Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет43/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95

134
күйі мен табиғат ерекшеліктері;
2)  адамдардың  еңбек  қызметіне  қатысуы,  бұл  қатысудың 
белгісіз және тәуекелге бел буатын сипаты (жарақаттану, мүгедектік, 
кәсіби аурулар);
3)  өндірістің 
жайсыз 
табиғи-климаттық 
жағдайлары 
(құрғақшылық, суыту және т.б.);
4)  табиғи апаттар (жер сілкіністері, су тасқыны, дауыл, құйын 
және т.б.);
5)  авария  мен  кездейсоқ  апаттар  (жарылыстар,  күйреп-қирау, 
өрт);
6)  әр  түрлі  ахуалдан  туындайтын  халық  шаруашылығы 
құрылымының  бұзылуы  (дағдарыс,  күйзеліс,  шиеленісу  жағдайы 
және т.б.).
Бұл жағдайлар негізінде адам мен табиғат арасындағы объективті 
қарама-қайшылықтарды  туғызады.  Бұл  жағдайлардың  жағымсыз 
салдарларынан сақтау, қорғау қажеттілігі пайда болады. Сонымен 
қатар,  осы  құбылыстардан  болатын  шығынды  өтеудің  қажеттілігі 
объективті түрде пайда болады. Сақтандыру стратегиясының мәні 
осында.
Кейбір  адамдар,  тауар  өндірушілер,  жалпы  қоғам  табиғи-
заттық  қорлар  да,  азаматтардың  жекелеген  категорияларының  әл-
ауқатын немесе тіршілік қам-қарекетін қолдау, өндіріс процестерін 
жалғастыру  мақсатымен  ақшалай  ресурстар  да  кіретін  міндетті 
қаржы-құралдары болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражат резервтік 
және сақтандыру қорлары ретінде пайда болып, қалыптасады.
Белгісіз  ахуалдар  туғызған  экономикалық  қатынастар 
сақтандыруды дербес категорияға бөлуге себепші болады.
Бұл категорияның басқа құндық категориялармен, әсіресе қаржы 
категориясымен көп ұқсастықтары бар, бұған мыналар жатады:

  қатынастардың ақшалай сипаты;

  қайта бөліс процесіне қатысу (жалпы ішкі өнім құны);

  оның  іс-әрекеті  ақшалай  қорлардың  пайда  болуы  мен 
қолданылуына ұласады;

  қатынастардың міндетті сипаттағы кейбір түрі (қаражаттың 
белгілі бір үлесін аудару);

  ақшалай  қорлар  пайда  болып,  қолданылған  барлық 
жағдайларда  қатынастар  баламалы  (эквивалентті)  бола  бермейді 
(қатынастардың баламасыздығы).


135
Нарықтық  қатынастар  қалыптасатын  жағдайларда  бәрінен 
бұрын  сақтандырудың  әлеуметтік  бағытталуынан  байқалатын, 
сақтандырудың даму стратегиясы ерекше мағынаға ие болады. Ол 
адамдардың мүддесін, мүлкін, өндіріс процестерін қорғауға, барлық 
қоғамның  әлеуметтік  қорғалуына  бағдарланған.  Бұл  контексте 
ол  Қазақстанның  барлық  әлеуметтік-экономикалық  дамуына 
бағытталған  әлеуметтік  бағдардағы  нарықтық  экономикасының 
түпкілікті мақсатына сәйкес келеді.
Қазақстандағы сақтандырудың даму стратегиясы. Сақтандыру 
қоғамда іс жүзінде бар өндірістік қатынастарды бейнелей отырып, 
дербес экономикалық категория ретінде көрінеді. Ол бір жағынан, 
жеке  және  заңды  тұлғалар  арасындағы  ұйымдастырушылық 
қатынастардың ерекше тобы, екінші жағынан сақтандыру қызметі 
ұсынылуына  маманданған  ұйымдастыру-шылық  құрылымның 
белгілі  бір  тобы  және  нарықтық  қатынастардың  элементі  болып 
табылады. Экономикадағы нарықтық тенденциялардың дамуымен – 
кәсіпкерлік іс-әрекеттің кеңеюімен – тәуекелділіктің бар болуымен 
–  сақ-тандыруға  деген  қажеттілік  өсе  бастайды.  Сақтандыру 
ұйымдары іс-әрекетінің ауқымына сақтандырудың жаңа объектілері 
мен субъектілері тартылады.
Біздің елімізде 2000 ж. 27 қарашада ҚР Президенті Жарлығымен 
бекітілген  «2000–2002  жылдары  Қазақстан  Республикасындағы 
сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» сақтандыру 
ісіне жағымды әсер етті.
Бұл бағдарламаның мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  мүдделерін  қорғаудың 
нақты құралы болуға мүмкіншілікті қазіргі заманғы, тұрақты ұлттық 
сақтандыру  нарығын  қалыптастыруда,  сондай-ақ  мемлекеттік 
әлеуметтік саясат құрамдастарының бірі ретінде тиімді сақтандыру 
жүйесін құруда.
Бұл бағдарламаның басым бағыттары мыналар:

  ұлттық сақтандыру жүйесі негіздерін жетілдіру;

  сақтандыруды қолдану ауқымын кеңейту;

  сақтандыру өнеркәсібінің инвестициялық әлеуетін белсенді 
қолдану;

  өмір  мен  денсаулықты  сақтандырудың  аннуитеттер 
жүйесін (сақтандыру ісінде рента немесе зейнетақыны сақтандыру 
бойынша  жыл  сайынғы  төлемдер  шамасын  көрсетеді),  басқа  да 


136
сақтандырудың әлеуметтік мәнді түрлерін тездетіп дамыту;

  ұлттық  сақтандыру  нарығының  инфрақұрылымы  мен 
әлеуеті;

  сақтандыру  нарығы  мен  сақтандыру  іс-әрекетін  қадағалау 
және  бірқатар  басқаша  басым  бағыттарды  мемлекеттік  реттеудің 
күшеюі.
Өтпелі  экономика  жағдайында  сақтандыру  институтының 
ерекше мәні бірқатар факторлармен анықталады.
Біріншіден,  сақтандыру  мемлекет  тарапынан  көзделген 
шаралардың  сипаты  мен  ауқымына  қарамастан  халық  пен 
ұйымдардың  әр  түрлі  мүддесін  қосымша  қорғауға  мүмкіндік 
туғызады.
Екіншіден,  қазіргі  жағдайларда  сақтандыру  тетігін  пайдалану 
елдегі кәсіпкерлік қызметтің тездетіп дамуын, Қазақстан экономикасы 
салаларының  ерекшеліктерін,  оның  климатын,  географиялық 
орналасуын,    экология  деңгейін  ескеріп,    қолданылатын  өндіріс 
технологиясын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі  заманғы  сақтандыру  өнеркәсібін  құру  мемлекет  үшін 
мынадай мүмкіндіктер туғызады:

  табиғи-техникалық  сипаттағы  болжанбаған  шығындардың 
орнын  толтыру  жағынан  мемлекет  бюджетке  түсетін  салмақты 
азайту;

  нарықтық экономика қағидаларындағы сақтандыру арқылы 
(зейнетақы жинақтарын төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтқандарға 
немесе  асыраушысынан  айрылғандарға  және  жұмыссыздарға 
арналған  жәрдемақылар,  медициналық  шығыстарды  төлеу) 
әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген мәселелерін шешу;

  халық  пен  ұйымдардың  жинақтарын  ұлттық  экономикада 
ұзақ мерзімді негізде тарту.
Республикада сақтандыру нарығы тұрақты дамып келеді. 2003ж. 
1  қаңтарындағы  жағдай  бойынша  елде  сақтандыру  қызметін  іске 
асыруға құқық беретін лицензияға 33 сақтандыру ұйымдары, соның 
ішінде  1  –  өмірді  сақтандыру  жөнінде,  3  –  резидент  еместердің 
қатысуымен ие болды. 5 сақтандыру брокері қызметін іске асыруға, 
26  актуарийге  (сақтандыру  техникасы  бойынша  мамандар)  – 
сақтандыру  нарығында  актуарлық  қызметті  іске  асыруға  құқық 
беретін  лицензия  берілген.  Қазақстанда  барлық  сақтандыру 
ұйымдарының 280-ге жуық филиалы мен өкілдіктері бар.


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау