119
жасайды.
Қазақстанның инвестициялық қорының міндеті экономиканың
шикізат емес секторында жекеменшік сектордың бастамасын
қаржылай қолдау. Ол үшін қордың кәсіпорындардың жарғылық
капиталында өз үлесі болу керек. Мұндай жағдай инвестордың
жаңа өндірістерді ұйымдастыруға көмек ететінін көрсетеді және
құнды қағаздар нарығын дамытады.
Қазақстан Даму банкі ұзақ мерзімді және орта мерзімді пайызы
төмен несие берумен жекеменшік және мемлекеттік секторды
қолдайды (инфрақұрылымдық жобалар).
Инновациялық қор нарықтың экономиканың венчурлік
функциясын ынталандырады.
Бұл қордың құрылуы инновацияларды енгізу процесінде тиімді
нарықтық механизмнің жоқтығын білдірмей мәселелерді шеше
береді.
Бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан халқына жолдауында жоғарыда келтірілген мәселелерді
шешу үшін жеті басымдылықты көрсетті:
Бірінші басымдылық. Қазақстанның әлемдік экономикаға
ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық
серпілісінің негізі. Бұған мынадай бағыттар кіреді: халықаралық
маңызды «серпілістік» жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту,
әлемдік нарықтың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілеттік
бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру; Қазақстанды
экономикалық жаңарту мен халықаралық нарықтарда бәсекеге
қабілеттігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға (ВТО)
кіру; экспорттық-импорттық несиелеуді дамытуды мемлекеттік
қолдау; ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін
академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру; осы заманғы
және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды
дамыту; табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске
асыру және т.б.
Екінші басымдылық. Қазақстан экономикасын тұрақты
экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту
мен әртараптандыру. Мұның мынадай бағыттарына көңіл
121
салалық және аймақтық бағдарламалар басқару тәжірибесінде
кеңінен қолдануы керек.
18. Қазақстан Республикасының 2020-шы жылға
дейінгі стратегиялық даму жоспары
Бұл жоспардың Қазақстандағы стратегиялық менеджментте
алатын орны ерекше. Бұл республиканың басқару жүйесінде екінші
стратегиялық жоспар.
АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар нарығының құлдырауынан
басталған (2007ж.) қаржы-экономикалық дағдарыс іс жүзінде
әлемнің барлық мемлекеттерін қамтыды. 2009-шы жылдың басында
әлемдік сауда көлемінің өсу қарқыны 50-ден астам пайыздық
тармаққа: жылына 20 пайыздық жылдық өсімінен 30 пайыздық
төмендеуге дейін азайды.
Жаһандық экономиканың дамуын бағалау, оны қалпына келтіру
баяу жүреді дегенге негізделеді.
Таяу он жылдықта азық-түлік қауіпсіздігі әлемдік
қоғамдастықтың үнемі назар аударатын саласы болады.
Ағымдағы жаһандық дағдарыс әлемдік экономикада өзара
байланыстың жоғары дәрежеде болуының да өз кемшілігі бар екенін
көрсетті.
Қазақстанның 2020-шы жылға дейінгі стратегиялық
менеджментінің ерекшеліктері жоспарда көрсетілген түйінді бес
бағытпен сипатталады.
Таяу он жылдықта түйінді бес бағыт мемлекет қызметіндегі
басымдылықтар болады:
1) дағдарыстан
кейінгі дамуға дайындық;
2) инфрақұрылымды индустрияландыру мен дамыту арқылы
әртараптандыруды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты
өсуін
қамтамасыз ету;
3) болашаққа салынған инвестициялар (тұрақты экономикалық
өсуге, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және т.б.);
4) халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй коммуналдық
қызметтермен қамтамасыз ету;
5) ұлтаралық
келісімді,
қауіпсіздікті,
халықаралық
қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Келтірілген түйінді бағыттардың қысқаша сипаттамасы: