107
нəтижелер, жұмсалған ресурстар [3], үлгерім, дағдылар, проблемалар-
ды шешу, командада жұмыс істеу, өзін-өзі оқыту жəне т.б. бойынша
қажетті ақпараттарды ұсынуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде педагогтарды олардың
əріптестерінің озық тəжірибесімен таныстыру туралы ақпарат беру
мəселесі тұр. Озық /инновациялық/ тəжірибенің таралуы қиын, себебі
ол инттелектуалдық сипатта болады жəне нақты педагогтың жеке
ерекшеліктерімен жəне практикалық тəжірибесімен тығыз байланыс-
ты болады. Көбінесе автордың да өзінің инновациясының иннұсқалық
мəнін бөле алмайды, ал «мен сияқты жаса» кеңінен таралған қағидат
педагогтардың жеке ерекшеліктері, білім алушылардың ерекшеліктері
айырмашылықтарының, педагогикалық жағдайлардың бірегейлігінің
арқасында жүзеге аспайды. Жиі жағдайда оқытудың кейбір
инновациялық тəсілдері жəне əдістерімен байланысты педагогтің
əрекеттері туралы ақпарат қабылданып игеріледі. Оқу-тəрбие үдерісінің
əртүрлі аспектілерін қамтитын жүйелі тəжірибе туралы ақпаратты тал-
дау, қабылдау жəне енгізу қиынырақ.
Қазіргі таңда педагогтарды ақпараттандыру, инновациялық
тəжірибені тарату жеке мекемемен қатар, білім беру жүйесінде де за-
манауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен
тиімді жүргізілуі мүмкін.
Қалалық білім бөлімінің жəне қалалық ресурстық орталықтың
біріккен межелерінің негізінде қызмет ететін Өскемен қаласының
білім беру порталында мұғалімдер мен оқушылар үшін білім беру
қызметтерінің кең спектрі, педагогтардың даярлауы мен қайта даярла-
уы, мұғалімдердің кəсіптілік байқаулары, ғылыми-тəжірибелік конфе-
ренциялары жəне т.б. жүзеге асырылады (Д Қосымшаны қараңыз). Пор-
тал жұмысының арқасында педагогтардың, басшылардың, əдістемелік
органдардың қызметкерлерінің кəсіпқойлық дайындығы жоғары тиімді
дəрежеде жүргізіледі. Осының нəтижесінде мектеп мұғаліміне, мектеп
менеджеріне əртүрлі көптеген кəсіби қызметтеріне қажетті пайдалы
ақпараттар беріледі.
Дəстүрлі қөзқарастардың жəне заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың оңтайландырыла бірігуі
синергетикалық əсерді қамтамасыз етеді. Мысалы, Өскемен
қаласының білім бөлімінің қалалық əдістемелік кабинеті жұмысын
жаңа бастаған мектептің оқу меңгерушісінің қала мектептерінің база-
сында тыңдаушылары үшін тəжірибелі оқу меңгерушілерімен əртүрлі
«нақты» əдістемелік іс-шараларды (педагогикалық жəне əдістемелік
кеңестер, əдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдердің шығармашылық
топтарының отырыстары жəне басқалар) өткізуін көздеген.
108
Білім беру мекемесі қызметінің тəжірибесіне ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу, оның алдына шешімін
талап ететін жаңа проблемаларды қояды. Білім беру мекемесінің
ақпараттық қауіпсіздігі, құпия ақпаратты сақтау (психологиялық
диагностикалардың деректері, бақылау-өлшеу рəсімдердің мəліметтері,
əртүрлі сипаттағы ақпарат жəне басқалар), оны білім беру үдерісінің
қатысушыларына қарсы пайдаланбау өте маңызды. Интернет
желісінде орналасқан педагогтардың көптеген авторлық əзірлемелері,
олардың дидиактикалық материалдары кез келген адамға қолжетімді
болғандықтан, зияткерлік меншікте авторлық құқықтардың сақталуын
қамтамасыз ету де маңызды.
1.4.6- ТАРАУҒА ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Менеджерлердің үш типі бар. Алғашқылары, өздеріне
бағыныштылар ойымызды өздері-ақ оқиды деп оларға еш ақпарат
бермейді. Екіншілері, телепатия жоқ, ал бағынышты адамдар тек өз
жұмысын атқаруға жəне сұрақтарды аз қойып, аузын берік ұстау ке-
рек деп біледі. Тек үшіншілері, менеджер білетін ақпарат тек оған ғана
емес, сонымен бірге оның барлық бағынышты адамдарына маңызды
екендігін түсінеді.
Мен жұмыс істеген барлық компанияларда кері байланыспен
үлкен проблема бар (менің ойымша, əлі де бар). Əрине, істің барлығы
нақты адамдарда. Кейбір менеджерлерде туа біткен коммуникативтік
қабілеттер бар, басқалары болса кері байланыс не үшін керектігін
біледі. Бірақ қалғандары ...
<...>
Қорытындылар.
Кері байланыс өте маңызды.
Кері байланысты бірден беру керек керек. <...>
Өздеріңіздің қызметкерлеріңізге оларды не үшін
марапаттайтындарыңызды айтыңыз. <...>
Өсектер сіздердің компанияларыңызды құлатуы мүмкін. Бұған жол
бермеңіз – өздеріңіздің адамдарыңызды хабардар етіп отырыңыз.
Давыдов С. Не мешайте мне работать
// (motivateme.ru/book).
109
1.4.6-ТАРАУҒА СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Қатынасу құрылымында қандай тараптар бөлінуде?
2. В. А. Якуниннің пікірі бойынша, ақпарат басқаруда қандай рөл
атқарады?
3. Басқару сапасы үшін еркіндік дəрежелерінің шектеуі жəне
олардың біреуін таңдау қандай мəнге ие?
4. Коммуниканттар мен реципиенттер əлеуметтік коммуникацияда
қандай мақсаттарды ұғына отырып қудалайды?
5. Осы мақсаттарды сипаттаңыз. Қатынасудың əртүрлі салала-
рында олардың белгіленуінің ерекшеліктерін қараңыз: 1) тұрмыстық
қатынаста, 2) оқу үдерісінің аясындағы қатынаста, 3) кəсіптілік
қатынаста.
6. Оқушылар мен педагогтарды психологиялық диагносттау
нəтижесінде мектеп психологы алған ақпараттар мектепті басқаруда,
оқу-тəрбие үдерісін жетілдіруде қалай қолданылуы мүмкін?
1.4-ТАРАУҒА СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Б Қосымшасында педагогикалық кеңес қызметінің типтік
ережелерін зерделеңіз. Оның жұмысында мектепті басқарудың негізгі
жəне қосалқы функциялары қалай жүзеге асырылатынын сипаттаңыз.
2. Əдебиет бойынша оқушының құзыреттіліктерімен (оның
ішінде өзіндік менеджмент құзыреттіліктерімен) танысыңыз. Осы
материалдың негізінде оқу үдерісінде менеджменттің жоғарыда
сипатталған функцияларын жүзеге асыратынын, өз оқу қызметімен
басқаратынын ашыңыз.
3. Автордың басшылығымен мектептердің оқу меңгерушілері үшін
дайындалып жүргізілген семинарда Өскемен қаласының №42 орта
мектеп директорының орынбасарлары менеджменттің əртүрлі əдістері
бойынша материалдар ұсынған болатын (2-кестені қараңыз). Осы мате-
риалмен танысыңыз, əр функцияға қатысты менеджменттің бір əдісін
таңдаңыз. Əдістердің мəнін жəне оларды жүзеге асыру техникасын
ашатын хабарламаны дайындаңыз.
4. Сіз менеджменттің (өзіндік менеджменттің) қандай əдістерін
игергеңізді анықтаңыз. 5-кестенің мысалы бойынша кесте құрыңыз,
сіз қолдана алатын əдістерді сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |