128
мүддесін қорғауға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануда. Оларға
мыналар жатады, мысалы:
- халықтың және зейнетақы қорларының ақшалай салымын
1999 ж. теңгенің құбылмалы бағамын енгізу кезінде құнсызданудан
қорғау мақсатымен теңгелік депозиттерді айырбастау (конвертация)
(бір валютаны қолданыстағы валюталық бағам бойынша басқасына
айырбастау; қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі);
- депозиттердің (оның ішінде заттай және талап етілгенге)
кепілді міндетті
сақтандыру қорының пайда болуы;
- 2000 ж. наурызында «ҚР банк құпиялары мәселелері жөніндегі
кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» ҚР Заңын қабылдау.
Коммерциялық банк стратегиясын құрудың типтік сызбасына
мыналар кіреді:
а) жалпы мақсат;
ә) уақытша ауқым;
б) стратегиялық бағдар: банктің болашақтағы рөлі; басқару
міндеттері;
в) банк жағдайын талдау: банк мәртебесін бағалау; бәселестік
ұстаным; тұтынушылармен қарым-қатынас;
қаржылық жағдай;
г) іс-әрекеттің жаңа ауқымын игеруде артықшылықтарды
анықтау: жаңа қаржылық қызмет көрсету; жаңа қаржылық құралдар;
жаңа тұтынушылар;
ғ) жаңа
өндірісті құру жоспарын жасау;
д) нақты каржылық міндеттерді анықтау;
е) банктік
әлеуеттің дамуы;
ж) стратегиялық жоспарлау мен жедел жоспарларды үйлестіру;
з) қосарланушы талдау жүргізу.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын басқаруға
мыналар кіреді:
1) несиелік қатынастар технологиясы;
2) несиелік тәуекелділік.
Коммерциялық банктің пайдасын басқарудың құрамдас
элементтері – бұлар:
-
банк кірістерін басқару;
- банктің таза табысын қалыптастыруды бақылау;
- сандық және сапалық тұрғыдан алғанда банктің табыстылығы
мен
таза табыс деңгейін бағалау;
129
- банктік өнім мен көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау.
Коммерциялық банктің өтеу алатындығы (өтемпаздығы) оның
іс-әрекетіне берілетін сапалық сипаттама болып табылады. Ол
коммерциялық банктің активтерді ақшалай қаражатқа уақтылы
және шығынсыз есебінен салымшылардың қажеттілік-тілектерін
қанағаттандыруға қабілеттілігін көрсетеді.
Құнды қағаздар стратегиялық
менеджмент институты ретінде
Құнды қағаздар экономикалық категория ретінде – заңды
мәртебеден гөрі, оның мүліктік жағдайына байланысты ерекшелікті
әмбебап тауар, оны қарызға алып немесе инвестициялайтын иесі
кәсіпкерлік кіріс (дивиденд немесе пайыз) алу мүмкіндігіне ие
болады.
Құнды қағаздардың экономикалық рөлі – ұдайы өндірістік
процестерді қаржыландыру үшін ұсақ жинақтарды шоғырландыру
жолымен ірі инвестиция жасауда. Бұл орайда жекешелендіру
құнды қағаздардың функционалды бағытталуын ерекше айқындап,
олардың кейбірін алдыңғы қатарға шығарады.
Елдің секъюритизациялау (бағалы қағаздарды несие
капиталының жанама құралы ретінде пайдалану барысын
кеңейту, сондай-ақ басқа құралдарға бағалы қағаздарға тән нысан
беру) саясатын (тікелей банктік мемлекеттік бюджетті үкіметтің
борыштық міндеттемелерімен ауыстыру, оларды коммерциялық
банк және басқа инвестор арқылы сату) жүргізу бағалы қағаздар
нарығын одан әрі дамыту үшін объективті алғышарттар жасайды.
Нарықты өнеркәсіптік, көліктік, құрылыстық және аграрлық
кәсіпорындардың ақцияларымен толтыру, инвестициялық сапасы
жағынан ең жақсы бағалы қағаздарды іріктеу, капиталдың
материалдық өндіріс саласына іс жүзінде қайтадан құйылуы –
өркениетті елдердегі қаржы нарықтарының біртұтас жүйесін
қалыптастыру жолы осындай.
Құнды қағаздың төрт бағасы бар: атаулы (номиналды);
баланстық; жойылу; биржалық және биржадан тыс айналымдағы
бағамдық.
Стратегиялық менеджментте және әсіресе тәжірибеде құнды
қағаздардың жіктелімдік белгілері маңызды рөл атқарады. Бұл
жіктелім мынадай түрмен ұсынылады: