Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет65/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95

204
барлық субъектілермен бәсекелесуші жақ болып табылады.
Осы  заманғы  нарықтың  үшінші  белгісі  –  субъектілер 
арасындағы  қатынастың  интеграция  негізінде  тұрақтануы.  Нарық 
–  бұл  кәсіпкерлердің  және  басқа  да  экономиканың  егеменді 
субъектілерінің  серіктестік  сахнасы.  Сонымен  бірге,  іскерлік 
қатынас  субъектілерінің  бәрі  де  экономиканың  бір  қолға  өтуіне, 
яғни экономиканың монополиялануына қарсы.
Нарық тетігі
Барлық дербес қабылданған шешімдерді үйлестіруді нарық тетігі 
жүзеге асырады. Оны нарықтың жүрегі деп атайды. Ол жекелеген 
шаруашылық субъектілердің шешімдерін бір-біріне қалай жеткізуді 
қамтамасыз етсе, әрі солай баға және бәсекелестік жүйелері арқылы 
оларды байланыстырады.
Баға  тұтынушылардың  да,  өндірушілердің  де  нарықтағы 
жағдайы  туралы  ақпарат  беретін  дабыл  сияқты.  Ол  шаруашылық 
жүргізуші  субъектілердің  жеке  мүдделерін  көздей  отырып,  өз 
таңдауларын  «салыстыруға»  мүмкіндік  тудыратын  маяк  қызметін 
атқарады.  Баға  арқылы  сансыз  (саны  көп  деген  мағынада  –  ауд.) 
жекелеген экономикалық шешімдер жиынтықталып теңгерімделеді.
Баға  батыстық  экономикалық  әдебиеттерде  ұйымдастырушы 
күш ретінде қарастырылады.
Нарықтық тетікте бәсекелестік айрықша рөл ойнайды. Ол жеке 
мүддені  тежеп  ұстайды,  оны  (жеке  мүддені)  қажетті  тауарлардың 
қоғамдық  өндірісіне  бағыттап  отырады.  Бәсекелестік  міндетті 
түрде  шектеулі  ресурстардың  толық  әрі  тиімді  пайдаланылуына 
жол ашады. Ол тұтынушыға қажетті өнімді де өндіретін әрі тауар 
өндірушілердің өзіне де пайда әкелетін салаларда жүзеге асады.
Пайдалылығы жоқ, яғни өзіне пайда түсіре алмайтын кәсіпорын 
сирек ресурстарды алу мүмкіндігінен айырылады.
Бәсекелестікті  нарықтық  экономикада  негізгі  реттеуші  және 
бақылаушы күш деп атайды.
Нарықтың артықшылықтарына жататындар:
1) ресурстарды тиімді бөлу – нарық ресурстарды қоғамға қажетті 
тауар өндіретін өндіріске бағыттайды;
2) ақпараттар өте жеткіліксіз болғанда оның сәттілік тудыратын 
мүмкіндігі – баға және өндіріс шығындары туралы мәліметтердің 
өзі өндірістің, яғни кәсіпорынның белгілі бір бағыт алуына жетіп 


205
жатыр;
3) өзгерген жағдайға жоғары бейімділігі, икемділігі;
4) ЖТР (жаңа тауарлар, жаңа технология және т.б.) нәтижелерін 
ұтымды пайдаланады;
5)  тұтынушылар  мен  кәсіпкерлердің  еркін  әрекет  етуін  және 
оларға таңдау еркіндігін тудырады;
6)  әр  қилы  қажеттіліктерді  қанағаттандыруда,  тауарлардың 
сапасын көтеруде, теңсіздікті жылдам түзеуге қабілетті болады.
Нарықтың  жағымсыз  сәттері  де  бар.  Оны  абсолютті  мінсіз 
етіп  көрсетуге  болмайды,  өйткені  нарықтық  экономика  тұтас 
экономиканың өзі емес қой. Оның жағымсыз жақтарына мыналар 
жатады:
- ұдайы өндірілмейтін ресурстарды сақтауға қабілетсіз болады;
-  қоршаған  ортаны  қорғаудың  экономикалық  тетігіне  ие 
болмайды; тек заң актілері ғана кәсіпкерлерді экологиялық жағынан 
таза әр қилы өнімдердің өндірісіне қаражат қосуға мәжбүрлейді;
-  бүкіл  адамзатқа  тиісті  ресурстардың  пайдалануын  реттей 
алмайды. Мысал ретінде мұхиттағы балықты айтуға болады;
-  ұжымдық  пайдалануға  жататын,  яғни  ұжым  пайдаланатын 
тауарлар  мен  қызмет  өндірісінің  ынталандыруын  тудырмайды 
(жолдар, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.);
- еңбек пен табыс құқығына кепілдік бермейді, табыстың қайта 
бөлісін қамтамасыз етпейді;
-  нарықтық  экономиканың  көптеген  көрсеткіштері  ғылыми 
жетістіктерге  тәуелді  болса  да,  іргелі  ғылыми  зерттеулерді 
қамтамасыз етпейді.
Жоғарыда аты аталған мәселелерді шешу мемлекеттің айрықша 
құзіреті болып табылады.
Өнеркәсібі  дамыған  Батыс  елдерінің  осы  заманғы  нарықтық 
экономикасы былайша сипатталады:
- жаппай өндірістің тауарлары мол, белгілі бір сатып алушылар 
тобының  қажеттіліктерін  қанағатандыру  қатаң  бағыт  алған,  яғни 
алдыңғы қатардағы мәселе болып табылады;
-  тұтынушылардың  ең  күрделі  сұрау  салуына,  яғни 
тұтынушылардың  ең  биік  деңгейдегі  талғамына  жауап  бере 
алатындай өндіріс бейімділігі, икемділігі тән;
-  фирманың  мақсатты  қызметі  өзгеріп  тұрады.  Фирма  өзінің 
қатаң  бәсекелестікке  төтеп  бере  алатын  қабілетін  сақтау  үшін 


