыс істеу кестесін қалыптастырады. Стандартта білім беру
сапасының межелері белгіленгендіктен, осы негізде білім беру сапа-
сын бақылау басталады. Ол білім мекемелерінің аттестатталуы мен
аккредиттелуін, мектепалды білім беру мекемелері тəрбиешілерінің,
орта жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің, орта жəне жоғары
кəсіби мектептер оқытушыларының педагогикалық қызметтерін
бағалауды қамтиды.
Оқушыларды дайындау деңгейлеріне қойылатын талаптарына бай-
ланысты МемСТБ ақиқат өлшемдер жүйесі білім беру мекемесіндегі
істердің шынайы жағдайлары жайлы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды
жəне осының негізінде барлық деңгейлерде дəлелденген басқарушылық
шешімдер қабылданады.
Демек мемлекеттік білім стандарттары білім беру сапасын басқару
жүйесін əзірлеуге қажетті база құрайды.
МемСТБ мəліметтері мектепалды деңгейден бастап жоғары оқу ор-
нынан кейінге дейін, яғни білім берудің барлық деңгейі үшін əзірленген
[43].
Білім беру стандарттары пайда болғанға дейін, білім беруде нор-
малаушы рөлін атқарған МемСТБ өздерінің басқару қызметтерінде
оқулықтар жəне оқу жоспарларынан несімен ерекшеленеді?
Достарыңызбен бөлісу: |