219
және орналастырушы (беруші жақ) елдің ақша нарығындағы
ерекшеліктеріне қарай сараланады:
- осы елдердің салық заңдары мен валюталық реттеуі;
- валюталық-қаржы жағдайы және олардағы валюталық
бағамның динамикасы.
Қаржы саясатын жасауда фирма ішіндегі қаржы ағынын реттеу
үлкен рөл атқарады.
Табысты шоғырландырып (бір орынға жинақтап) ұстау қағидасы
әлдеқайда икемділік танытады әрі тұтастай нарықтың нақты
жағдайына қаржы саясатының жақсы бейімделуін қамтамасыз
етеді. Бұл жағдайда фирма пайданы барлық еншілес компанияларға
аударуда бір ғана ережені ұстанбайды.
Қаржы саясатының маңызды құралына ҰАК-ның барлық
бөлімшелерін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету
жатады. Фирманың ішкі қаражаты да, қаржыландырудың сыртқы
көзінен алынған қаражат та оның қаражат көзі бола алады.
Қаржыландырудың ішкі көзі амортизациялық аударымдарды,
бөлінбеген табысты шоғырландыру жолымен, сондай-ақ қарыз
және несие алу арқылы қалыптасады.
Қаржыландырудың сыртқы көзі – бұл коммерциялық банктерден,
арнайы қаржы мекемелерінен (даму агенттіктері, қорлар және т.б.),
халықаралық қаржы ұйымдарынан, акцияларды сатудан алынған
несие және қарыз.
Фирманың қаржы көздеріне қатысты қаржылық саясатты әзірлеу
барысында әр түрлі қағидалар мен бағыттар пайдаланылады:
- ішкі қаржыландыру көздерін ең көп шамада пайдалану (өзін-
өзі қаржыландыру);
- орналастырушы елден алынған қаражатты шектеу және
қабылдаушы елден негізінде қарыз түрінде алынған қаржы
ресурстарын барынша көбейтуге талпыну;
- қабылдаушы елдің өз ішінде әр түрлі қаржы көздерін ең көп
шамада пайдалану және халықаралық банктерден қарызға қаражат
алу;
- ішкі фирмалық қаржыландырудың маңызды аспектісі –
қаржыландырудың (қарыз немесе несие), оның көздері мен
шарттарының сипатын анықтау.
Фирма ішіндегі қаржылық қызметте ілік-шатыс, яғни іліктес
немесе сабақтас компаниялар ұсынған қарыз және несие бойынша
220
төлемдердің, лицензия, техникалық және басқа қызметтер бойынша
төлемдердің деңгейін анықтау елеулі рөл атқарады.
29. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
Әлеуметтік-психологиялық
әдістердің жалпы сипаттамасы
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды
қалыптастыру әрі дамыту үрдісіне, олардың өз араларындағы
әлеуметтік үрдістерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерін
білдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең
әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты
үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке
тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек
етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын
өзінің мотивациялық сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама
адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына
бағдарланған себептерді көрсетіп береді.
Әлеуметтік-психологиялық
әдістері
рухани
мүддеге
(қажетті¬лікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады.
Әлеуметтік мотивация саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және
басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық
және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс
болады. Әлеуметтік мәселерді шешіп алмайынша еңбекке деген
дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу
мүмкін емес.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін
қалай ұғуға болады?
Өндіріс ұжымы – бұл қоғамның пайдасы үшін бірігіп қызмет
ететін, ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын біріктірген, бәрі біреу
үшін, біреу бәрі үшін жауап беретін, бір ұйымға жұмыс істейтін
адамдардың жиынтығы.
Өндіріс ұжымы – бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек жай
ғана бас қосуын білдірмейді. Ол жекелеген жұмыскерлер мен
олардың топтары арасындағы тұрақты әрекет ететін экономикалық,
221
өндірістік-техникалық, өнегелік, мәдени, тұрмыстық өзара
қарым-қатынастарының күрделі жүйесіне негізделген бірлестікті
білдіреді. Бұл өзара қарым-қатынас ұжымның ресми және бейресми
құрылымдарында көрініс табады.
Ресми құрылым ұжымда ресми түрде анықталып, заңмен,
міндеттемелермен, өкілеттіліктермен және жауапкершілікпен
бекітілген адамдардың байланыстары мен қатынастарын
бейнелейді.
Бейресми құрылым жақсы көру, жек көру, мінез ұқсастығы,
ортақ мүдде, өзара түсіністік негізінде қалыптасатын байланыстар
мен қатынастарды бейнелейді. Бейресми қатынастың негізінде
ұжымды шағын топ (он адамға дейін) пайда болады. Шағын топ
аз уақытқа немесе ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, бұл шағын топ
ұжымның басқа да мүшелеріне жайдары қабақ танытуы (ашық)
ықтимал немесе өздерімен өздері (тұйық) қалуы да мүмкін.
Екі құрылым да ұдайы әрекет үстінде болмақ.
Басқарудың әлеуметтік әдістері
Әлеуметтік әдістер әр қилы әдістердің кең спектірін қамти
алады:
- әлеуметтік нормалау;
- әлеуметтік-саяси;
- әлеуметтік реттеу;
- әлеуметтік бастама;
- моральдық ынталандыру.
Әлеуметтік нормалау әдістері әр түрлі әлеуметтік нормаларды
енгізу жолымен ұжым және жекелеген жұмыскерлер арасындағы
әлеуметтік қатынасты оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға
ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр түрлі кодекстер, өндірістік
әдеп ережелері, тәртіпке шақыру формалары жатады.
Әлеуметтік-саяси әдіс – бұған қоғамдық ұйымдардың ықпал ету
әдістері кіреді (үгіт-насихат, сендіру, басқару ісіне қатыстыру және
т.б.).
Әлеуметтік реттеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың, топтардың,
тұлғалардың мүдделері мен мақсаттарын анықтау және реттеу
жолымен әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, үйлестіруде
пайдаланылады.
Моральдық ынталандыру әдістерін өз қызметтерінде жоғары
Достарыңызбен бөлісу: |