206
мыналарға  мүдделі:  нарықты  кеңейту,  нарықты  түрлендіру,  өнім 
сапасын арттыру және шығынды азайту;
-  кәсіпкерлік  қызметтің  формалары  өзгеріп  отырады.  (Шағын 
бизнес  –  икемді,  ұтқыр,  тұтынушылардың  сұрау  салуына  қарай 
жылдам әрекет ете алады);
-  осы  заманғы  нарықтық  экономикада  фирманың  меншігі 
мен  басқару  ісіне  жалдамалы  жұмысшыларды  қатынастыруды 
ұйғаратын жаңа типті еңбек қатынастары қалыптасып келеді.
Менеджмент және бәсекеге 
қабілеттілік жетістігі
Біз  бәсекелестік,  бәсекелестік  күрес,    бәсекелестік  нарығы 
секілді  терминдерді  әдетте  жиі  ұшырастырып  жүрміз.  Оларға  әр 
түрлі мағына беріліп жүр. «Экономикс» курсында бәсекелестік күрес 
және  бәсекелестік  нарығы  ұғымдары  бөліп  көрсетіледі.  Мұның 
біріншісіне  жекелеген  фирмалардың  нарықта  қалай  әрекет  ететін 
тәсілі жататын болса, екіншісі – фирмалардың қызметі мен қалай 
әрекет  ететініне  өз  әсерін  тигізетін  кез  келген  тауар  нарығының 
барлық  аспектілерін  қамтитын  нарықтық  құрылымға  қатысты 
(фирманың  саны,  өндіріс  технологиясы,  сатылатын  тауардың 
типтері және с.с. аспектілер).
Нарық бәсекелестігі жекелеген фирмалардың нарыққа ықпал ету 
қабілетімен анықталады, яғни фирма өз өнімін өткізуге мүмкіндік 
беретін  жағдайға,  ең  алдымен  ондағы  (нарықта  үстемдік  еткен) 
баға әсер ете білуі керек. Жекелеген фирмалар өз өнімдерін сатуды 
жүзеге  асыратын  нарыққа  неғұрлым  әсер  ететін  болса,  нарық 
соғұрлым бәсекелестікке толы болады.
Нарық  бәсекелестігінің  ең  жоғары  деңгейінде  жекелеген 
фирмалардың  нарыққа  әсері  жүрмейді.  Бұл  жағдайда  тауар 
нарығында  көптеген  фирмалар  әрекет  ететіндіктен,  олардың 
ешқайсысы  да  тауар  бағасына  әсер  ете  алмайды  әрі  қалыптасқан 
бағаны  нарықтың  сұранысымен  және  ұсынысымен  анықталған 
шама  ретінде  қабылдайды.  Мұндай  нарық  бәсекелестігі  жетілген 
нарық деп аталады.
Жетілген бәсекелестік жағдайында әрекет ететін фирмалар өзара 
бәсекелестік күрес жүргізе алмайды.
Егер  жекелеген  бір  фирма  өз  өнімінің  сатылу  жағдайына 
(ең  алдымен  бағаға)  әсер  ете  алатын  болса,  онда  мұндай  нарық 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау